Жалпы орта білім беру мектептерінде шетел тілін оқытуда проект әдісінің ерекшеліктері
Автор: Diamond 00 • Февраль 4, 2018 • Доклад • 1,394 Слов (6 Страниц) • 1,527 Просмотры
Жалпы орта білім беру мектептерінде шетел тілін оқытуда проект әдісінің ерекшеліктері
Соңғы уақытта оқушының тұлғасының дамуына бағытталған оқыту үрдісінде өзінің көрінісін табатын білімді ізгілендіру деген жалпы әлемдік бағыт байқалуда.
Білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағытталған тәсілдің жүзеге асуына бағытталған алуан түрлі жаңа педагогикалық технологиялардың арасында, оқушының тұлғасы арқылы, оның қажеттіліктері және қызығушылықтары арқылы бүкіл оқытудың өзінше түсінілуін болжайтын "эго-фактор" (мен-фактор) кеңінен пайдаланылатын, проект әдісі ең тән қасиет болып табылады.
Ғалымдардың және тәжірибешілдердің тұлғаға бағытталған оқытудың мәселесіне жүгінуінің ежелгі тарихы бар. XIX ғасырдың соңында батысшыл педагогтардың дидактикалық ізденістері оқытудың эмоцияналды тартымдылығымен назар аударылды. Гуманистік бағыттың философиядағы және білім берудегі идеялары «мәселе әдісі» немесе «мақсатты әрекеттің әдісі» деген атаулары бар проект әдісімен байланысты болды.
Проект әдісі 1920 жж. АҚШ-тың ауыл шаруашылық мектептерінде кеңінен дамып келе жатқан еңбек мектебінің идеясымен байланысты пайда болды. Жобалап оқыту баланың белсенді дербес ойының дамуының жолдарын, әдістерін табу үшін, оған мектеп берген білімді тек есінде сақтау және жаңғыртуды ғана емес оларды тәжірибеде қолдана білуді үйретуге бағытталды. Осылайша проект әдісі негізделген жалпы ұстаным оқушылардың өмірлік тәжірибесімен оқу материалының тікелей байланысының орнатылуы, практикалық тапсырмаларда (проекттерде) бір ортақ мәселенің шешімін табу барысында олардың белсенді танымдық және шығармашылық бірлескен қызметінен тұрады.
Проект әдісі американдық педагог және психолог Дж.Дьюидің педагогикалық идеялары, және оның шәкірттері және ізбасарлары В.Х.Килпатрик, Э.У.Коллингс арқылы ойдағыдай дамыды.
Джон Дьюи (1859 - 1952), американдық педагог, психолог, философ-идеалист, сол кезде АҚШ-та үстем болған мектеп жүйесін өмірден қол үзді деген сынға алған, білімді алуға және меңгеруге негізделген, барлық оқытудың абстрактылы, схоластикалық мінезі. Дж. Дьюи білімдер баланың практикалық өнерпаздығы және дербес тәжірибесінен шығу керек деген мектептік білім реформасын ұсынған.
Дж. Дьюи: «... білім деп атауға тұратын білім, қандай да бір мақсатқа бастайтын ақылдың тәрбиесі әлеуметтік өмірдің белсенділіктеріне жақын және шынайы қатысу үрдісінде ғана беріледі» - деп айтқан .
Дж. Дьюи жобалап оқытудың қазіргі түсінігіндегі негізгі тезистердің бірі болып табылатын «Жасау арқылы оқыту» деген ұранды ұсынады. Дж.Дьюи оқытудың табыстылығы үшін талаптар қатарын көрсетеді:
- оқу материалының проблематизациясы;
- баланың белсенділігі;
- оқытудың баланың өмірімен, ойынмен, еңбекпен байланысы.
Осылайша Дж. Дьюи бала материалды жай тыңдау арқылы немесе сезімнің мүшелерімен қабылдау арқылы ғана меңгеріп қоймай, білімге қажеттіліктің туындауы нәтижесінде меңгереді, демек өз оқуының белсенді субъектісі болып табылады деп бекітеді.
Проект әдісіне В.Х. Килпатрик және Э. Коллингс (АҚШ) жұмыстарында да толығырақ түсіндірме берді. В.Х. Килпатрик проект әдісі бойынша шұғылданушы мектептің бағдарламасын былайша анықтайды: «бағдарлама бір тәжірибеден алынған ақпараттар басқа біртұтас тәжірибелер ағымын байыту және дамыту үшін қызмет ететін, бір-бірімен байланысқан тәжірибелер қатарын құрайды».
Осыған сәйкес мектептің бағдарламасы мемлекетпен немесе мұғалімдермен емес, балалар мен мұғалімнің қоршаған өмірден негіз алып бірлесіп оқу үдерісінде жасалуы қажет деген тұжырым жасалды.
ХХ ғасырының басында Коллингс проекттерді келесі үлгілерге бөлуді ұсынды:
1) экскурсиялық проекттер (Excursion projects) – мысалы, «миссис Мерфидің күнбағыстарын қарау; мақсаты
...