«Жібек жолы» романының орыс тіліне аударылу ерекшеліктері
Автор: Мадина Бейбитова • Июнь 26, 2023 • Реферат • 882 Слов (4 Страниц) • 235 Просмотры
«Жібек жолы» романының орыс тіліне аударылу ерекшеліктері
Көркем аударма – тәржіманың ең қиын түрі. Ол тек қана екі тілді жетік білуді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қоса соавтор бола алатын дәрежедегі жазушылық қабілет, түйсік керек. Аудармада тек мағынасын жеткізіп қана қоймай, рухын, даусын, сезімін, автор ұстанымын да ұстай алу маңызды [1].
Көргені мен түйгені мол, қазақ әдебиетінің шын жанашыры, жанкүйері бола білген Г.Бельгер Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Дүкенбай Досжан және тағы басқа қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын орыс тіліне көркем аударумен айналысқан. Г.Бельгер қазақ тілінде де еркін сөйлей де, жаза да алды. «Қазақ тілі үшін барымды беруге дайынмын. Менің рухани тірегім – Абай Құнанбайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезов. Қазақ тіліне үңілген сайын тереңдей түстім», деп ағынан жарылатын қаны неміс, жүрегі қазақ Герольд Бельгердің қазақ тілі, ұлттық бірлік пен татулық туралы айтқан ойлары халқымыздың көңілінен шығып, ұлттық рухымызды көтеруге ықпал етті. Ол шығармашылық өмірінен бөлек қоғамымыздың дамуына көп үлес қосып, елінің лайықты азаматы атанды. Оның білімі ұшан-теңіз еді [2]. Г. Бельгер орыс тілді көркем әдебиеттің арнасына қосқан Д. Досжанның туындысы «Жібек жолы» романы.
Дүкенбай Досжан қолтаңбасының ерекшелігі: дүниені суретпен көреді,
аллегория, шендестіруге жиі жүгінеді. Тіл құнары бай. Көбіне магиялық реализм əдісімен жазады. Кейіпкердің ішкі жан сарайын ашуда– ой ағынына, пəлсапалық түйін түюге, максималистік көзқарасқа басымдықпен қалам тербейді. Көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең. Тіл бояуы кемпірқосақтай. Символға, қиялға еркін тізгін береді. Қара сөзді өрмек тоқығандай кестелей білетін шебер əңгімеші. Тіл ерекшелігі, сөзбен сурет салуы туралы Əбіш Кекілбаевтың«жазушының суретшілдігі басым, сөздің ішіне түсіп жазатын қазбагер жазушы» деген тұжырымы дəл келеді. Астана сəулетшілері, өнер адамдары туралы жаңа шығарма жазу үстінде. Дүкенбай Досжанға оппоненттері күн сайын қаламға жүгінетін... еденге жатып жазатын... қиялынан басы босамайтын... деген жанама анықтауыш есім беруінің астарында шындық жатыр.
Қазақ əдебиетінің классигі – Дүкенбай Досжан қазақ прозасында балшекердей уыз тілді, көркемдік көкжиегі байтақ, дүниені суретпен көретін,
өзіндік орны бар қаламгер. Жазушының «Жібек жолы» романы - тарихи көркем пәлсапалық шығарма. Орыс, украин, неміс, мадияр, моңғол, ағылшын тілдеріне аударылып, жеке кітап болып шықты. Романдағы кейбір сөйлемдердің аударылу ерекшелігіне тоқталсақ.
Түпнұсқа:
Ұшы-қиырсыз Жібек жолының бойымен лықылдай соққан сары жел бір мезет демін ішіне тартқан.
Аударма:
Раскаленный горький ветер, ровно дующий по бесконечному Шелковому пути, на мгновение затаил дыхание.
Түпнұсқа мен аударманы салыстыра отырып, аудармашының жазушы стилін сақтап, түпнұсқаға жақын аударғанын көреміз. Бұл сөйлем калькалау, соның ішінде семантикалық калькалау тәсілі арқылы аударылған. Аталған тіркестегі «сары жел» желдердің сипатына қарай бөлінуіне байланысты мал-жанға жайсыз желдер қатарына жатады. «Лықылда» сөзінің қазақ әдеби тілінің сөздігіндегі бірінші мағынасы – босап кету, солқылдау, екінші мағынасы – шүпілдеп толу.
Калькалау – түпнұсқаның лексикалық бірлігін оның морфемалық бөліктерін немесе сөздерін (тұрақты тіркестер болғанда) аударма тіліндегі лексикалық сәйкестікпен ауыстыру арқылы жүзеге асырылатын аударма тәсілі.
Түпнұсқа:
Алыстан созылып шыққан азан мақамы болмаса, әлі үлкен шаһардың ояна қоймаған керенау кезі, жар төсегіндегі құпияңа да, кеуде түрткен қиялыңа да бөгденің қол сұқпайтын тыншу шағы. Дәл осы мезгілді екі еркек әдейі тандап алған.
Аударма:
Большой город был еще погружен в сладкую предутреннюю дрему, и только тонкий гортанный голос муэдзина* словно висел в прозрачном воздухе. Самый тихий, мирный, безмятежный час суток, когда никакая злая сила не потревожит тайну на брачном ложе, не вспугнет чью-нибудь сокровенную мечту. Именно это время выбрали для беседы двое известных в городе мужей.
...