Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы басқару психологиясы: ғылым ба немесе тәжірибе ме?

Автор:   •  Апрель 2, 2023  •  Эссе  •  343 Слов (2 Страниц)  •  445 Просмотры

Страница 1 из 2

Сармолдина Ә.А.

«Генетика» мамандығы , 1 курс

Қазіргі заманғы басқару психологиясы: ғылым ба немесе тәжірибе ме?

Менің ойымша, басқару психологиясы бұл ғылым.  Ғылым жеке адамдардың білімінің тәжірибесі ретінде жинақталды. Осылайша әр тармақты психология қалыптасты: еңбек, инженерлік, әлеуметтік. Осы психологияларды білудің арқасында басқару психологиясы пайда болды. Басқару психологиясының негізіне: марксистік-лениндік психология, әлеуметтану , жалпы басқару теориясы, жалпы психология  ғылымдарын жатқызамыз.

Қазіргі жағдайда микродеңгейден  макро яғни , жаһандық деңгейге дейінгі әртүрлі деңгейдегі басқару мәселелері барған сайын маңызды болып отыр. Бір жағынан, басқару қызметі адамның әлеуметтік қызметінің ең көне түрлерінің бірі болып табылады және ол өзін әлеуметтің бөлігі ретінде сезінген сәттен бастап пайда болады. Тайпалардың көсемдерін көне қоғамдағы алғашқы басқарушылар деп санауға болады. Екінші жағынан, басқарушылық қызметке ғылыми көзқарас, оны спецификалық кәсіби қызмет ретінде қарастыру, 20 ғасырдың басында қалыптасты және ол  Фредерик Уинслоу Тейлор («Зауыттық менеджмент», «Ғылыми менеджменттің принциптері») және Анри Файоль («Менеджмент негіздері») есімдерімен байланысты.

«Басқару психологиясы» термині де ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми айналымға енді. Бұл басқару іс-әрекетіндегі субъективті фактор рөлінің күрт артуына және тиімділікке әсер етуіне байланысты. Нақты айтқанда, басқару психологиясының ғылым ретінде пайда болуы мен дамуы бірқатар объективті және субъективті факторларға байланысты болды, олардың арасында мыналарды бөліп көрсету керек: басқару тәжірибесінің қажеттіліктері, психология ғылымының дамуы, әлеуметтік ұйым құрылымының дамуы мен күрделенуі.

Басқару психологиясы, барлық басқа ғылымдар сияқты - медицина, музыкалық композиция, инженерия, бухгалтерлік есепті көбісі тәжірибе деп қабылдауы мүмкін , яғни ноу-хау секілді . Мүмкін , өйткені көбінесе  жағдайдың шындығына қарай әрекет етеді. Дегенмен, менеджерлер ұйымдасқан басқару білімін пайдалана отырып, жақсы жұмыс істей алады. Дәл осы білім, жиналған тәжірибе ғылымды құрайды. Ғылымды қалыптастыру үшін , барлық әлемде бірдей ережелер бар ол : бақылау , тәжірибе , және пайымдау .Сол себеті , басқару психологиясы бұл ғылым.

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (56.5 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club