«Ауылшаруашылық машина» пәнінде түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану ерекшеліктері
Автор: Madinazeinulla • Май 1, 2019 • Научная работа • 4,308 Слов (18 Страниц) • 738 Просмотры
Оқыту процесінде түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану ерекшеліктері
Мазмұны:
Кіріспе
- Кәсіптік білім беру жүйесінде түсіндірмелі иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану
- . Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
1.2. Түсіндірмелі- иллюстративтік әдістің теориялық ұғымының мәні
2. «Ауылшаруашылық машина» пәнінде түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдісін пайдалану ерекшеліктері
2.1. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдісті «Ауылшаруашылық машина» пәнінде пайдалану ерекшеліктері
2.2 «Зығыр жинайтын комбайндар» тақырыбы бойынша мұғалімнің сабаққа дайындалу әдістемесі
2.3. «Зығыр жинайтын комбайндар» тақырыбы бойынша түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен сабақ жүргізу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келемізБіздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз-Ел бірлігі болуы керек. Осындай жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз»- деп атап көрсеткен. 1
Қазақстан өзін әлемге аймақтық аумағының кеңдігімен емес, халқының көптігімен де, тіпті алуан түрлі ұлттардың береке бірлігмен ғана емес, «білімділігімен» таныта алады. «Халықты –халықпен, адамды-адаммен теңестіретін білім»- деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым жоғары білім беру мәселесі тұрады. 2
Әлемдік білім аймағына кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі құрылуда, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістердің тереңдігі соншалық, білім берудің мақсаттарына құндылықтарына, әдістеріне және құралдарына қатысты және педагогтардың кәсіби санасын қайта құрумен байланысты. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер мен жаңалықтар енгізумен, жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізіледі. Еліміздегі жүргізіліп жатқан зерттеулер , іс –тәжірибелер, атқарылып жатқан істер білім беру өызметіне жаңаша қарауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударуды, мұғалімнің іс-әрекетіне ерекше жауапкершілікпен қарап. Ұйымдастырушылық жұмыстарды жаңаша жүргізуді талап етеді. 3
Қазақстанның ұлттық білім беру саясаты көкейкесті мәселе. Президенттің 2010 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары туралы» Жарлығында былай делінген:
-2015 жылға қарай Қазақстанның жоғары мектебі Болон үрдісінің негізгі параметрлеріне сәйкес тиімді әрі табысты жұмыс істеуі керек.
-2020 жылға қарай Қазақстанның жоғары білімінің сапасы білім саласындағы озық әлемдік тәжірибелерге сай болуы тиіс;
-отандық жоғары оқу орындарының түлектері сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті болуы керек. 4
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға араналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» атап көрсетілген. 5
Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде студенттерге көрнекілік әдіс-тәсілдер арқылы білімін жетілдіру.
...