Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шардара тарихы

Автор:   •  Февраль 5, 2018  •  Реферат  •  7,781 Слов (32 Страниц)  •  1,994 Просмотры

Страница 1 из 32

                                                         Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Шардара жері ежелден-ақ өзінің тарихи өркениетімен қалалық мәдениетімен бүкіл Жібек жолы аймағына танылған тарихи өлке. Шардара атауы тарихи деректерде парсы сөзі Чардара яғни төрт қақпа сөзін білдірген. Аты көрсетіп тұрғандай Шардара жері ежелден-ақ мәдениет пен сауда гүлденген Жібек жолы бойында жатқан өркениет орталығы болған мекен. Олай дейтін себебі Шардара қаласы түстігінде  Самарқанд теріскейінде Шаш (Ташкент) Батысында Бұқара шаһарлары төрт бұрыш болып орналасқан Шардара  керуен жолдарының түйіскен орта тұсында жатыр. Шардара жерінің ежелгі мәдениет ошағы екенін анықтаумен дәлелдеуде археологтардың еңбектері ерекше. [1,  36-б]

Алпысыншы жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты  ұйымдастырған Шардара экспедициясының Сырдарияның Орта ағысына Шыназран  қазіргі Шардара ауылына  дейінгі аймақты қамтитын зерттеу нәтижелері барысында біздің дәуіріміздің І-ІІІ-ғасырлары аралығында Шардара аймағын мекендеген тайпалар мәдениеті туралы тың мағлұматтарда баға жеткізуді  мұра деп бағалауға болады.

Жалпы алғанда Шардара жері тарихи атаулар мен орындарға бай. Мәселен Көксутөбе, Қауынбай молда жотасы, Жамантоғай обалары, сүткент, Ұзын-ата жаушықұм мен Қызылқұм аңғары өзінің тарихилылығымен ерекше. Мысалы, Көксутөбе атты жер ежелгі дәуірден және орта ғасырдан сақталған І – ХІІ ғасырлар аралығын қамтыған, Көксу-төбедегі 1949 жылы  белгілі археолог ғалым А.Н.Бранштам бастаған экспедиция ашты. Кейін  1982 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының археологы белгілі ғалым Н.П.Подушкин бастаған археологиялық экспедиция жалғастырды.

Шардара жерінің ерекше бір тарихи орны ретінде Жаушықұм төбе қалашығын атап айтуға болады. Бұл тарихи орын 50-60-шы жылдардағы ғылыми археологиялық экспедиция негізінде ашылған.

Белгілі археологтар Г.И.Пацевич пен Е.И.Агееваның зерттеулері бойынша бұл қалашық біздің заманымыздың ІІІ-ші ғасырында қалыптасса, кейіннен VІІІ – ғасырларда жаугершілік шапқыншылықтан қираған» - деп тұжырымдайды.

Қазіргі Шардара ауданының қалыптасуы мен өз алдына әкімшілік аймақ ретінде қалыптасуында өндіріс орындарының көптеп салына бастауы өз әсерін тигізді. Шардарада 1958 жылы «Шардара құрылыс» басқармасы құрылып, осы бастан аймақта өндіріс орындарының алғашқы толқыны қалыптаса бастады. Шардарадағы өндірістерді салуда Кеңестер Одағының  әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар жоғары білімді мамандар, осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 жылы  15 қазанда Мемлекеттік комиссия сиымдылығы 5 млрд  700 млн м3 Шардара бөгені мен су электр стансасының құрылысынеың аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды. Шардара су қоймасы бүкіл Одақ бойынша салынған ең ірі гидротехникалық құрылыстардың бірінен саналды. Сол жылы Сырдария өзенін баспай ұзындығы 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды,  1868-69 жылдары Шардара балық өсіру кәсіпорны, Шардара құрылыс материалдар комбинаты  мен мақта өңдейтін завод салынды.

        Өндіріс пен өнеркәсіптің өсуі мен гүлденуі тұрғындардың өсуі Шардараның кеңеюін көрсетіп жеке аудан ретінде құрылуына негіз болды. Көп ұзамай-ақ 1968 жылы Шардара ауданы құрылды, орталығы Шардара қаласы болды.

Аудан халқы ауыл шаруашылығымен белсенді түрде айналысты. Ауданда мақта, егін, мал шаруашылығы гүлдене түсті, әсіресе мал саны өсті. Тұрғындар игілігі үшін мектептер мен ауруханалар ашыла бастады.

Қазіргі таңда Шардара Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты аграрлы аудандардың бірі. Халқының саны 70 мыңдай болды. Тәуелсіздігіміздің  бастапқы жылдарында Шардараның негізгі өндіріс орындары күйзеліске ұшырап кейбіреулері тіптен тоқтап қалды. Бірақ бұл уақытша өтпелі кезеңнің құбылысы еді.

...

Скачать:   txt (107.3 Kb)   pdf (317.6 Kb)   docx (42.7 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club