Бастауыш мектептегі оқыту процесі, оның ерекшеліктері
Автор: Ayazhan Amangeldikyzy • Декабрь 11, 2021 • Лекция • 462 Слов (2 Страниц) • 561 Просмотры
13. Бастауыш мектептегі оқыту процесі, оның ерекшеліктері
Процесс - бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
- Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі
- Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым қатынасы
- Оқушылар, сынып ұжымы
- Оқыту әдістері
- Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары
- Оқыту нәтижелері.
Оқу процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндің туғызады. Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс әрекеттері жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс әрекеттердің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл ой дамуының арасындағы қайшылық. Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар: оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы – бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік, дағдыны игеруге даярлау. Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Коменскийдің, Гербарттың, Дистервектің, Пироговтың, Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған. Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің құдіретті құралы деп айтылды. Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Дамытып оқыту – оқушылардың таным іс әрекеттерін барынша дамыту, олардың ой өрісін дамыту, өз бетімен білімді ізденіп табуға, оны еркін игеруге үйрету.
...