Балалар тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасын пайдалану жолдары және оның мазмұны
Автор: Толганай Жанабет • Июнь 4, 2024 • Реферат • 828 Слов (4 Страниц) • 80 Просмотры
Балалар тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасын пайдалану жолдары және оның мазмұны; List
Келесі жағдаятты шешіңіз.
Айбар 5 жаста. Сурет салғанды, мүсін жасағанды, қолмен әртүрлі бұйымдар жасағанды ұнатады. Тәрбиеші ата-анасына баланы сурет мектебіне беруді ұсынған, алайда ата-анасы одан бас тартып, баланы спорт мектебіне беретінін шешіп қойыпты. Балабақшада ол ешкіммен ойнамайды, өзіне ешкімді жолатпайды, мінезі тұйық, баяу, ұнатқан ісінен зейінін бөлу қиын. Сіздің әрекетіңіз.
Келесі жағдаяттарда қандай психологиялық құбылыстар (процестер, қасиеттер және қалып) көрініс бергенін анықтаңыз:
А) оқушы үй тапсырмасын зейін қойып орындайды;
Ә) қызы кинодан алған әсерін анасына таңдана баяндайды;
Б) басшы өз қарауындағы адамдарға өте қатал және қарым-қатынасы дөрекі, кез келген жайттарға көңілі толмайды;
В) бала сыныбы серуенге бармайтынын естігеннен кейін көңілі түсіп, жабырқаулы;
Г) даяршы келген адамға ассортименттегі барлық ыстық тамақтың түрлерін атап шықты.
Келесі жағдаяттарда қандай психологиялық зерттеу әдістері қолданылған?
А) зерттелушілер тобына жазбаша түрде қызығушылықтары бойынша сұрақтарға жауап беруі қажет
Ә) психолог балаларға әлемде жоқ жануар суретін салуды ұсынады
Б) психолог зерттелінушіге «қорқынышты» суреттерді көрсетіп, бұдан туындаған терісіндегі электр тогына қарсылығындағы өзгерісін тіркейді.
Келесі тапсырмалар қандай ақыл-ой операциясына жататынын анықтаңыз және ақыл-ой жаттығуларының балаға маңызың түсіндіріңіз.
А) Берілген ұғымдардың ішінен жанды және жансыз заттарды тап: құс, тақта, көлік, мысық
Б) Берілген фигуралардан үй құрастыр;
В) Ғимараттан қандай фигуралар көріп тұрсың
Г) Берілген суреттерден көкністер мен жемістерді бөліп ал.
Келесі мінездеме бойынша темперамент түрін анықтаңыз.
Жағдай тез өзгерген кезде де жаңалықты меңгеруге қызу кірісіп, оған бейімділігін көрсетеді, жаңаны тез қабылдағыш. Айналасындағы адамдармен, ортаға тез үйренеді. Зейінін тез ауыстыра алады. Сезімге берілгіш. Қызықты сабақта белсенділік, қабілеттілік танытады. Достарымен тез тіл табысады.
Келесі мінездеме бойынша темперамент түрін анықтаңыз.
Ерекше зейін қоюды талап ететін қызу қарқынды еңбектен кейін ешқандай шаршағандық белгісі байқалмайды. Үлкен жауапкершілік жүктелген қиын кездерде қызбалыққа салынбай, сергек, өзіне-өзі сенімді жүреді. Ақыл-ойы жұмыста белсенді, әрқилы күрделі мәселелерді шешуге бейім. Жұмыста өзбетінше әрекет етеді, дербес өз ой-пікірі бар.
Келесі жағдаятты шешіңіз.
Сіздің тобыңызда меланхолик бала тәрбиеленеді. Өте сезімтал, әр айтылған ескертуге бірден ренжіп қалады, балалармен ойын уақытында жылап қалады, сол себепті балалармен көп ойнамайды. әсіресе, өзі жалғыз сурет салып отырғанды ұнатады. Бұл баламен қандай жұмыстар жүргізу керек?
Келесі жағдаятты шешіңіз.
Азамат өте гипербелсенді бала. Баяу жұмысты орындай алмайды. Ол үнемі қозғалып ойнағанды ұнатады. Алайда оның шектен тыс белсенділігі қалғандарына бөгет жасайды. Азаматпен қандай жұмыс жүргізуге болады?
Келесі жағдаяттарда қандай психологиялық зерттеу әдістері қолданылған?
А) зерттелушілер тобына жазбаша түрде қызығушылықтары бойынша сұрақтарға жауап беруі қажет;
Ә) психолог балаларға әлемде жоқ жануар суретін салуды ұсынады;
Б) психолог зерттелінушіге «қорқынышты» суреттерді көрсетіп, бұдан туындаған терісіндегі электр тогына қарсылығындағы
...