Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мотоатқыштар жасақтары жорықта

Автор:   •  Апрель 29, 2018  •  Курсовая работа  •  18,645 Слов (75 Страниц)  •  1,243 Просмотры

Страница 1 из 75

Мотоатқыштар жасақтары жорықта.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ............................................................................................................

3

І   Мотоатқыштар қаружарақпен жабдықталған құрлық әскерлерінің бір түрі.................................................................................................................

5

1.1 Тактикалық дайындықтың бір бөлігі – мотоатқыштар взводы.................

5

1.2 Мотоатқыштар бөлімшесінің атқаратын қызметтері, ұрыс техникасы және штаттық қару жарағы................................................................................

25

ІІ  Мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыстық мүмкіндіктері........................

44

2.1 Мотоатқыштар бөлімшесінің жорықтық, ұрыс алдындағы және ұрыстық реті........................................................................................................

44

2.2  Мотоатқыштар бөлімшесінің жорықтық және ұрыстық тәртібі...............

66

ҚОРЫТЫНДЫ  ................................................................................................

78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................

80

КІРІСПЕ

     Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері еліміздің қорғанысын нығайту және мемлекетіміздің әскери әлеуетін жоғарылата түсу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Ал заманауи әскери техника мен кару-жарақты жоғары деңгейде меңгерген әскери қызметші - еліміздің Қарулы Күштерінің қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі болып табылады.

    Қазіргі танда жастарды әскери қызметке даярлаумен шұғылданатын мекемелер мен жауапты тұлғалар, болашақ сарбаздарды Қазақстан Республикасының әскери бөлімдерінде табысты қызмет етуге даярлауға аса жауапкершілікпен қарауда. Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету  бүкілхалықтық іс-және ол үшін жастардың бойында өз еліне деген патриоттық сезім, Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен қарқынды дамуына деген жауапкершілікті сезіну секілді қасиеттерді қалыптастыра білу жауапты да, маңызды іс-шаралардың бірі болмақ.

    Көпұлтты мемлекетіміздің жастарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында бір адамдай қызмет етуіне даярлауда жалпы білім беру мекемелерінің маңызы орасан зор. Сонымен қатар болашақ сарбаздарды еліміздің Қарулы Күштерінде өздерінің азаматтық борышын өтеуге дайындауда мектеп ұжымының атқаратын рөлі ұшан теңіз. Оқушылар алғашқы әскери дайындық бойынша оқу бағдарламаларында берілген бөлімдермен таныса отырып, әскери іс, тактикалық, атыс және саптық дайындық, әскери топография, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерімен танысады. Оқу-үйрену үдерісі барысында сарбаздың ұрыс кезіндегі іс-қимылдармен, атыс жүргізу, оқпана қазу, шолу жүргізу, бағдарлау, инженерлік бекіністерді жабдықтау және төтенше жағдайларда халыққа көмекке келу секілді әскери қызметшінің алғашқы әскери білім негіздерімен сусындайды.

    Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен және бақылау сабақтарынан тұрады.

1. Кіріспе сабақтарын жүргізу кезінде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға даярлау маңыздылығына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу тапсырмаларын орындау мақсатында олардың моральдық, психологиялық және дене қабілеттерін біріктіруге ерекше көңіл бөлінеді.

2. Әскери іс негіздері бөлімі - алғашқы әскери дайындық бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады. Ол бөлімге төмендегі тараулар енгізілген:

...

Скачать:   txt (269.2 Kb)   pdf (627.9 Kb)   docx (76.6 Kb)  
Продолжить читать еще 74 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club