Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
Автор: moldrakhmet62 • Апрель 28, 2022 • Реферат • 1,330 Слов (6 Страниц) • 1,611 Просмотры
СӨЖ Тақырыбы: Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
Аты-жөні | Еңбегі | Фонетикаға байланысты зерттеген жаңалықтары |
Ісмет Кеңесбаев | «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» | Қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына көптеген іргелі еңбектердің авторы бола тұра тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын да жасаған. Аталған еңбектерінде І.Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі проблемаларын, яғни дыбыстардың құрамы мен жіктелуін, буынның жасалуы мен алмасуын, дыбыстардың үндесуін, сингармонизм, акцентуация мәселелерін қозғаған. |
Николай Иванович Ильминский | «Материалы к изучению киргизского языка» «Қазақша-орысша» сөздік | Н.Ильминский қазақ сөздерін алғаш орыс графикасымен жазған миссионер. Аталған еңбегінде Н.Ильминский айтуынша қазақ тілінде дауыстылар – 8, дауыссыздар – 19. Бұлардан басқа: ай,ей,ый,ій,ой,өй,үй,ұй,ау,оу,ұу,үу түрде күлетін қос дауыстылар бар деп анықтайды. Н.Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуына,өзара үндесуіне, дыбыс алмасуларына да назар аударады. Сондай-ақ екпін туралы да айтуды ұмытпайды. Н.Ильминскийдің тұңғыш қазақша-орысша сөздігі фонетика үшін құнды еңбек. Бұл еңбектен қазіргі орыс графикасына негізделген жазуымыздың алғашқы адымын яғни орфоэпия, орфографиямыздың даму жолын зерттелгенін көреміз. Осы еңбегінде сөздердің бірыңғай жуан немесе жіңішке болып келуі түркі тілдерінің бәріне, оның ішінде қазақ тіліне де тән екенін дәлелдеген. Сондай-ақ үндестік заңына сәйкес келмейтін аралас буын мен ұяң – үнді дыбыстары тіркескен сөздердің тұсауын кескен де Н.Ильминский болды. |
Ахмет Байтұрсынұлы | «Оқу құралы» | Аталған еңбегінді А.Байтұрсынұлы қазақ фонетикасының іргелі ұғымдарын жүйелеп берді. Әрбір ұғымды қатаң терминологиялық мәнде көрсетіп, оларды арнайы атаулармен атады. Қазақ фонетика ғылымының айырым белгі терминдерін жасап, жүйелеп қалыптастырды. Бұл терминдердің күштілігі сөздің ішкі мағыналық құрылымына негізделген. А.Байтұрсынұлы дауысты дыбыс туралы яғни кез-келген нәрсенің естілуі дыбыс екендігін айтқан. Өз еңбектерінде тілдің дыбысталу мүшелері арқылы айтылып,құлақпен естілетін үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталатындығын жазған. Дыбыс пен харифтің бір зат еместігін А.Байтұрсынұлының еңбектерінен байқауға болады. |
Василий Васильевич Радлов | «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» 1882 жылы Лейпциг даласында неміс тілінде жарық көрді. | Бұл еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің біршама шешімін тапқан. Бұл еңбекті В.В.Радлов қазақ тілінің дыбыстық құрамын,дыбыстардың тіркесу, әрі өзгеру заңдылықтарын, сингармонизм заңын және екпін категориясын түркі тілдерінің материалдарымен салыстыра жазды. Сондай-ақ дауысты, дауыссыз дыбыстарды акустика-артикуляция жағынан жіктеді. В.В Радлов л дыбысын өзге дауыстылардан бөліп жуан-жіңішке айтылады деп қараған. Дифтонг,трифтонг дыбыстары бар екендігін айтқан. Түркі тілдеріндегі екпін сөздің соңында келетінін көрсеткен. Сонымен қатар ерін мен тіл үндестігі бар деген пікірді дәлелдей отырып дауыстылардың сингормонизміне мән берген. |
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов | «Буын жігін қалай табуға болады» «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайында» | Аталған еңбектерде фонетикаға кіріспе ретіндегі жалпы мәселелер қозғалған. Қ.Жұбановтың дауысты дыбыстарды топтастыруда өзіндік ерекшелігі бар. Себебі ол өзіне дейінгі зерттеушілердің дауысты дыбыстарды топтастыруынан орын алмаған дифтонг дауыстыларды қосып, үш топқа бөлген. Олар: ашық,келте,қосынды дауыстылар. Сонымен қатар дауыстырларды жуан,жіңішке деп топтастырған. Қ.Жұбановтың айтуынша: «Қазақ тілінде 26 түрлі дыбыс бар.Бұлардың е-ден басқаларының бәрі де бірде жуан,бірде жіңішке болып, екі түрлі айтылады да,51 дыбыстың орнына жүреді» Яғни мұндағы 26 – ны фонема деп түсінеміз. А.Байтұрсынұлының 24 фонема, 43 дыбыс деген анықтамасына Қ.Жұбанов оған қосқаны -ұу және ый. Бұларды ол: «Қосынды дауыстылар бір дауысты,бір дауыссыз екі дыбыстан құралған сондықтан екі дыбыс болып келеді деп тұжырымдаған. |
Платон Михайлович Мелиоранский | «Киргизские пословицы и загадки» , «Краткая грамматика казах-киргизского языка» | «Краткая грамматика казах-киргизского языка» 1894-1895 жылдары екі кітап болып шықты. Еңбектің 21 беті фонетиканы баяндауға арналған. Еңбекте дауыстыларды жуан,жіңішке,ашық,қысаң деп ажыратады. Сонымен қатар сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке болып келетінін яғни дыбыс үндестігін жіктеп, анықтап түсіндіреді. |
Жүнісбек Әлімхан | «Қазақ грамматикасы» (сегментті фонетика бөлімі) «Қазақ фонетикасы» Алматы 2009 Қазақша-орысша фонетикалық сөздік «Қазақ тіл білімінің мәселелері» | Бұл еңбектерінде қазақ тілі үндесім тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігін көрсете білді. Мыңнан аса фонетикалық атауларды құрастырып,айналымға ендірді.Түрік тілдерінде сөздік екпіннің жоқ екендігін дәлелдеп шыққан. Профессор Ә.Жүнісбек фонетика салаларына тән жіктелім белгі атауларын ұсынған. Олар: жасалым жіктелім, айтылым жіктелім, естілім жіктелім, үндесім жіктелім, үйлесім жіктелім. Мысалы: дауыстылардың жасалым жіктелімі: жалаң-құранды; ашық-аралық қысаң-қысаң; ерін-езу; тіл орта-тіл арты; тербелмелі. Ал дауыссыздардың жасалым жіктелімі: тербеліссіз-тербеліңкі-тербелімді; тоғысыңқы-жуысыңқы; ерін-ерінді-тіл ұшы-тіл ортасы-тілшік. Бұл мысалдардан басқа әріптеме, жалғаным, екпінтаным, сөйленіс,бейүндесім, бейекпін, үндесім тіл, дыбыстаным атауларын да атауға болады. |
Базарбаева Зейнеп Мүслімқызы | «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» атты докторлық диссертация (1997) қорғады. «Қазақ грамматикасы» (2002) «Қазақ тілі: интонология, фонология» (2008) | 2009-2015 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ профессор ретінде дәріс оқып, PhD докторанттары мен магистранттарға арналған қазақ тілінің фонетикасы, фонология, интонология салалары бойынша типтік бағдарламалар дайындады. Сонымен қатар қазақ тіл білімінің негізін қалаған және оның дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың ғылыми мұраларын зерттеп, насихаттауда. |
Жұбаныш Аралбаев | «Қазіргі қарақалпақ тілінің фонетикалық жүйесі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Шығармалары: «Фонетика казахского языка» 1969 «Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер» 1988 | Жұбаныш Аралбаев қазақ тілінің фонема теориясының дамуына үлес қоса отырып, фонетиканың тарихи мәселелеріне де назар аударған. Сонымен қатар Ж.Аралбаев ритмикалық және ой екпіні, фразалық мелодика, интонацияның семантика-синтаксистік функциялары жөнінде де мәселелерді қозғаған. |
Аманбаева Айсауле Жантемірқызы | З.М. Базарбаеваның жетекшілігімен «Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық аспектісі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап шықты. | А.Аманбаева зерттеуінде интонация қазіргі прагматикалық тұрғыдан қарастырылып, дайындықсыз сөз ағымына эсперимент жүргізіліп, талдап, ерекшеліктері сызба арқылы көрсетілген. |
Жұмабаева Жанар Төлендіқызы | З.М.Базарбаеваның жетекшілігімен «Түркі тіліндегі дауыстылардың фонологизациялануы» аттты диссертациясын қорғап шықты. | Ж.Жұмабаева зерттеуінде түркі тіліндегі дыбыстар жүйесінің қалыптасу, даму жолдары әмбебап фонологизация процесі негізінде айқындалып, аллофондардың фонемаға айналу механизмін анықтады. |
...