Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамгершілік – рухани тәрбие негізі

Автор:   •  Март 1, 2024  •  Лекция  •  470 Слов (2 Страниц)  •  118 Просмотры

Страница 1 из 2

Тәрбие жұмыстарының бағыттары

Рухани-адамгершілік тәрбие

Сабақтың тақырыбы:

«Адамгершілік – рухани тәрбие негізі»

Мақсаты:

         Білімділік:  Адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі.
          Дамытушылық: оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.
         Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, этикалық әңгіме, әңгімелесу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, видео материал.

Жүру барысы:

Мұғалім:

«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз»,- деп Абай ақын о заманда-ақ жырлап кеткен. Адамды адам қылған еңбек болса, сол адамды сақтап, оны дамытатын оның адамгершілігі, рухани байлығы. Ал бүгінгі күнде біздің міндетіміз сол қасиеттерді сіздерге дәріптеп, үйрету. Ендеше, бүгінгі сынып сағатымызды мына видеороликпен бастайық.
(https://youtu.be/yPkqu3LY848?si=miZatqJugWc-7tyc)

Мұғалім(видеоролик бойынша оқушыларға сұрақ қояды):

  1. Балалар бұл ертегіден қандай ой түйдіңіздер?
  2. Қандай әсер алдыңыздар?
  3. Бұл ертегі сіздерге пайдалы болды ма? Несімен пайдалы?

(Оқушылар өз ойларын білдіреді)

Мұғалім:

Ендігі кезекте сіздерге берілген парақтарға жұптарыңызбен бірге адамгершілік, рухани байлық жайында класстер немесе сурет салып көріңіздер. Еркін форматта тақырыпқа қатысты бір шығармашылық жұмыс болсын. Өлең жазам десеңіздер де болады. Сіздерге 7 мин уақыт беремін.(Оқушылардың бірнешеуі жұмыстарын көрсетіп, қалғандарын мұғалім жинап алады)

Мұғалім:

Жарайсыңдар, оқушылар! Бүгінгі тақырыпты түсініп жатқандарын көрініп тұр. Енді мен сіздерге бір ғибрат әңгіме оқып берейін. Мұқият тыңдап, ой елегінен өткізіп отырыңыздар.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (117.9 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club