Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жас Ұлан әлемінде

Автор:   •  Март 1, 2018  •  Реферат  •  1,816 Слов (8 Страниц)  •  1,479 Просмотры

Страница 1 из 8

Жас  ұлан  әлемінде

  ХХІ  ғасыр - ақпараттың  қарыштап  дамыған,  адамзаттың  айтарлықтай  өркендеген  заманы.  Ақпартты  таратушы  құралдардың  едәуір  дамып,  адам  санасы  жоғары  қабілетке  ие  болған  кезең.  Білектің  күшінен  гөрі,  білімнің  күшіне  сеніп,  дүние  жарыстырғаннан  гөрі,  білім  жарыстырған  заман.  Өнерге  ерекше  мән  берілген  уақыт.  Дәл  осы  шақта  тәуелсіз  Қазақстанның  ұрпақтары,  еліміздің  үміт  артқан  келешегі - яғни  біздер  өмір  сүріп,  білім  алып,  тәрбиеленіп  жатырмыз.

  Біздің  өмір  сүріп  жатырған  ортамызда  бізге  қажетті  жағдайлардың  барлығы  дерлік  жасалған.  Біздің  білімді  азамат,  өнерлі  өрен,  саналы  ұрпақ  болып  өсуіміз  үшін  мүмкіндігіміз  шексіз.  Сондықтан  қазіргі  шақта  біздің  алдымыздағы  ең  бірінші  кезектегі  міндет - тәрбиелі  де  тәлімді  азамат  болып  жетілу.  Ол  үшін  біз  барлық  зейінімізді  оқуға  қойып,  бар  ынта  жігерімізбен  дайындалуымыз  қажет.

  Біздің  мектебімізде  жоғарыда  аталған  жағдайлар  мүмкіндігінше  жасал-ған.  Біздің  білім  алуымыз  үшін,  өнерге  қызығушылығымызды  арттыру  үшін  қажетті  жағдайлардың  барлығымен  дерлік  қамтамасыз  етілген.  Өйткені,  мектебіміздің  ұстаздары   мен  ата - аналары  және  біздер  өзіміздің  келешегіміз  үшін  ең  басты  нәрсе  оқу,  өнер,  білім  екенін  жақсы  білеміз.

  Мен  оқып  жатырған  мектеп  атақты  күйші  Ғибатолла  Мәсәлімовтың  есімімен  аталады.  Мұнда  әрбір  ұстаз  әрбір  мектеп  оқушысына  жарқын  болашақ  үшін,  кемел  келешек  үшін  ең  қажетті  нәрсе - оқу  екенін  үнемі  айтып  отырады.  Бұл  сөздерді  санасына  сіңіріп,  көкейіне  түйіп  өсіп  жатқан  біздердің  де  дүниетанымымыз  бен  көзқарасымыз  оң  бағытта  қалыптасып  келеді. Осылардың  барлығын  толығымен  орындау  мақса-тында  ұстаздарымыз  бізді  үнемі  оқуға  ынталандырып,  зейінімізді  арттырып,  өнерге  баулып  отырады.  Және  де  мектебімізде  оқуға  зейінді,  ынталы  балаларға  арналған  арнайы  ұйым  құрылған.  Ол  ұйымның  атауы - "Жас  Ұлан  және  Жас  қыран  ұйымы".

  Бұл  ұйым  тек  біздің  мектебімізде  ғана  емес,  барлық  Қазақстанда  жасақталған.  Мұнда  оқуға  озат,  сайысқа  епті,  өнергі  икемді,  саналы  ұландар,  жүзден  жүйріктер  мен  мыңнан  тұлпарлар  мүше  бола  алады.  Және  ұстаздарымыз  да  "Жас  Ұлан  ұйымының"  мүшелерін  ылғи  жарыстарға  қатыстырып,  өздерінің  өнерлері  мен  таланттарын  ел  алдында  сынап  көруге  баулиды.  Жол  нұсқаушы  мұғалімдеріміздің  арқасында  біздер  де  көптеген  жақсы  нәрселерге  үйреніп,  жаңа  қырларымыздан  ашылып  келеміз.

  "Жас  ұлан  ұйымының"  барлық  мүшелеріне  көгілдір  түсті  галстук  пен  төсбелгі  беріледі.  Оларды  ұйымның  жаңа  мүшелеріне  тапсыру  үшін  мектепте  салтанатты  жиын  тұрақты  түрде  өткізіліп  отырады.  Онда  ұстаздар  мен  "Жас  Ұлан  ұйымының"  тұрақты  және  жаңа  мүшелері  қатысады.  Жаңадан  қабылданып  жатырған  мүшелерге  ұйымның  арнайы  белгілері  тапсырылады  және  олар  ұйымға  адал  болуға,  айтылған  тапсырманы  тиянақты  орындауға  ант  береді.  Сол  сәттен  бастап  олар  "Жас  Ұлан  ұйымының"  толық  құқылы  мүшелеріне  айналады.

  Біздің  мектебімізде  ұйым  мүшелері  арасында  әртүрлі  шаралар  мен  сайыстар,  жиналыстар  мен  пікірталастар  көптеп  өткізіліп  тұрады.  Онда  біз  еш  нәрседен  ұялмай  және  қаймықпай,  бойымыздағы  бар  қабілет-терімізді  сыртқа  шығаруға  үйренеміз.  Және  де  ұйымның  өзімізден  кіші  жаңадан  қабылданған  мүшелерін  талапта  көрсетілгендей  етіп  шығаруға  тырысамыз.  Оларға  бар  білгенімізді  үйретіп,  және  өзіміз  де  бағыт  беруші  мұғалімдерімізден  білмеген  нәрселерімізді  үйренуге  талпынамыз.

  Біздің  мектебімізде  қазан  айында  "Жас  Ұлан  ұйымы"  мүшелерінің  арасында  кезекті  жиналыс  өткізілді.  Онда  біз  ұйымның  әртүрлі  қызмет- теріне  жауапты  жаңа  құрамды  сайладық.  Онда  әр  мүшенің  ойы  ескерусіз  қалмай,  барлығының  пікірімен  санаса  отырып,  балалардың  қабілеттеріне  қарай,  әділ  түрде  сайладық.  "Жас  Ұлан  ұйымының"  жаңа  басшысы  ретінде  мектебіміздің  ең  үлгілі  оқушыларының  бірі  10 - сынып  оқушысы  Меңдігереева  Айнамкөз  есімді  қызды  тағайындадық.  Ол  барлық  жерде  өз  ісіне  жауапты,  тапсырманы  жауапкершілікпен  орындай  білетін  озат  оқушы.  Қазіргі  уақытта  ол  ұйымның  барлық  жауапты  оқушылары  мен  мүшелерін  назардан  тыс  қалдырмай,  ылғи  сырттай  бақылап  жүреді.  Біз  оның  атқарған  жұмысына  дән  ризамыз. Тек  ол  ғана  емес  ұйымның  барлық  мүшелері  өз  істеріне  тиянақты,  мұқият  әрі  жауапты.  Мектептегі  "Жас  Ұлан  ұйымы"  жетекшісі - Мырзағалиева  Сәуле  апайымыз  да  атқарып  жүрген  жұмысымызға  көңілі  толады  деген  сенімдеміз,  және  оның  көңілін  қалдырмау  үшін  қолымыздан  келгенінше  аянбай  еңбектенеміз.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (60.9 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club