Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсету

Автор:   •  Октябрь 18, 2023  •  Реферат  •  1,526 Слов (7 Страниц)  •  157 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»

Кафедрасы «Экономика», К-2

СӨЖ

Тақырыбы: Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсету

        

Орындаған: 2 курс студенті

Жұлдызханқызы Е.

Тексерген: Сулейменов П.М.

Саяси ғылымдарының кандидаты,

доцент

Алматы, 2023

ЖОСПАР

  1. КІРІСПЕ
  2. Позитивизм даму кезеңдері
  3. Постпозитивизм философиясы
  4. ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



КІРІСПЕ

Позитивизм – (латын тілінен аударғанда “Positivus” – позитивті, оң деген мағынаны бідіреді ) – 19 ғасырдың 30-шы жылдары қалыптасқан және біздің заманымызға дейін жалғасын тауып келе жатқан философиялық бағыт. Позитивизм-философияның бір саласы болып табылады. “Позитивизм” терминін ғылымға француз философы О.Конт енгізген. Жалпы «Позитивизм» –  шетел философиясының нақты ғылымы, нағыз шынайы білімнің бірден-бір көзі деп жариялайтын және философиялық зерттеулердің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыты. Позитивизмнің тууы спекулятивтік философияның ғылым дамуы алға қойған философиялық мәселелерді шешуге қабілетсіздігіне өзінше бір жауап болды. Басқа да ұшқарлыққа ұрынған позитивизм, білім алудың құралы ретіндегі теориялық спекуляциялық жорамалды мүлдем теріске шығарады. Бұрынғы философиялық мәселелерін, ұғымдары мен қағидаларын, олардың абстрактілігі жоғары болуының салдарынан тәжірибе арқылы шешіле де, тексеріле де алмайтындығы себепті, позитивизм жалған және жоқ болған деп жариялады. Мәні жөнінен позитивизм белгілі-бір жағдайға ұшқары логикалық тұжырымдарға дейін жеткізілген эмпиризм.

 Конт есімімен позитивизмнің бірінші этапының дамуы тығыз байланысты. Конттың ең көлемді еңбектерінің бірі: «Позитивтік философия курсы». Позитивизм философиясының басты мәні мынада болған: метафизика эрасы бітіп, позитивті білім, яғни позитивизм эрасы басталды.

Позитивизм өзінің дамуында негізгі үш кезеңді басынан өткерді:

– «Бірінші позитивизм немесе Классикалық». Философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері: О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль. Позитивизмнің бірінші формасынағы басты идеялар:

• Феноменализм;

• Индуктивизм принципінен абсолютті іздестіру барысында саналы түрде қабылданатын тыйымдардың пайда болуы;

• Табиғат пен қоғам танымындағы идеализм;

• Әлеуметтік революцияларға теріс қарым қатынас

Позитивизмнің бірінші формасының идеологиялық кредосы – прогресс пен жинақылық болды.

– «Эмпириокритицизм» –  Э.Мах және Р.Авенариус есімдерімен байланысты (1843 – 1886). Бұл стадияның бірішіден айырашылығы, философияның басты міндеті барлығын қамтиын ғылыми білімнің жүйесін құру емес, керісінше, ғылыми білім теориясын қалыптастыру. «Эмпириокритицизм» теориясын Авенариус енгізген. Ол «Сынақ критикасы» мағынасын білдіреді. Эмпириокритицизм консерватизм ұғымымен тығыз байланыста. Махизм:‘дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс’ деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.

– Неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысады. Немесе «Логикалық позитивизм» деп те атайды. Логикалық позитивизмнің негізгі мақсаты – метофизикаға қарсы күрес болып табылады. Логикалық позитивизм спецификасының мәні мынада, флософиялық әдіс негізінде жаңа математикалық логика үстемдік алады. 20-шы, 30-шы жылдары неопозитивистер ғылыми білімнің редукционистік әдісіне жүгінген. Бұл редукция сол кездері ғылыми анализдің басты есебі болып саналған. Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

...

Скачать:   txt (23.1 Kb)   pdf (164.5 Kb)   docx (62 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club