Арнайы педагогика тарихы
Автор: Mavlyu • Сентябрь 28, 2021 • Реферат • 1,191 Слов (5 Страниц) • 594 Просмотры
ҚР-дағы ерекше білімді қажет ететін тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды. Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің карама-кайшы жақтарын аныктау және арнайы білім алатын балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы аныкталған тарихи кезенде көрініс тапты.
Қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жиі кездеседі. Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің калыптасуына бағасыз үлес қосқан.
Азамат соғысы кезінде, ашаршылық, эпидемия және т.б. айғакты себептердің соның ішінде: арнайы мектептердің аздығы, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде ерекше білім алатын балалар, бұзақылар қайыршылар көбейіп кетті.Бұл мәселелерді шешу, яғни арнайы білім алушы балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс істеу тәжірибесі аздығы болған, ерекше балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ерекше балалардың мәселесіне көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды.
Қазақстанда ғылым мен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді, данышпандары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. мүмкіндік туғызды.Ғалымдардың педагогика жене психологияның мәселелеріне ой пікірлері құнды болды.А.Байтұрсыновты қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол «білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері» деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырған.
Қазақстанда ерекше білім алушы балалардың алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. Бұл конференцияда ең бірінші рет ерекше балаларга арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру мәселесі, оларды оқыту, тәрбие беру мекемелерінің ажырату,арнайы білім алушы балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары қарастырылған. Балалардың ерекшеліктеріне байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен катар жүреді. Балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру-түзету пунктері ашылды. Ал ерекше балаларға арналған мамандырылған мекемелер біздің республикамызда баяу дамыды.1921жылы Орынборда ең алғаш рет ерекше білім алушы тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқулықтары бар балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922ж Республикада әртүрлі ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мектептердің кажеттілігі өсе берді. 1926 жылы еліміздің білім берудің дамуыту жобасында арнайы мектептер ашу қарастырылған болатын, бірақ экономикалық жағдайдың киыншылықтары мұны жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған.
Сонымен, Қазақстанда
...