Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өмірлік және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стрессті басқару

Автор:   •  Октябрь 5, 2022  •  Реферат  •  2,502 Слов (11 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті:          Филология

Кафедрасы:            Қазақ тілі және әдебиет

        МӨЖ

Тақырыбы: «Өмірлік  және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді     қанағаттандырудағы стрессті басқару»

             

              Орындаған: Есіркепова Т.Ж.

                                                                                 Тексерген: Жұбаназарова Н.

                        Алматы, 2022ж.

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

ІІІ. СТРЕССТІ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫ

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І. Кіріспе

        Қазіргі қоғамда адамның психологиялық тұрақтылығына және мінез-құлық, көңіл-күйіне стрестің тигізер әсері орасан зор. Осы орайда «стресс неден туындайды?» деген сұрақ ойымызға бірден келері сөзсіз. Көп жағдайда стресс тұлғаның өз қажеттіліктерін қанағаттандыра аламауына байланысты туындайды. Мысалы, отбасының әлеуметтік,экономикалық  жағдайының нашар болуы жүйке жүйесінің  сыр беруіне әкеліп соғады. Сонымен қатар, жұмыс жасау барысында шамадан тыс тапсырмалар мен мақсаттар физикалық және эмоционалдық тұрғыда маманның шаршауына, әлсіздік танытуына, яғни стресстік күйге түсуіне әкеліп соғады. Бұл жағдайда қызметкердің стресстік күйі тұлғаның өзіне ғана әсер етіп қоймай, тұтас ұйымның құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін. Кәсіби күйзелістерді және оларды жеңу әдістерін зерттеу өзектілі соңғы жылдары күрт өсті.  Ғалымдардың айтуынша, тұлғаның күйзеліске түсуінің өзекті мәселеге айналғанының бірден-бір себебі – әлемдік экономикалық дағдарыспен тікелей байланысты. Дағдарыс салдарынан адам өз қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмауда.

        Адамдардың, яғни, әр тұлғаның өмір сүруі үшін көптеген қажеттіліктер керек. Атап айтар болсақ: тамақ, киім-кешек, құрал-жабдықтар мен баспана деп бір топқа бөлсек, екінші топқа – заман ағымына сай білім алу қажеттілігі. Адамзат пайда болғаннан бері өз қажеттілігін игеру мақсатында әрқашанда миға психологиялық салмақ түсіріп отрыған. Десек те, ежелгі адамдар мен жаңа заман адамдардың қажетіліктерінде орасан зор айырмашылық бар. Бұл – технологияның дамып, түрлі мамандық салалары дамып, адамзаттың қызуғушылығының артуымен байланысты. Түрлі мамандық саласын игеруге талпынған адамзат үшін психологиялық салмақ арта түспек.    Мәселен, арман қуып, белгілі маман иесі боламын деп оқуға түсуі, одан әрі, мыңның ішінен топ жарып, жұмысқа орналаса аламын ба?; дәл осы мамандық менің болашағыма қалай әсер етеді?; Жалақы қанағаттандырады ма?, осы сынды сұрақтар туындауы адамның миына психологиялық салмақ түсіреді. Бұл психологиялық салмақ – стресстің туындауына өз әсерін тигізері сөзсіз.

        Бұл ғалымдардың стресстің туындауын және оған әсер ететін факторларды проффессионалды түрде зерттеуіне ықпал жасады.

ІІ. Теориялық бөлім

        Стресс термині алғаш рет Психологиялық рефераттар журналында 1944 жылы пайда болды (Lazarus & Folkman, 1984). Стресс түсінігінің көпке танымал болуы Ханс Сельеге атты ғалымға байланысты болды, ол биолог ретінде стресс ұғымын физиологиялық түрде дененің оған деген кез-келген керек қажеттілікке бей спецификалық реакциясы деп санайды. Осыған байланысты ол әртүрлі стресстерге тән реакция бар екенін түсінді және ол реакциялардың жиынтығын жалпы бейімделу синдромы деп атады. Осы нақты емес термин әдеттегі реакция жаңа ситуациялар сияқты оң факторларды қоса алғанда, әсер мен стресстің кең спектрін тудыратындығын білдіреді.

...

Скачать:   txt (32.2 Kb)   pdf (131.6 Kb)   docx (18.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club