Демалыс пен туризм мақсатында территорияны аудандастыру.Туристік аудан, оның ерекшеліктері
Автор: azamatt31 • Январь 31, 2023 • Реферат • 4,210 Слов (17 Страниц) • 205 Просмотры
Демалыс пен туризм мақсатында территорияны аудандастыру.Туристік аудан, оның ерекшеліктері
Халық шаруашылық салаларының территориялық ұйымдастырылуы мен жоспарлы реттелуінің əффективтілігі ғылымидəлелденген аудандастыруға тікелей байланысты, себебі аудандастырудың негізін табиғи-географиялық жағдайы мен ресурстарын бағалау жұмыстары, сонымен қатар, территорияның шаруашылық жəне басқа да аумақтық ерекшеліктері құрайды.
Рекреациялық іс-əрекетінің дамуы, осы саладағы аумақтық еңбек бөлісінің тереңдеуі нəтижесінде бірқатар аумақтар белгілі бір рекреациялық функцияларды орындауға мамандырылатын болады.
Туризмнің дамуы, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюы, туризмнің мақсаты үшін табиғи жəне мəденитарихи элементтерді интенсивті пайдалану, олардың аймақтың əлеуметтік-экономикалық өміріне əсерінің өсуі, міне, осылардың барлығы территорияны туристік аудандастыру мақсаты үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.
Көптеген авторлар мен ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсат үшін аудандастырудың əдістемесі мен қағидаларын мемлекет көлемінде, сондай-ақ жеке аймақтарда да жасау үшін күш салған. Бірақ аудандастырудың əдістемелік қағидалары жөнінде əзірге ортақ пікір жоқ.
КСРО-да алғаш рет рекреациялық аудандастыру жөнінде Б.Н. Лиханов пен В.С. Преображенский ұсыныс жасаған еді . Аудандастырудың негізгі критериі – рекреациялық кəсіпорындардың орналасу тығыздығы мен олардың елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. Авторлар елді төрт рекреациялық зонаға, ал зоналарды рекреациялық аудандарға бөлді.
Туристік аудан анықтамасы жоғарыда (2 тарау) келтірілген. «Туристік аудан (аймақ)» ұғымын анықтайтын көзқарастар мен критерийлерді бірқалыпты қылу қажеттілігі туындады. Əзірше біркелкі қөзқарас ғылыми зерттеулерде де, əкімшілік жəне шаруашылық органдарында да қалыптаспаған.
Көптеген елдерде туристік аудандастыруды рекреациялық жəне табиғи аудандастырумен шатастырады. Табиғи элементтерінің маңызын ескере тұра, туризмнің танымдық процесімен тығыз байланыста болатын əлеуметтік-экономикалық құбылыс екенін ұмытпаған жөн, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп, ұлғаятын түрі бар. Көптеген туризм географтары туристік аудандастыруды тіпті физикалық географиялық аудандарының негізінде өткізе береді.
Соңғы жылдарда бұрыңғы КСРО-да рекреациялық аудандар жөнінде көп зерттеулер жүргізілді. Рекреациялық аудандастырудың негізіне демалыс, емделу, содан кейін ғана туризм үшін табиғаттың жағдайларының анализы пен бағалануы жатты. Сонымен рекреациялық аудандастырудың ішінде екі тенденция пайда бола бастады: 1) мұнда демалыс пен туризм аудандары жеке бір физикалық-географиялық аймақтардың ішінде қалыптасады. Сонда əрбір ірі физикалық-географиялық бірлікте бірнеше аудандар болуы мүмкін; 2) физикалық-географиялық аудандардың шекарасы рекреациялық аудандардың шекарасына сəйкес келеді.
«Рекреациялық аудан» деген ұғымды пайдалану тек қана табиғаттану зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді, ал шаруашылық, халықтық, көліктік жағдайларды анықтау өте қиын, кейде мүмкін емес, себебі рекреациялық ауданның нақты белгіленген шекарасы анықталмаған. Сондықтан туризм статистикасын жүргізуге де жағдай жоқ.
Туризм мəселелерін шешуге экономикалық географтар да қатысқан еді. Олар рекреациялық аудандастырудың негізіне экономикалық аудандастырудың қағидаларын жатқызды. Яғни рекреациялық аудандар экономикалық аудандарға сəйкес келеді. Бұл өз кезегінде салалық аудандастырудың қағидаларына қайшы келеді, яғни туристік жəне рекреациялық аудандастырылу араласып кетеді. Рекреацияға туризм кіргендіктен олардың айырмашылықтарына қарамай осы процесс бойынша аудандастыру жүргізіледі.
...