Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Емлелік қателерді түзету жолдары. Сөздіктердегі бірге және бөлек жазылатын 20 сөз теріп жазу

Автор:   •  Февраль 3, 2021  •  Контрольная работа  •  592 Слов (3 Страниц)  •  1,863 Просмотры

Страница 1 из 3

[pic 1]

                «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық»

                                  университеті

             «Филология және көптілді білім беру» институты

             СОӨЖ

Тақырыбы: 1. Емлелік қателерді түзету жолдары (эссе)

                     2. Сөздіктердегі бірге және бөлек жазылатын 20 сөз теріп жазу  

                                             

                                                           Орындаған: Мұрат К.

                                                           Қабылдаған: Кенжебаева Г.  

1. Емлелік қателерді түзету жолдары (эссе).

   Емлелік қателерді түзету жолдары туралы жазбас бұрын емле деген не екеніне тоқталып өтсем. Емле дегеніміз – ол қара сөзбен айтқанда сөздердің дұрыс жазылуы. Осы емленің өзінің төрт түрі бар олар: таңба жүйелі емле; тарих жүйелі емле; туыс жүйелі емле және соңғысы дыбыс жүйелі емле. Ал біз емлелік қателерді түзету үшін осы төртеуін ажыратып алғанымыз дұрыс. Содан кейін барып түсіндіру бізге, түсіну балаларға жеңіл болмақ.

  Емлелік қателерді түзетпес бұрын осы емлеге байланысты диктант алған дұрыс деп есептеймін. Себебі, диктант арқылы қандай оқушы қай жерде қандай емлелік қателер жіберетінін біліп алатын боламыз. Сол кезде қатемен жұмыс жасау анағұрлым жеңіл әрі нәтижесін береді.  Және сол қателер табылған кезде жай ғана қатесін сызып қоймай, тексеріп болғаннан кейін қатемен жұмыс жасаған жөн. Не болмаса тақтаға жазып көрсетіп, түсіндірсе нұр үстіне нұр болады.

 Емлелік қателерді түзетудің бірнеше әдісі бар. Соларға тоқталып өтсем.

   Бірінші әдіс ол – мұқияттылық. Себебі, егер жазып отырған жұмысыңа зеректіліпен қараса тиянақты әрі қатесіз жаза алады.

    Екінші әдіс – көшіріп жазу. Неліктен, өйткені адам бір тақырыпты оқи берсе жаттап алатыны сияқты, берілген тақырыптағы қателерді дұрыс нұсқасымен көшіріп жазатын болса ойында сақталып, тұрақтап қалады.

   Үшінші әдіс – көбірек кітап оқыған дұрыс деп есептеймін. Егер көп оқыса баланың өзіне де, жазғанда қатесіз жазуына да үлкен септігін тигізеді. Адам кітап оқыған сайын көзбен көрген сөздері жадында сақтала бермек.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (89.9 Kb)   docx (60.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club