Жас спортшылардын дене дамуындаfы негiзгi касиеттерiнiн жас ерекшелiктерi
Автор: BalgabaevBekzhan • Май 24, 2022 • Курсовая работа • 3,967 Слов (16 Страниц) • 168 Просмотры
I тарау. БОЗБАЛА АҒЗАСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бозбалалармен айналысатын бапкерлердің барлық жұмысы балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін білуге, олардың қозғалысын және ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін жетілдірудің динамикасына негізделеді.
Жас велосипедшілерді даярлау әдістемесі жетіліп келе жатқан ағзаның даму және қалыптасу заңдылықтарына сәйкес болады.
Жас ерекшеліктерін қарастырғанда, келесі жастар аралығындағы біртіндеп өсуді ұстанған жөн: 7-11 жас – балалық, 12-14 жас – балалықтан жоғары, 15-16 жас – жасөспірім, 17-18 жас – бозбалалық.
Бұл ретте жасөспірімнің төлқұжаттағы жасы кейде оның биологиялық жасына сай келмеуі мүмкін. Бұл қазіргі заманғы жастардың тез дамуымен, яғни акселерация құбылысымен байланысты. Бүгінгі жасөспірімдер мен бозбалалар дене дамуы мен жыныстық жетілу жағынан бұдан 25-40 жыл бұрын туылған құрдастарынан 2-4 жылға алда келеді. Мысалы, 19 жастағы қазақстандық бозбаланың бойы 1927 жылмен салыстырғанда, 1965 жылы 7,1 см-ге, ал бойы 7 келіге өскен. Англияның, Австрияның, АҚШ-тың, Жапонияның ғалымдарының дәлелдеуінше, осы уақыт аралығында аталған елдердегі жасөспірімдердің бойы орташа 5-10 см-ге, ал бойы 8-10 келіге өскен.
Осыған байланысты заманауи спорт та айтарлықтай жасарып, жаттығу және жарыс жүктемесін орындауға да әсерін тигізуде. Қазіргі таңда бозбалалар көптеген спорт түрлерімен күнделікті, кейде тіпті күніне екі рет айналысатын болды.
Қазақстандық оқушыларды іріктеп тексеру қорытындысы бойынша, күн сайынғы мектептегі оқу ұзақтығы көп жағдайда 5-6 сынып оқушылары үшін 8-9 сағатты, 8-9 сынып оқушылары үшін 9,5-12 сағатты құрайды. Бұған күнделікті 2-4 сағаттық жаттығу жүктемесін қосыңыз. Күнделікті жұмыстың мұндай көлемі ағзаға ауыр тиеді, бозбалалардың денсаулығына зиян болады, оның зардабы кейін кемел жасқа келгенде сезіледі.
Акселерат жасөспірімдермен қатар өз қатарластарына қарағанда дене дамуы жағынан кенжелеп қалған ретардант жасөспірімдер де бар. Мұндай жасөспірімдерге мектептегі оқуы мен үлкен жаттығу жүктемесін қатар алып жүру қиынға соғады. Сондықтан жаттықтырушы бозбалалардың тек жас ерекшеліктерін біліп қана қоймай, жаттығу әдістемесін де жетік меңгеруі тиіс. Яғни әр спортшыға жеке-жеке қарап, жаттығу жүктемесін дұрыс жоспарлай білуі қажет.
Жасөспірімдік жас - жыныстық жетілу, жыныстық және ішкі секрецияның басқа да бездерінің қызметі күрт күшейетін кезең. Қалыпты дене жаттығулары жыныстық жетілу процесіне және ішкі секрецияның бездерінің қызметіне айтарлықтай әсер етпейді.
Шектен тыс дене жаттығулары жас жеткіншектің қалыпты даму ырғағын тежеуі мүмкін (А.Б. Гандельсман, К.М. Смирнов).
Жыныстық жетілу мен дене дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Бақылаулар жыныстық жетілу ырғағы жағынан қатарластарынан алда келе жатқан жасөспірімдер олардан дене дамуы жағынан да жоғары тұратынын және керісінше болатынын көрсетті. Яғни оқушылардың қозғалыс қызметінің дамуында олардың биологиялық кемелдену деңгейінің маңызы зор. Жыныстық жетілу ырғағы жағынан қатарластарынан артта қалған жасөспірімдер, әдетте, спортта да неғұрлым төмен нәтиже көрсетеді. Алайда бұл уақытша нәрсе. Әрі қарай дене жетілген сайын, артта қалған жасөспірімдер қатарластарын қуып жетіп қана қоймай, тіпті олардан асып та кетеді. Сондықтан жасөспірімдердің спортта жоғары жетістікке жетуін бағалау барысында оған дене жаттығуларының осы түріне деген табиғи дарыны немесе биологиялық тұрғыда ерте дамуы әсер еткенін анықтаудың маңызы зор.
СҮЙЕК-БҰЛШЫҚ ЕТ АППАРАТЫ
Баланың өсуі мен даму процесінде тек дененің көлемі мен салмағы өсіп қана қоймай, айтарлықтай сапалы өзгерістер, әртүрлі органдар мен жүйелердің өзгерісі болады. Ағзаның дамуы бірқалыпты өтпейді, бірде тез, бірде баяу өтеді. Бойы қарқынды өсіп келе жатады да, баяулап қалады. Бойдың өсуі баяулаған кезде, тіндер мен органдардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асады.
Балаларда қаңқаның сүйектенуі де бірқалыпты емес. Бәрінен бұрын (9-11 жасқа қарай) саусақтар буындарының сүйектенуі аяқталады, ал білезіктегі буындардың сүйектенуі (10-13 жасқа қарай) сәл кешірек тоқтайды.
...