Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жастардың оқыған кітаптарының көрсеткіші

Автор:   •  Январь 17, 2018  •  Контрольная работа  •  1,330 Слов (6 Страниц)  •  1,133 Просмотры

Страница 1 из 6

                                       Мазмұны:

КІРІСПЕ......................................................................................................

І ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

 

ІІ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

ІІІ ТАЛҚЫЛАУ

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................

ҚОСЫМША 1

Кестелер тізімі

1 Кесте Жастардың оқыған кітаптарының көрсеткіші

2 Кесте Дүкен сөрелеріндегі кітап бағаларының көрсеткіші

               

                     

    Кіріспе

      Кітап - адамзат баласының  сан ғасырлық тарихының алтын сандығы және ақыл-ойының жемісі. Кітап жәй ғана досың ғана емес, ақылшың, ұстазың. Адамзат баласы кітап оқу арқылы танымын кеңейтіп, рухани байып қана қоймай, медициналық пайдасы бар екендігін  дүниежүзілік ғалымдары дәлелдеп берген болатын. Кітап оқу –күйзелістен және күйбең тіршіліктен арылудың ең тиімді тәсілі. Альцгеймер ауруынан сақтанудың жолы да кітап оқуда. Яғни, кітаптың адам баласына рухани  пайдасын қаншама жылдан бері біліп,оған көз жеткіздік.[1] Барлық білімнің қайнар көзі-кітап. Бірақ кітапты оқу,түсіну, түйсіну, және оны өмірде қолдану- әр адамның білімін, өмірге деген көзқарасын айқындайтыны анық [2]. Алайда қазіргі ХХІ ғасыр технологияның дүркіреп тұрған заманында , кітапты оқымау жиіленіп кеткені рас. Кітап дүкендеріндегі оқырмандардың аздығы, кітапханаға жасөспірімдердің үй тапсырмаларын орындау үшін ғана баратыны ащы шындықтың бірі екені мәлім. Кітап оқымау жастарға  кері әсерін тигізіп жатыр. Соның бірде-бір салдары олардың өздерінің ойын толық жеткізе алмауы, дұрыс сөйлемеуі, грамматикалық қателіктерге және кең түрде ойланбауға әкеліп отыр. «Егер бір адам кітап оқымаса, ол оның өз қасіреті, ал миллиондаған адам кітап оқымаса, онда тұтас бір ұлттың қасіреті»-деп Иосиф Гордский айтқан болатын.[3] Яғни, кітап оқымаудың әсерінен мемлекеттің дамып, өркендеуіне бірден-бір кері әсерін тигізетіні анық. Атақты Шекспир: «Кітап маған тақтан да қымбат»- деп айтқан болатын. Бірақ қазір кітаптың орнын басқан кино мен компьютер.[4] Бұның бәрі де өтпелі кезең екені мәлім. Бірақ оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.  Осы жұмыстың негізгі мақсаты жастардың кітапқа деген қызығушылығының төмендеуін және оның факторларын анықтап,  талдау жасау арқылы мәселені қарастыру.

 Зерттеу әдісі

       Жобаның мақсаты  «Жастар  неге кітап оқымайды?»-деген сұраққа сауалнама алып  жастардың пікірін білу. Ол үшін жастардан сауалнама алынды. Сауалнама 14-21жастағы 15 жасөспірімдерден алынған болатын. Және де осы сұраққа деген көзқарастарын білуге бағытталған сауалнама 11 сұрақтан тұрады. Сауалнамаға қатысушылар орта және жоғары білімді жастар.

       Оқырмандар жиі сауда жасайтын бес танымал кітап дүкендерінен кітаптардың бағаларын анықтау. Келесі зерттеу әдісі кітап сататын дүкендерден кітаптың бағаларын анықтау. Бес кітап дүкенінен бес түрлі кітаптың бағаларын білу.

  Зерттеу нәтижесі

       Қазір нарықтың заманы. Жастардың  көпшілі  рухани байлықтан гөрі материалдық байлықты бірінші орынға қойып отыр. Осы тұста жастардың кітапқа деген қызығушылы төмендеп бара жатқанын байқаймыз. Соның бірде-бір  салдары  жастар ойын дұрыс жеткізе алмауы, грамматикалық қателіктер,терең ойланбауға және дұрыс сөйлемеуге әкеліп отыр. «Жастар  неге кітап оқымайды?» деген сұраққа сауалнама жүргізілген болатын. Зерттеу жұмысына барлығы 15 адам қатысып, олардың барлығы сауалнамадағы сұрақтарға толық жауап берді. 15 жасөспірімнің оқыған кітабының орташа есебі төрт кітаптан ғана айналды. Бұл төмен көрсеткішті көрсетіп отыр.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (186.3 Kb)   docx (55.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club