Жоғары мектептің қалыптасуындағы қазіргі заманғы мәселелер
Автор: Ainagul Madyarova • Сентябрь 24, 2018 • Эссе • 266 Слов (2 Страниц) • 2,791 Просмотры
Жоғары мектептің қалыптасуындағы қазіргі заманғы мәселелер.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі бұл жоғарғы мектептің қалыптасуына қазіргі заманғы мәселе болып табылады өйткені әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізлуі тиіс. Сол себепті білім беруде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту қажет.
Өйткені жоғарғы мектептің қалыптасуына білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі мен оқу мен тәрбиенің бірлігі болуы тиіс. Бірақта білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы мүмкін.
Жоғары мектептің қалыптасуындағы білім беруді басқарудағы демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейтулері мен білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты қазіргі заманғы мәселелері ретінде білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы қажет болып табылады. Қазіргі таңдағы ең басты мәселе білімалушыларды тәрбиемен білімді ұштастыру, сол себепті білім беру жүйесін ақпараттандыруымыз қажет.
Қорыта келе білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
...