Әдебиеттануға кіріспе
Автор: Магжан Калдыбай • Январь 29, 2019 • Лекция • 1,278 Слов (6 Страниц) • 1,308 Просмотры
«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша СӨЖ тапсырмаларына әдістемелік нұсқаулық
СӨЖ-1Библиография дайындау БИБЛИОГРАФИЯ – әдебиет туралы ғылымның жанама не қосалқы саласының бірі. Көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл өзіндік жұмыс дайындау үшін студент библиографияның жасалу ұстанымдарын білуі тиіс:
Хализев В.Е. Теория литературы: Учебник/В.Е.Хализев. – 4-е изд., испр. и доп. – М.:Высш.шк., 2007. – 405 с. Ахметбекова А. Қазақ әдебиетіндегі сопылық поэзия. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 312 б. Егер құрастырылған кітап болса, атауы бірінші көрсетіледі: Қазақтың мақал-мәтелдері/Құраст.Ө.Тұрманжанов, К.Ахметбекұлы. – Алматы: Раритет, 2004. – 440 б. Егер автор екеу не үшеу болса, алдына тек бір автордың аты көрсетіледі, авторлар кисық сызықтан кейін көрсетіледі: Нехаев, Г. А. Металлические конструкции в примерах и задачах: учеб. пособие / Г. А. Нехаев, И. А. Захарова. – М.: Изд-во Ассоциации строительных вузов, 2010. – 144 с. Акимов, А. П. Работа колес: монография / А. П. Акимов, В. И. Медведев, В. В. Чегулов. –Чебоксары: ЧПИ (ф) МГОУ, 2011. – 168 с. Ал автор төртеу не одан да көп болса, алдымен кітаптың атауы жазылады, ал қисық сызықтан кейін тек бірінші автордың аты-жөні көрсетіледі: Информационно-измерительная техника и электроника : учебник / Г. Г. Раннев [и др.];под ред. Г. Г. Раннева. – 3-е изд., стереотип. – М.: Академия, 2009. – 512 с.
Мысалы: Әбдиманұлы Ө. Әдебиеттегі азаттық идеясының асыл арналары// Ақиқат. – 2010. – №4, , 49-55бб.
Мысалы: Краснов, И. С. Методологические аспекты здорового образа жизни россиян [Электронный ресурс] / И. С. Краснов // Физическая культура: науч.-метод. журн. – 2013. – № 2. – Режим доступа: http://sportedu.ru. – (Дата обращения: 05.02.2014). .Негізгі
Қосымша
|
СӨЖ-2: Таңдау бойынша ақын/жазушының көркем лексикасына талдау жасау Өздік жұмыс студенттің тіл көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай алу қабілетіне бағытталған. Негізінен өлең алып, оның ішінен троп пен фигуралардың қолданысын анықтау қажет. Барлық троп пен фигура бір өлеңде қолдана бермейтіндіктен, бірнеше өлеңге талдау жүргізгені абзал. Мысалы: Қар жауып жатыр себелеп, Дүние ойға батқандай; Ақша қар - аппақ көбелек, Көбелек ұшып жатқандай.
Ақша қар – аппақ көбелек – метафора; Көбелек ұшып жатқандай – теңеу. Мына өлеңде бірнеше фигуралар орын алған: SOS! (Сақтық жыры) Саналарды жатқан сынды тас іреп: Ғасыр – сойқан... Ғасыр – дүлей... Ғасыр – от... Тартысуда, шарпысуда адамдар, Заман – соқыр... күю, сүю – қасірет... Көңілдерді сыбызғы мен сырнайдан – ада-күде, тамтығы жоқ ырғайды ән. Айдың астын елес кезіп, сұрапыл жүріп жатыр жүректерде бір майдан. Майдан!.. Майдан! Себетіндей үрейді, суық көздер сұр кездігін тірейді. Суық қала... Суық сезім... Сұр үйлер... Суық жандар буатындай сұр ойлы. Салғыласып көк пен жердің өсегі, сұр аспанмен сұр бұлттар көшеді. Түсі суық сұр адамдар келеді қанқақсатып дала, қала, көшені... Ойды, бойды күндіз-түні кемірген, Суық түнде төнердейін жебір-дем... Ібілістің әрекетін сезінген Періштелер көшкендейін өмірден. Безіп сарын сыбызғы мен сырнайдан, домбырасыз, жан төрінде – бір майдан... Майдан! Майдан! Алысуда сұр заман, Адасқан ба?! Жетім өлең жүр қайдан?! Сөзден – шындық... «көзден – бұлбұл», ән ұшып, сұр алаңдар, сұр адамдар алысып. Қатыгездік қыл бұрауын салуда, көзі сұп-сұр, өзі сұп-сұр, қарысып. Көнер емес жамағанмен жыртығын – дүниенің іші – қайғы, сырты – мұң. Сұр адамдар көктің жұлқып сақалын, тырнайтындай жердің ескі тыртығын. Нәті неткен суық, сұрқай кез еді?! Өртенуде тіршіліктің өзегі... Ақыл қашқан алты құрлық аспанын Тәңір үні... Қабір үні кезеді... Ғалам – сұп-сұр... Заман – сұп-сұр... Қасірет! Саналарды жатқан сынды тас іреп. Алысуда... Қағысуда жер үсті Ғасыр – сойқан... Ғасыр – дүлей... Ғасыр – от... Ассонанс Эпитет айқындау Теңеу Метафора ауыстыру Метонимия алмастыру Синекдоха мегзеу Ирония кекесін Гипербола ұлғайту Фигура айшықтау – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Арнау Қайталау Антитеза шендестіру Градация дамыту Инверсия сөз орнын ауыстыру Параллелизм егіздеу Негізгі
Қосымша
|
СӨЖ-3: Көркем шығармаға сюжеттік тұрғыда талдау жасау Кез келген көркем шығарманы сюжеттік тұрғыда талдауда мына мәселелерге мән беру керек: Шығарманың жанрын анықтау: Әңгіме, новеллада бір сюжет, ал көлемді – роман, повесть сияқты жанрларда бірнеше сюжет болатынын ескеру қажет. Композициялық ерекшеліктері: Фабуласын анықтау; Детектив жанрларының композициясы басқа жанрларға қарағанда ерекше екенін ескеру керек. Сондай-ақ пролог, эпилогтарға мән беріп олардың мазмұн ашудағы функциясын анықтау. Сюжеттік компоненттері: Экспозиция не сюжеттің басталуы Сюжеттік байланыс – тартыстың басталуы, оқиғаның туындау себебі, әрекеттің басы Сюжеттік даму Шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы(кульминация) Шешім – үкім, тартыс нәтижесі Негізгі
Қосымша
|
СӨЖ-4: ХХ ғасырдағы әдеби ағымдар(презентация) Белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық-көркемдік бірлік – әдеби ағым. Стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль – әр жазушының дара қасиеті болса, ағым – әр алуан жазушының ортақ сипаты, стиль – жалқыға тән ұғым болса, ағым – жалпыға тән ұғым; стиль – әр жазушының беті болса, ағым – әр жазушының әдеби бағыты. Әрбір әдеби ағым – әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі. Әдеби ағым – тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Бұл әдебиет тарихы материалы. Бароккоға(Италиядан бастау алған 16 ғасыр аяғы – 17 ғасыр басы) қарсы туындаған классицизм 17 ғасыр аяғында туып,18 ғасыр орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде өріс алған ағым – классицизм(лат.үлгілі, өнегелі бағыт) Бұл ағым өкілдері Расин, Корнель, Мольер(комедия), Лафонтен(басня) баяғы көне дүние классикасын өздеріне өнеге тұтты(классицизм аталуы сондықтан). Вольтер(Франция), Гете, Шиллер(Германия) Ломоносов, Кантемир, Фонвизин «Недоросль». Классицистер шығармаларының тақырыбы, ежелгі грек әдебиеті сияқты, ел өміріндегі елеулі, ірі оқиғалар; негізі идеясы – елдің елдігін қорғаушылар ерлер жорықтары, саясаты; негізгі қаһармандары – патша, қолбасы, ақсүйектер қауымы. Классицизм жанрлар: жоғары дәрежедегі жанрлар - трагедия, батырлық поэма, ода. Төменгі – комедия, мысал, сатира Тілі көтеріңкі пафос, шешен сөз Адам образдары бір жақты не мінсіз жақсылар не түзелмес жамандар Классицизм талабы үш бірлік – уақыт бірлігі, мекен бірлігі, оқиға бірлігі «Үш бірлікке» ағынған шығарма мазмұны: 1) бір тәулік ішіндегі шындық, 2) бір орында өтетін тартыс, 3) бір сюжеттік желінің бойында жататын оқиға. Патриотизм, ұлт мақтанышы, қоғам алдындағы борыш, асқақ мүдделер үшін айқас секілді идеялық принциптер
Классицизм Романтизм Сентиментализм Реализм Сыншыл реализм Социалистік реализм Символизм Авангардизм Модернизм Негізгі
Қосымша
|
СӨЖ-5:Өлеңге поэтикалық талдау жасау: ұйқас, өлең өлшемі Он бір, жеті, сегіз буында өлеңдерге мысал келтіру, ұйқастарын анықтау. Абайдың өлеңдеріне талдау жасап, ерекшеліктерін көрсету. Негізгі
Қосымша
|
СӨЖ-6: Оқитын тіл поэзиясының жанрлық ерекшеліктері (презентация) Студенттер оқитын шығыс тіліндегі(қытай, жапон, корей, парсы, араб, хинди, түрік) поэзия жанрларына сипаттама беру. Мысал келтіру. Негізгі
Қосымша
|
...