Әлеуметтік стигматизация (көп балалы және жалғызбасты отбасыларға қатысты әлеуметтік стереотиптер)
Автор: a.kabylkanova • Февраль 12, 2023 • Реферат • 796 Слов (4 Страниц) • 261 Просмотры
Әлеуметтік стигматизация (көп балалы және жалғызбасты отбасыларға қатысты әлеуметтік стереотиптер)
Әлеуметтанулық сауалнама деректеріне сәйкес респонденттердің көпшілігі алкогольге немесе есірткіге тәуелділіктен зардап шегетіндерді (52,4%) «тұрмысы нашар» отбасылар санатына жатқызады. Сондай-ақ, бұл топқа қоғамға жат өмір салтын ұстанатын (13,5%), балаларды бақыламайтын, оларды тәрбиелемейтін (10,4%) ата-аналары және/немесе балалары бар отбасылар кірді. Бұл ретте сауалнамаға қатысушылардың тек 3,1% және 1,8%-ы табысы төмен және толық емес көпбалалы отбасыларды тұрмысы нашар отбасыларға жатқызған.
Көп балалы және жалғызбасты отбасылар құрамы жағынан біртекті емес, оларға әртүрлі әлеуметтік және материалдық жағдайы бар отбасылар жатады. Алайда, қоғам отбасылардың бұл санаттарын әлеуметтік-осал деп қабылдайды.
Көп балалы болуды әдетте отбасының аз қамтылуымен және жалпы тұрмысының төмендігімен, соның ішінде ішімдік ішетін ата-аналармен және панасыз балаларымен байланыстырады. Әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram), БАҚ-тағы жарияланымдарға жүргізілген шолулар қоғамда көп балалы отбасын масылдықтың әлеуметтік түрі ретінде қабылдайтын теріс үрдіс байқалғанын растайды. Көп балалы болу әлеуметтік жәрдемақылар, тұрғын үй, қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуде басқа да мемлекеттік қолдау сияқты қосымша әлеуметтік игіліктер алу тәсілі деген тұрақты пікір қалыптасқан. Көпбалалы отбасылар туралы «кедейлер қатарын толықтыруда» дегенді естуге болады және осындай отбасылардың материалдық және моральдық жағынан нашарлауы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
«Жалғызбасты ана» әлеуметтік стигмасы баланы күйеусіз тәрбиелейтіндердің өмір салтын қоғамның теріс қабылдауын балалардың өмірін қамтамасыз ету және дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді бере алмайтындығымен сипаттайды. Жалғызбасты аналар баланың әкесі, ата-анасы және қоршаған ортасы тарапынан өздеріне немқұрайлы немесе жақтырмайтын көзқарасқа тап болады.
Сонымен қатар, көпбалалы және жалғызбасты отбасылар үшін негізгі проблемалардың бірі материалдық сипаттағы проблема болып табылатынын атап өткен жөн. Алайда, бұл тұрғыда көп балалы отбасылар ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз етілгендіктен және әдетте бұл отбасылардағы аналар жұмыс істемейтіндіктен, мұндай әлеуметтік төлемдердің болмауына байланысты жалғызбасты ата-аналар жұмыс істеуге мәжбүр және жұмыс істеуі керек.
Жалғызбасты отбасының әлеуметтік осалдығы негізінен тұрғын үй сатып алу, білім алу мүмкіндігінде көрінеді, өйткені оған бір ата-ананың табысы жетпейді. Сондықтан, жалғызбасты отбасылар тұрғын үй және оқу квоталарын алатын санаттар тізіміне енгізілген.
Қолданыстағы стигмалар осы отбасылардың мүшелеріне үлкен зиян келтіреді, өйткені оларда ұят, толық дамымағандық сезімдері пайда болады, көп балалы отбасына жататындығын немесе отбасында ата-анасының біреуінің жоқ болу фактісін жасырғылары келеді. Балалар көбінесе өзін-өзі бағалауын төмендетеді, бұл олардың кейінгі тағдырына теріс әсер етуі мүмкін.
Қазіргі уақытта қоғамда қалыптасқан стереотиптерді жою мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары көп балалы отбасыларының жағымды, жақсы мысалдарын тұрақты түрде жариялайды49, қазақстандық отбасылар күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Ал жалғызбасты ата-аналарға қатысты мұндай мысалдар өте аз.
Сонымен қатар, стереотиптерді жоюға отбасылардың осы санаттарының өкілдері іс жүзінде қатыспайды, олар тек сюжеттер мен мақалалардың кейіпкерлері. Осылайша, қолданыстағы шаралар жеткіліксіз. Стигматизацияның себептерін түсіну және оны еңсерудің заманауи тәсілдерін әзірлеу үшін республика тұрғындары арасында, оның ішінде осы санаттағы отбасылар өкілдерінің қатысуымен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу қажет.
...