Контрольная работа по "Педагогике"
Автор: Ayala005 • Декабрь 24, 2024 • Контрольная работа • 794 Слов (4 Страниц) • 10 Просмотры
Ы.Маманов. Қазақ тіл білімінің мәселелері. | М.Оразов. Қазақ тілінің семантикасы | А. Ысқақов. Еліктеу сөздер туралы | С. Бизақов. Синонимдер сөздігі |
Жымыңдау – Жымыңда етістігінің қимыл атауы; жымың-жымың ету, жымың қағу. Машина заправкаға жетіп тоқтағанда көздерін одан бетер сығырайтып, Ыбырайымға қарап жымыңдауды шығарды (А.Жақсыбаев, Қайырлы таң). «Күлімдеуге болмайды құрдасыңа! Жымыңдауға болмайды ұрғашыға! Әй, қызғаншақ, қызғаншақ біздің қатын!» Дейді еркектің көбісі сырласына (Қ.Мырзалиев, Домбыра.). | Гүрсiлде – Гүрс -гүрс ету, тарсылдау. Г ү р с і л д е п бомба жағалай, Жатқанда жанып қарағай, Жалтарса тайқып кімдекім, Ажалға тура қарамай. Соғыста жүріп, соғыста Болған жоқ, сенбе, сол адам (С.Мәуленов, Алыс кетіп.). Күнбатыстан үсті-үстіне г ү р с і л д е п жарылған снарядтар мен бомбалардың дауысы да естілді (Ә.Шәріпов, Партизан.). Әне тағы г ү р с і л д е п түсті бомба, Қопарылды кәрі емен, солқылдап жер, Қызыл қанға боялды жазғы таңда, Сыр шертісіп, ең алғаш сүйіскендер (Қ.Ұябаев, Отты жыл.). | Дүркіре – 1. Жаяу әскердің кейінгі жақтағылары д ү р к і р е й қаша жөнелді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Шабақтар д ү р к і р е й келіп қашты. Қараса, бір шортан келген екен (Ы.Алтынсарин, Шығ.). 2. Дүр ете түсу, дүрлігу, қопарыла көтерілу. Дәл осы сәтте өзеннің арғы жағалауында д ү р к і р е г е н бір үйір киік көрінді (О.Сәрсенбаев, Сағым). 3. Күркіреу, дүрілдеу, екпіндеу, дуылдау. Кемерінен асқан теңіздің тасқын суы кең жазираға жайыла шығып, д ү р к і р е й жөнелді (А.Сатаев, Дала.). 4. ауыс. Қарқындау, қызу өту, есте қаларлықтай болу. 5. ауыс. Жаппай тез жылжу, толассыз жөңкілу. Қап-қара ауыр бұлттар қара қабандай д ү р к і р е п, дала үстімен көшіп жатыр (М.Жұмағұлов, Қыран). 6. ауыс. Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк д ү р к і р е р (Мақал). 7. ауыс. Әйгілі болу, атақты болып танылу, дәуірі жүріп тұру. Ол кез Әбілдің д ү р к і р е п тұрған кезі. Еліміздің чемпионы. СССР Құрама командасының білдей бір мүшесі («Спорт»). | Гүрілдеу – Гүр-гүр етіп дыбыс шығару. Үй сыртындағы көшеден анда-санда гүрілдеп машина өтіп жатыр (Д. Исабеков). Алатау сілкінгендей дірілдеді, күркіреп күндей күшті күрілдеді (Т. Жароков) |
Қылмыңдау – Қылмыңдау, қылмаңдау, қылмию Қылмың-қылмық ету, күл- меңдеп жағымды көрінгенсу. Екі көзі себепсіз күлімдеп, жем көрген бүркіттей Жөнібекке қылмыңдап қарай береді (Қ. Жұмаділов). Ағай, ертерек білмедік, қан төгіспей-ақ бітісетін едік, - деп арбап, қыл- маңдап келе жатыр еді (3. Ақышев). Студент жігітке ол да қыз көзімен қылмия қарағандай болды (Қ. Жұмаділов). | Тарсылда – е т. Тарсылдаған дыбыс шығару, тарс-тұрс ету. Қатты тепкен кебіс тарсылдап барып, екінші бұрыштағы темір төсекке соқты (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Тарсылдап вагон келе жатыр, айғай көбейе бастады (С.Ерубаев, Менің құрдас.). Енді байқасам, тарсылдатый соққан сағынышты жүрегім қит етсе, жарылып кетерліктей! (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Әйнектей көзі жалтылдап, Жүрегі шошып тарсылдатып, Күймеге мініп түймелеп, Атпен жүрді аршындап (Қамбар батыр). | Сырқыра – Сүйектің шаншып, шағып ауыруы, қақсауы. Клавдия қатты тістеніп, сәл ғана ыңырайды. Көзінен жас та шықпайды. Оң қолының шынашағы с ы р қ ы р а п миын шаққандай (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). е т. Зырқырау, зымырау. Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай с ы р қ ы р а п, Көк бұлттан үзілген (Абай, Тол. жин.). | Икемдеу – Икемдеу, ыңғайлау, оңтайлау, ықшамдау, ебдейлеу Біреулерді бір іске бейімдеу, бір затты ұстауға қолайлы ету, жөнге келтіру . Оқиғаның беталысы бұларды өз ырқына икемдеп, ойынды шынға айналдырып жіберді (Қ. Жүмаділов). Төлеген домбырасын ыңғайлап отырды да, тартатын күйінің тарихын түсіндірді (Ә. Нүршайықов). Мен кетуге оңтайланганда Ғалияш тыпыршып, қалай тоқтатудың амалын таппай састы (Т. Ахтанов). Ол иектегі кішкене сақалды күн сайын тегістеп қырып ықшамдай түсетін еді, бүгін о да қырқылмаған (Б. Майлин). Қу тұяқ, құлан шеке ебдейленіп, Күткендей үлкен жарыс, улы дуды (Қ. Жүмалиев). |
Пысылдау – Пысылда етістігінің қимыл атауы. Нағашымның жүйесі босап, жылап жібергенін мұрнының пысылдауынан сездім (С.Мұқанов. Мөлдір махабб.). | Сатырла – ет. Сатыр-сатыр еткен дыбыс шығу. Дәл бүйірімізден бұтақтың сатырлап сынған дыбысы естілді (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). Ол аз болғандай жан-жақтан мылтықтың затворлары сатырлай жөнелді (Ә.Әбішев, Найзағай). Сатырлап жауын жауа бастады. Ақбас бүкшиіп кетіп барады (Ә.Тарази, Қиян.). Қымызды ішпеуші еді сапырмаған, Жылқыны айдаушы еді сатырлаған. Тимеген мал тұяғы көк шалғынға Жағалай қонушы еді жапырмаған (Кердері Әбубәкір // Қазағым.). | Едіреу – Едірей етістігінің қимыл атауы. Коваленконың маған бұрынғыдай е д і р е й м е у себебін бюро өткеннен кейін білдім ( С.Мұқанов, Есею жыл.) | |
Ыңқылдау – Ыңқылдау, ыңырсу, ыңырану, ышқыну Жаны күйзеліп ыңқ-ыңқ ету, күйзелу. Жарасын ауырлап ыңқылдау деген бұл жігітте мүлде жоқ екен (3. Қабдолов). Жаралы жігіттердің ыңырсыған, ышқына қырылдаған үндері құлаққа шалынады (3. Жәкенов). Науқас адам анда-санда бір қинала ыңыранып қояды (Ә. Нұршайықов). Әлде бір жері ауырып кетті ме, ыңырану мен ышқынудың аралағындағы бір үн шықты (М. Мағауин). | Тырс етті – а) Сырт ете түсті. Есік тырс етіп қайта жабылды (Е.Бекенов, Дала.). Тырс етіп тамған тамшының солқылы – миыңды шақпай кетпейді (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). ә) Қылт ете қалды, шырт етті, ашуланды. Баланың үрген қуықша тырс ете түсуі қызға да ұнамады (С.Баязитов, Күтп. кездесу). Сот ағасы жарылғалы тұрған қауындай тырсиып отыр еді, енді оны тағы да бір шертіп өткенде, тырс ете түсті (С.Бақбергенов, Кентау). | ||
Шытырлау – Шытырла етістігінің қимыл атауы. Қағаз қалай шытырласа, өзі де солай шытырлаумен отыр (Ж.Молдағалиев, Самал.). |
...