Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ балалар әдебиетіндегі аналар бейнесі

Автор:   •  Январь 25, 2025  •  Реферат  •  6,618 Слов (27 Страниц)  •  112 Просмотры

Страница 1 из 27

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Мектептің аты

 

 

Бағыты:

Секциясы:

 

Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиетіндегі аналар бейнесі

 

  

Авторы: (аты-жөні толығымен, сыныбы,

мектебі, қаласы)

  

Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,

мектебі, қаласы)

 

Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, қызмет орны)                    

 

 

 

 

2019 жыл

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе .................................................................................................................... 3

  1. Қазақ тағылымындағы аналар бейнесі ................................................ 5
  2. Қазақ балалар әдебиетіндегі аналар бейнесіне шолу ....................... 10
  3. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесі ........................... 15
  4. Қазіргі қазақ прозасындағы аналар бейнесі ................................... 18

Қорытынды ................................................................................................... 16   

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................. 20

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әйел –болмысының өмірде алатын орны ерекше. Әйел – ана, ару, сұлулықтың символы болған табиғаты нәзік жан. Мұхтар Әуезовтің: «Адамның негізі - әйел» деген ойына жүгініп айтар болсақ, ұлттық болмыс пен тәрбие ананың сүтімен, махаббатымен бала бойына берілетін асыл қасиеттің бірі. Мұсылман халқы әйелдер қауымына ерекше құрметпен қараған. Қазақ әдебиетіндегі – ардақты ана, ақылды жар, сұлу да сенімді қалыңдық, байсалды да мейірімді ана-әжелердің үлгі боларлық бейнелері бар. Мысалы:  Қарашаш, Құртқа, Назым, Торғын, Баян Сұлу, Қыз Жібек, Ақтоқты, Еңлік, болмаса біртұтас халықтың анасына айналған  Ұлжан, Зере әжелердің бейнелерімен қазақ әйелдерінің толық галереясын көреміз.

Ендеше, бүгінгі ұрпаққа қазақ халқының қыздарының ибалылығы, әдемі ұяңдығы мен салмақтылығын экран бейнесінен жастарымыз сусындап, тәлім –тәрбие үрдісіне назар аударуы, көбірек насихатталуы тиіс деп санаймын. Мемлекетіміздің тікелей болашағы текті ұрпақ тарату десек, тарихымызға көз жүгіртіп, қазақилығымызды жоғалтып алмайық дегім келеді. Бұл зерттеу жұмысымның бет бердесі іспеттес, әлбетте ана тақырыбы толғандырмай, сүйсіндірмей қоймайды.

Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен ерлігімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына тіл арқылы сіңіре білген Әйел-Аналар да аз емес ( Құртқа, Қарашаш, Домалақ ана,т.б.). Сондықтан ана тілінің тағдырында, бүгіні мен ертеңінде бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Демек, тіліміздің алтын арқауын асыл қолдарынан шығармай ұстап, құнарын жоғалтпай сақтап, ұлттық тіліміздің қадірі мен құдіретін ұғындыруды аналардың қасиетті парызы ретінде қазіргі қазақ қоғамында қалыптастыру, оның әлеуметтік-материалдық негізін жасау – өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу жұмысының нысаны. Бұл жұмыста қазақ балалар әдебиетіндегі аналар бейнесі жеке зерттеу нысаны ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Балалар әдебиетінде, жалпы қазақ прозасындағы аналар бейнесіне тоқтала отырып, көркем шығармадағы аналардың парасаттылығын, адамгершілігін, көрегенділігін, даналығын жан-жақты ашу, тарату, үлгі ету. Осыған орай біз зерттеу жұмысын жазу барысында балалар әдебиетіндегі аналар галереясын анықтап, олардың бейнесін анықтауды мақсат еттік. Осы мақсатымызға жету жолында төмендегіше міндеттерді шешуге назар аударылды:

...

Скачать:   txt (91 Kb)   pdf (388.5 Kb)   docx (229.3 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club