Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жібек жолы

Автор:   •  Сентябрь 15, 2021  •  Реферат  •  2,852 Слов (12 Страниц)  •  610 Просмотры

Страница 1 из 12

   

     РЕФЕРАТ

Пәні: Қазақстан тарих

Тақырыбы: Жібек жолы

 

                                                 Орындаған: Орынғали Н.Ғ.

                                    Тексерген: Бағдат Термірғалиқызы

                                                   

Жоспар

   1. Кіріспе.

    2. Ұлы Жібек жолының дамуы мен тарихы.

    3.  Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.

    4.  Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары.

    5.  Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы.

    6. Діни соқпақтары.

    7. VI ғ. мен  XI ғ. бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер.

   8.  ІХ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезіндегі қалалар мен мекендер.

    9.  Қорытынды.

[pic 1]

     Кіріспе 

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруы. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.

Тарихи маңыздылығы жоғары тарихи процестердің бірі Ұлы Жібек жолы екендігі белгілі. Бүгінгі қарастырылып отырған тарихи кезеңнің басқа процестерден айырмашылығын атап көрсетсек:

байланысты мұсылмандық діни орындардың (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер т.б.) салынуы;

-жер жаһанның барлық территориясын белгілі дәрежеде қамтуы;

-әлемдік өркениеттердің осы маршрут барысында бір-бірімен ассимляцияға түсе отырып, саяси-мәдени жаңа өркеиеттердің қалыптасуына өз әсерін тигізді;

Қарастырылып отырылған тақырыптың негізгі маңыздылығы бүкіл аумақты толықтай қамтуында. Ұлы Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле мен Ыстықкөлге жетеді.

Жалпы, Ұлы Жібек жолы сол кезеңде территориямызда мекендеген көшпелі өркениетті қалыптастырушы мемлекеттік бірлестіктердің әлемдік аренада өз дәрежесін тигіздірді.

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з.дейінгі ІІІ-ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.

Ұлы Жібек жолының дамуы мен тарихы

Б.з.дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңірініңдегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғары Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жетті.

...

Скачать:   txt (37.1 Kb)   pdf (249.3 Kb)   docx (417.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club