Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы түзету жолдары

Автор:   •  Март 12, 2021  •  Эссе  •  426 Слов (2 Страниц)  •  548 Просмотры

Страница 1 из 2

                Балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы түзету жолдары

Баланың тілі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.

Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуына жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.

Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз.

Балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты, баланың жасына сай болу керек, баланың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс.

Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады. Егер оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары,  массаждар. Саусақ гимнастикасын күн сайын  3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауға қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек.

Массаж пассивті гимнастиканың түрі болып табылады. Оның ықпалымен тері рецепторлары мен бұлшық еттерінде бас ми қыртысна жететін импульстер пайда болады. 

1) Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық сүйемелдеумен өткізілгені дұрыс.

2) Баланың терісі-құрғақ, таза болуы керек. Массаж жасаушының қолы таза, жылы, жарақатсыз болу тиіс.

3) Массаж ұзақтығы 10-12 процедур бір цикл, күн сайын немесе күн аралық. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.

Өзіндік массаж қолдың білезіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (48.2 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club