Сақтандыру нарығы және оның ерекшеліктері
Автор: Индира Бексултанова • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 2,224 Слов (9 Страниц) • 585 Просмотры
7 тақырып.
Сақтандыру нарығы және оның ерекшеліктері
1.1 Сақтандырудың мәні, функциялары және сыныпталуы
Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі – сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз - екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVIII ғасырдың ортасында-ақ мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың 100-ден аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды.
Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы делдалдар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингтік фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайылылығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін жалпылама танып білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің негізгі экономикалық зандары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық бөлінуі мен әр түрлі жеке меншік иелері - ерекшеленген тауар өндірушілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып - алу, сатуға байланысты серіктестіктің тепе-теңдігін қарастырады.
Сақтандырудың мән-мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс:
- реттеуші - нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;
- коммерциялық - сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
- бағалық - компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
- сенімділік функциясы - сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:
1) салалық белгісі бойынша:
- өмірді сақтандыру нарығы (бұған сондай-ақ ұзақ мерзімді сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, денсаулық сақтау, некелесу, аннуитет және басқалар да жатады);
- мүліктерді сақтандыру нарығы;
- жауапкершілікті сақтандыру нарығы;
- бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;
2) ауқымы жағынан:
- ұлттық;
- аймақтық;
- халықаралық.
3) сақтандыру индустриясының ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланысты:
- мемлекеттік сақтандыру;
- акционерлік коғамдар жүргізетін сақтандыру;
- сақтандыру қорларын сәйкесінше құрайтын өзара сақтандыру.
4) жүзеге асырылу түрлері бойынша:
- міндетті;
- ерікті.
5) объектілері бойынша:
- жеке;
- мүліктік.
Міндетті түрде - заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтың өмірін немесе денсаулығын ешқандай зандық актілерімен, келіссөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуте жол жоқ. Міндетті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісімі сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады.
Ерікті түрде - екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру. Заңға қайшы келмейтін кез келген азаматтық мүдде немесе занды тұлғаның мүддесі сақтандырудың объектісі болып табылады. Міндетті түрдегі сақтандырудың ерікті түрдегі сақтандырудан айырмашылығы - келісімнің мерзімі шектеулі болып келетіндігінде, сақтандыру жарналарын төлегеңде ғана жүзеге асырылатындығында.
Міңдетті түрдегі мен ерікті түрдегі сақтандырудың үйлесімділік табуы қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтану жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе құруға мүмкіндік береді. Өйткені сақтандыру әрекеті қандай болған жағдайда да көптеген жандардың мүддесін қорғайды.
...