Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірбие және ұлттық үлгі

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Курсовая работа  •  31,095 Слов (125 Страниц)  •  1,060 Просмотры

Страница 1 из 125

Ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірбие және ұлттық үлгі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨРІНІСІ......................................................................................8

1.1 Экологиялық мәдениет қалыптастыру негіздері...................................8-17

1.2 Шет елдер мен Қазақстанда экологиялық білім беру жүйесі. Экологиялық журналистика мәселелері.................................................18-35

1.3 БАҚ дискурсындағы экологиялық ақпараттарға контент талдау ......35-64

2ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕОТАНДЫҚ ТӘЖІРБИЕНІ БІРІКТІРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ.........65

2.1 Шетелдік және отандық тәжірбиедегі эколозациялау үдерісі............65-90

2.2Экологиялық мәдениет қалыптастырудағы ұлттық болмыс...........................................................................................................90-102

2.3Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру моделі............102-108

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................109-111

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................112-116

КІРІСПЕ

Диссертация тақырыбының өзектілігі. Диссертaциялық еңбекте медиакеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары шетелдік тәжірбиедегі қолданысы мен ұлт болмысындағы ерекшеліктері арқылы өзара салыстырыла, сабақтастырыла бағамдалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі шетел мен отандық ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәселелердің қойылысына назар аудара отырып, қоршаған ортада экологиялық апаттарға жол бермеу мен алдын алу үшін қажетті экологиялық білім мен тәрбие арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыру бағытындағы игі бастамалардың нәтижесін көрсетумен анықталады.

Қазіргі қоғамдағы экологиялық мәдениеттің қалыптасуы әлеуметтік және рухани тіршілік ету жағдайындағы жоғары деңгейдегі экологиялық таным мен экологиялық білімді жетілдіру қажеттілігін талап етеді.

Экологиялық мәдениет қалыптастыруда мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл үдерісін, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесiн белгiлеу сынды оңды істерді жүргізе отырып, қоғамдағы экологиялық сауаттылықты жетілдіру мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдарының ролі арқылы айырықша мәнге ие болады.

Қоғамда болып жатқан саяси, экономикалық, экологиялық т.б. мәселелер еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары мен журналист біліктілігіне нақты талаптар қоятындығын ескеріп ақпараттық кеңістіктегі БАҚ өкілдерінің кәсіби даярлық жүйесін жетілдіруде атқарылатын бағыттар арқылы нақтыланады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұсынылып отырғaн диссертaциялық жұмыс қоғaм өмірінің бaрлық сaлaсынa қатысты экологиялық парадигманы шетелдер мен Қазақстан жағдайында қарастыра отырып өзара ортақ бастамалар мен жекелеген тәжірбиелердің қолданысына қатысты талдаумен байланысты. Бүгінгі таңда аталған мәселе aясындa көптеген ғылым салаларының нысанында зерттеу жұмыстaры мен ізденістер қолғa aлынуда. Сонымен қатар экомәдениет ерекшеліктері ұлт дүниетанымын ескере отырып анықталады. Тaқырыпты aшу мақсатында ғылымдағы мәдениет экологиясының аясындағы теориялық еңбектер мен практикалық кеңестер назарға алынды.

Зерттеу

...

Скачать:   txt (425.9 Kb)   pdf (452.8 Kb)   docx (188.3 Kb)  
Продолжить читать еще 124 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club