Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бизнес-модельдің атауы: Дұрыс тамақтанудың күнделікті рационын жеткізу

Автор:   •  Февраль 26, 2018  •  Практическая работа  •  568 Слов (3 Страниц)  •  1,190 Просмотры

Страница 1 из 3

Бизнес-модельдің атауы:

Дұрыс тамақтанудың күнделікті рационын жеткізу.

Ағзаны тазарту

Артық салмақтан арылу

Салмақ қосу

Спортшыларға арнайы тамақтану.

  1. Біз қандай өнім сатамыз?

Біздің ұсынып отырған өніміміз қазіргі ХХІ ғасырда дұрыс емес тамақтанудан пайда болған әр түрлі аурудың түрлері мен семіздіктің алдын алуға арналған адам денсаулығына пайдалы өнім.

  1. Біз кімге сатамыз?

Біздің өнімді спортпен айналысушылар, артық салмақтан арылғысы келетін адамдар, дұрыс тамақтануды қолдайтын адамдар, организімін дұрыс тамақтану арқылы тазартқысы келетін кез келген салауатты өмір салтын сақтағысы келетін адамдар тұтынады.

Өнім-клиент.

Бәсекелік стратегия.

Біздің клиенттеріміз біздікіндей өнімді басқа компаниялардан да ала алады.

Не үшін клиентер сізден ғана алады? Сізден алмаса нені жоғалтады?

Біздің өнімді тұтынатын клиенттер арнайы мамандармен дайындалған өнімді тұтынады, әр өнім сапалы балғын азық-түліктерден дайындалады әрі әр клиенттің үйінің есігіне дейін уақыт-уақытымен жеткізіліп отырады. Клиенттердің жеке дара программалары арқылы арнайы диетолог мамандармен, фитнес тренерлармен, психологтармен тексеріліп тұрады.  Біздің компания сіздің уақытыңызды үнемдейді, яғни дүкенге бару, тамақ жасау, ыдыс жуу сияқты. Әр клиенттің күнделікті рационындағы калориясын өзіміз санап отырамыз. Сондықтан да клиенттерге индивидуальді қызмет көрсетілген соң олар бізден сатып алады.

Нарықта біз өнімімізді қалай сатамыз?

Нарықта өніміміздің тез тарауы үшін қазіргі заманғы әлеуметтік желілер арқылы дұрыс тамақтануды насихаттаумен айналысамыз. Ұсыныстар жасаймыз, түсіндіреміз, және біздің бағдарламалар арқылы жетістікке жеткен жандарды мысал ретінде көрсетіп дәлелдейміз.

Бизнес-модельдің 9 блогы.

1)Тұтынушы сегменттері.

Біз құнды ұсыныстарды халық үшін жасаймыз. Себебі қазіргі заманда дұрыс тамақтанбау арқылы әр түрлі ауруларға шалдыққан, артық салмақпен күресіп жүрген, салауатты өмір салтын сақтағысы келетін адамдар өте көп. Және де осындай клиенттер біз үшін маңызды.

  1. Құнды ұсыныстар.

Біз клиенттердің көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра аламыз. Ас – адамның арқауы демекші, қалада жұмыстан қоы босамай уақытылы тамақтанбай жүрген адамдар өте көп, соларға дер кезінде дұрыс тамақтанудың күнделікті рационын уақытылы жеткіземіз.  Сондай ақ біз клиенттердің артық салмақтан арылу, немесе керісінше салмақ қосу, организмді тазалау сияқты өзекті мәселелерін шешеміз. Тұтынушыға өзіне керекті арнайы жасалған бағдарламаларымызды ұсынамыз.

  1. Өткізу каналдары.

Қазіргі заманда кез келген адам әлеуметтік желелерді кеңінен қолданады. Сондықтан да біздің өнімді жарнамалау мен таныстырып, түсіндіру, өткізу каналдары осы әлеуметтік желілер болып табылады.

...

Скачать:   txt (8.7 Kb)   pdf (88.5 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club