Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауыл кітапханасы дамуының перспективалық нысаны ретіндегі модельді кітапхананың теориялық аспектілері

Автор:   •  Май 22, 2018  •  Дипломная работа  •  23,161 Слов (93 Страниц)  •  936 Просмотры

Страница 1 из 93



Кіріспе

Қазіргі таңда, елдің әр өңірлері мен халықтарының ақпараттық теңсіздігін азайту мақсатында, ақпараттық қоғамның дамуында кітапханалардың рөлін арттыру өзекті мәселеге айналып отыр.  Мәдениетті дамыту саласында қызметтің басым бағыттарының арасында «Қазақстан халықтары үшін мәдени өмірге араласуына тең құқықты және мәдени құндылықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету», кітапхана жүйесінің дамуы (атап айтқанда, жаңарудың кітапхананың материалды-техникалық қорына ықпалы және жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі) бойынша шаралар жиынтығы бөлінген [39].

Бірыңғай ұлттық ақпараттық кеңістікті ауыл кітапханаларын дамытпай құруға болады деп айтуға болмайды.

Қазіргі таңда ауыл кітапханалары Қазақстанның тарихи-мәдениеттік мұрасын сақтауға себеп болатын  елді мекендердің әлеуметтік құрылымының, жергілікті бірлестіктердің қоғамдық өмірінің ажырамас әрі басты бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда ауыл кітапханалары Мәдениет министрлігінің кітапханалар желісінің 80 пайызын құрап, елді мекендердің 52 пайызына қызмет көрсетеді [29,с. 35]. Муниципалды кітапханалар елді мекендер мен олардың қажеттіліктеріне тым жақын орналаса отырып, көп жағдайда, басқа кітапханаларға қарағанда әлеуметтік байланыс міндетін атқарады. Қағида бойынша, олар ауыл тұрғындары үшін ақпарат және білімнің бірден-бір көзі болып табылып, мәдениеттің тұрақты да қол жетімді мекемелері болып қала бермек.  

Бұл кітапханалар өмір сүрудің бір ғана фактісімен ауылдың әлеуметтік және рухани ортасында бүлдіргіш үрдістерге жиі кедергі келтіреді.

Қазіргі уақытта, кітапханалардың ең басты міндеттерінің бірі  - бұл қорлардың құрылуы мен оларға мұқтаждардың қол жетуін қамтамасыз ету жолымен білім беру мен ілімге қол жеткізулеріне ықпал ету. Кітапханалар ұлттық құндылықтың бір бөлігі ретінде қорлардың сақталуы бойынша зор қызметтер атқарады, өз жинақтары туралы ақпараттар таратып, өз қорларын бөледі. Олар ішкі көздерден басқа сыртқы көздерден ақпараттабу және алу саласында мол тәжірибеге ие және білім саласында үлкен қолдау көрсетуге шақырылған.

Кітапханалар ақпаратты жеке, білім беру, зерттеу және коммерциялық мақсаттарда қолдануға болатын мағлұматтарға айналдырады. Олардың рөлі пайдаланушыға, бірінші кезекте ауыл пайдаланушыларына, қажетті ақпаратты алып, қолдануға көмектесуден тұрады. Қазіргі қала және ауыл арасындағы ақпаратқа қол жеткізуге шек қоюды жеңу қажет, және бұл кедергіні жою –ауылдық модельді кітапханалардың міндеті.

Модельді кітапхана – бұл тек атауының өзгеруі ғана емес, бұл кітапхана қызметіне ауыл тұрғындарының өмірін, олардың психологиясын сапалы өзгертуі тиіс жаңа тәсіл. Ал бұл үшін, ең бірінші кезекте, ауыл кітапханаларының ресурсты қорын нығайту және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, кадрлық мүмкіндіктерін нығайту, кітапхана қызметкерлерінің санатын көтеру және олардың жаңа талаптарға бейімделуі, кітапхана жаңа оң бейнесін құру тәрізді міндеттерді атқару қажет.

Ауылдық модельді кітапхана – бұл әлеуметтік-тұрмыстық, құқықтық ақпараттың ауылдық орталығы. Бір мезгілде ол жергілікті бірлестік орталығы бола тұрып, ағартушылық, білім беру, мәдени-демалыс міндеттерін ойдағыдай атқарады. Жаңа технологиялар, қызметкерлердің творчестволық жұмыстары оқырмандарға әр түрлі ақпараттарды ұсына отырып, жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Тақырыптың өзектілігі: Азаматтарға қызмет көрсетуде ауылдық модельді кітапхана дәстүрлі және ең жаңа ақпараттық технологияларды, құжат қорлары мен ақпараттың заманауи иелерін қолданады, ғаламдық ақпараттық кеңістікке қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ақпараттық қоғамның құрылуына ықпал етеді.

Жергілікті кітапхана қорларына (жергілікті бірлестіктердің қоғамдық және мәдени өмірін жандандыруға көмектесетін құжаттар мен ақпараттарға) қол жеткізуді қамтамасыз ету олар үшін ең басты маңыз болып табылады. Жергілікті қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ақпараттық қызмет көрсету арқылы кітапханалар өз елді-мекендерінің экономикалық және әлеуметтік дамуына қатысып, келер ұрпақтың дамуы мен әлеуметтік-мәдени қолдауға мұқтаж адамдарға қамқорлық жасайды. Көпшілік кітапханалар, дәстүр бойынша, ағартушылық, мәдени құндылықтарды сақтау міндетін атқарады, әдебиет және оқылым жөнінде маңызды жауапкершілікті көтереді.

...

Скачать:   txt (318.8 Kb)   pdf (854.7 Kb)   docx (102.9 Kb)  
Продолжить читать еще 92 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club