Балаларды жаңа ойыншықпен таныстыру әдістемесі
Автор: kalamkas240384 • Январь 18, 2021 • Реферат • 581 Слов (3 Страниц) • 728 Просмотры
Дәріс
Тақырыбы: Балаларды жаңа ойыншықпен таныстыру әдістемесі
Жоспар:
- Жаңа ойыншық туралы түсінік және онымен ойнау реттілігі.
- Ойыншықтарды сақтау ерекшелігі.
Топта жаңа ойыншықтың пайда болуы-әрқашан да қуанышты жайт.Балаларды онымен таныстыру әдістемесі алдымен педагогтың қандай міндетті шешкісі келетініне байланысты. Егер ол балалардың назарын ойыншықта бейнеленген қандай да бір затқа аударғысы келсе, ол соны көрсетіп, оның өзіне тән қасиетін, сапасын айтып береді.
Ересек кісі, баланы, аңды бейнелеген ойыншықты көрсете отырып, тәрбиеші оған өзінің оң көзқарасын білдіреді, сол арқылы балалардың да оған сондай ықыласын туғызады.
Сюжетті-моторлы ойыншықтарды әкелгенде оның атқаратын қызметін, онымен жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету қажет.
Көңілді, қызықты ойыншықты көрсетер алдынан қызықтыра түсетін ескерту жасап қояды. Балалардың жаңа бір нәрсені күтуі олардың ықыласын күшейтіп, ойыншықты қуанып қарсы алуға дайындайды.
Егер ойыншық нәзік болып,механизімі абайлап ұстауды қажет етсе, бұл жөнінде балаларға ескертіп, сынып не бұзылып қалғандп ренжімес үшін оны күтіп ұстаудың тәсілдерін көрсетіп беру керек.
Қандай ойыншықты да ойыннан бөліп алуға, көрнекі құралға айналдыруға болмайды. Балалар ойыншықты ойын үстінде, ойын әрекеттері кезінде игеріп, өз әлеміне қабылдайды.
Ойыншықты ойнау процесі, балалардың онымен ойнау тәсілдерін меңгеруі әр түрлі ойыншықтар жөнінде бірдей болмайды. Біреулері балалардың өздігінен ойнауына тез көнігіп кетеді, бірақ қалай ойнауды білмейді. Бұл жағдайда балалар әдеттегі ойын әрекеттерін ғана жасайды: қуыршақты тамақтандырады, ұйықтауға жатқызады, киіндіреді т.т. Балалардың ұғымын кеңейту үшін педагог алуан түрлі ойыншықтарды- қуыршақтың «серіктерін»:оның киімін, тұрмыс, еңбек заттарын талай мәрте қайталап көрсетеді. Мектепке дейінгі балаларды жаңа ойыншықпен таныстыра отырып тәрбиеші ойын элементтерін пайдаланады: қуыршақтың атынан оның қайдан келгенін, қайда және қай жерде тұрғанын қандай ертегілер, өлеңдер, ойындар білетінін, т.т. айтады. Ойыншыққа ықылас туғызып, балалардың назар аударуы қажет нәрселердің бәрін хабарлап болып, педагог жаңа ойыншықпен ойын ұйымдастырады.
Ойыншықтарды сақтау ерекшеліктері мыналармен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты:
- Ойыншықтарға балалардың қолы жететін және олармен өздігінен ойнау мүмкіндігі болуы;
- Ойыншықтардың орналасуындағы толық тәртіп, әрбір ойыншықтың тартымды түрінің сақталуы;
- Ойыншық шаруашылығында балалардың өздерінің тәртіп сақтауы, оларға ұқыпты қарауы.
Бірінші талапқа ашық текшелері бар сөрелер неғұрлым сай келеді. Текшелер балалардың бойы жететіндей, ойыншықтарды ерекше саймансыз-ақ оңай алатындай болып орналасуға тиіс. Оларда әр түрлі ойыншықтарға тұрақты орын бөлінеді. Ірі құрылыс материалдары үшін төмендегі, сюжетті-образды ойыншықтары үшін-одан жоғарылау, стол үстінде, қағазға басылған ойындар үшін ең жоғары текшелерді пайдаланған дұрыс. Бір ойншықтарды тасалмай, көрініп тұруын қамтамасыз ету қажет.
...