Абсолютті және қатысты шамалар
Автор: aidanaramazan • Апрель 9, 2018 • Реферат • 358 Слов (2 Страниц) • 2,595 Просмотры
Абсолютті және қатысты шамалар
Абсолютті шамалар құбылыстардың мөлшерін,көлемін көрсетеді.Абсолютті шамалар негізінде қатысты шамаларды,орташа шамаларды есептейді.Олар дербес және жалпы болып екіге бөлінеді.Дербес абсолютті шамалар жиынтық бірліктерінің сандық белгілерінің мөлшерін көрсетеді.
Жалпы абсолютті шамалар дербес абсолютті шамаларды қосу арқылы анықталады.Абсолютті шамаларды өлшеу үшін табиғи,құн,еңбек өлшем бірліктері қолданылады.
Қатысты көрсеткіштер бір абсолютті шаманы екінші бір шамаға бөлу нәтижесінде анықталады және олар әлеуметтік-экономикалық процестер мен құблыстардың сандық сипаттамаларының арақатынасын көрсетеді.Олардың жоспарлық тапсырма,жоспардың орындалу дәрежесі,динамикалық,құрылымдық,координациялық,интенсивті,салыстырмалы қатысты шамалар деген жеті түрі болады.Қатысты шамаларды құблыстардың даму қарқындылығы,басқа құблыстардың даму қарқындылығын,басқа құблыстармен салыстырғандағы даму деңгейін анықтау,аумақтық,халықаралық салыстырулар жасау үшін қолданады.Сол сияқты өндіріс тиімділігін зерттегенде қатысты шамаларды пайдаланады.
Тақырып бойынша тапсырмалар,тест сұрақтары
Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық туралы мынадай мәліметтер берілген (мың адам):
Көрсеткіш | 2006 | 2007 | 2008 |
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық соның ішінде; | 8028,9 | 8228,3 | 8415,0 |
Жұмыспен қамтылған халық | 7403,5 | 7631,1 | 7857,5 |
Жұмыссыздар | 625,4 | 597,2 | 557,8 |
Осы мәліметтер бойынша есептеңіз
1)әр жыл үшін жұмыспен қамтылғандардың және жұмыссыздардың үлесін;
2)әр 1000 жұмыспен қамтылған халыққа келетін жұмыссыздар санын;
3)берілген көрсеткіштердің динамикасын.
Қолданылған қатысты шамалардың түрін анықтаңыз.Қорытынды жасаңыз.
2.Есепті жылы еңбек өнімділігін 3%-ға арттыру жоспарланды.Жоспар ә пайызға артық орындалды.Өткен жылғы еңбек өнімділігінің деңгейі 210000 теңге болса,есепті жылы бұл көрсеткіштің мәні қанша болды?
3.Төменде ҚР-ң халқы және ЖІӨ-ді туралы мәліметтер берілген
Көрсеткіштер | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 |
Халық саны мың адам | 15013,0 | 15147,1 | 15308,1 | 15484,2 | 15674,0 |
ЖІӨ млрд тг | 5870,1 | 7590,6 | 10213,7 | 12849,8 | 15936,2 |
Осы мәліметтер бойынша есептеңіздер
1)Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді
...