Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Виртуалды ортадаfы психологиялык кенiстiк және жасөспiрiмдердiн карым-катынас даfдыларын жетiлдiрудiн психологиялык ерекшелiктерi

Автор:   •  Январь 31, 2023  •  Статья  •  2,624 Слов (11 Страниц)  •  162 Просмотры

Страница 1 из 11

Ақтымбай Аяжан

ҚазҰлтқызпу

Педагогика және психология жоғары мектебі,

 1-курс, Психология мамандығы. 

Бапаева М.К. пс.ғ.к., профессор м.а

                                                                                            Ғылыми жетекші

ВИРТУАЛДЫ ОРТАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢІСТІК ЖӘНЕ     ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Аннотация: Мақала виртуалды кеңістікте  қарым-қатынас дағдыларын жетілдірудің ерекшеліктері, виртуалды қарым-қатынас жағдайында коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мәселесіне арналған.  Виртуалды ортадағы тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктері, жаңа желілік феномендері және виртуалды ортадағы тұлғаның өзін-өзі көрсету сияқты маңызды мәселелерді қарастырған  шетелдік, кеңестік ғалымдардың  еңбектеріне талдау жасаған.  

Түйін сөздер: виртуалды кеңістік, психологиялық кеңістік, виртуалды желілер, қарым-қатынас дағдылары, коммуникативті дағдылардың компоненттері.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қазіргі адам өмірінің  барлық салаларында енгізілуі тұлғаның қалыптасып, тұрмыстық күйіне жаңа жағдайлар жасайды. Әдіскер және экологиялық психология маманы В.И.Панов, виртуалды ортаны әлеуметтік ортаның, ақпараттық ортаның жаңа түрі ретінде сипаттайды, оны «осы жаңа ортада коммуникативті байланысқан және белсенді өзара әрекеттесетін миллиондаған адамдардың трансұлттық және көптілді қоғамдастығы» ретінде анықтайды [1]. Киберпсихологияның беделді зерттеушісі А.Е.Войскунскийдің пікірі бойынша [2] виртуалды ортаның әлеуметтік-коммуникациялық кеңістігі қазіргі уақытта тек кездесу, ойын-сауық және демалыс орны ғана емес, әлеуметтенудің, жеке және қоғамдық сананың қалыптасуының қуатты факторы болып табылады. Виртуалды әлеуметтік және мәдени феномен ретінде және онымен байланысы бар тұлғааралық өзара әрекеттесу феномендері, виртуалды ортада  тұлғаның өзін-өзі ұсынуы сияқты жағдайлар көптеген зерттеушілердің назарын аударуда (О.Н.Арестова[3], А.Г.Асмолов[4], Барышев,Р.А[5], С.Балкунова [6], Д.С.Баринова [7] және т.б.). Жасөспірімдер мен жеткіншектер шынайы әлемде  тұлғаны қалыптастырудың,  өзін-өзі анықтау мен сұйкестендірудің жас ерекшелік  процестерін бастарынан кешіре отырып,  бүгінде виртуалды әлемде де өзін-өзі анықтау міндетіне тап болуда. Виртуалды ортадағы тұлғааралық қарым-қатынастың жаңа желілік феномендері және виртуалды ортадағы тұлғаның өзін-өзі көрсетуі көптеген зерттеушілердің назарын аударуда. Оларды зерттемей және түсінбей тұрып, қазіргі әлемдегі  тұлғаның да даму ерекшеліктерін түсіну мүмкін емес. Алайда, жаңа технологиялар енгізілген сайын бұл құбылыстардың феноменологиясы өте тез өзгеріп отырады. Виртуалды қарым-қатынас, жеке тұлғаны виртуализациялау құбылыстарының өзгеретін сипаты олардың: рөлін, орнын, атқаратын қызметтерін, замандасымыздың өмірі мен жеке тұлғасына әсер ету әдісін анықтау сияқты ғылыми талдауын қиындатады.

 Бұл әсіресе әлеуметтік виртуалды желілердің пайда болуымен және олардың аудиториясы мен желіде отыратындардың қарқынды өсуімен байланысты болды. Виртуалды ортадағы әлеуметтік желілер мен виртуалды желілік қауымдастықтардың барған сайын көбейіп отыруы  психологиялық зерттеулердің проблемалық өрісін айтарлықтай кеңейтеді.

Виртуалды ортада адам желі қолданушыларымен қарым қатынасқа түскенде,оларға өзінің психологиялық кеңістігін белгілеп, толықтай ашылуы немесе ашылмауы адамның психологиялық кеңістігін құруына байланысты.

Атауы басқаша болса да, жеке тұлғаның психологиялық кеңістігі туралы түсінік көптеген шетелдік психологтардың еңбектерінде кездеседі. У.Джемс "эмпирикалық өзіндік", А.Адлер - "жеке өмір кеңістігі", К.Г.Юнг - "индивидуация", К.Левин - "жеке адамның мінез-құлқын анықтайтын факторлардың жиынтығы ретінде өмір сүру кеңістігі", Э.Эриксон - "ұқсастық", Ф.Перлс - "өзілік" және сыртқы әлем арасындағы байланыс шекаралары, А.Маслоу - "жеке автономия", К.Ясперс - "жеке кеңістік" және т.б. ұғымын қолданады.

...

Скачать:   txt (39.4 Kb)   pdf (133.5 Kb)   docx (18.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club