Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тіл – халық мұрасы

Автор:   •  Март 28, 2019  •  Доклад  •  310 Слов (2 Страниц)  •  1,547 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ тілі

Жоспар:

  1. Тіл – халық мұрасы
  2. Қазақ тілі – біздің басты байлығымыз
  3. Ұлы Алтайдан бастау алған тіл
  4. Қазақ тілі – қазақтың ана тілі

Жер бетінде көптеген мемлекеттер өз тілдерінде сөйлеп, оны құрметтейді. Тіл – халық үшін үлкен мұра. Қазақстандықтар да өз тілін құрметтеп, үлгі тұтады. Қазақ тіліміздің бай тарихы қазақ халқы үшін мұрасы көп, қымбат және киелі болып есептеледі.

« Тілім барда мактанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сактаған » - деп қазақтың мақалыңда айтылғандай ана тілін сақтауымыз қажет. Не себепті жоғалтпай сақтауымыз керек? Қазақстан тарихынан белгілі, жиырмасыншы ғасырдың кезеңінде тіліміздің рухани мәні жоғала бастады. Қазақ мектептері мүлдем жабыла  кетті. Балаларға қазақша оқуға ешқандай мүмкіндік те берілмеді. Көптеген ақын - жазушыларымыздың арқасында қазақ тіліне деген сұраныс мүлдем жойылмай, халыққа рух берді. Бірақ жиырма бірінші ғасырдың қарсаныңда біздің туған, бай  қазақ тіліміз - тілге деген ашаршылық жылдарынан кейін өз серпін алып келе жатыр. Осыншама жыл бойы біз тіл құқығына күресіп келе жатсақ, одан айырылған үлкен ұят.Менің ойымша, осының барлығы үлкен жетістік.

Ұлы қазақ тілі Алтай тілдерінен бастау алды. Түрік тілдері бұтасынан  - қыпшақ тобына, және оның ішінде ноғай, қарақалпақ тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатқызылады. Қазақ әліпбиі араб, латын және кириллица әріптерімен жазылған болатын. Неге бір тіл соншама өзгерістерге ие болды? Ең алғашында әліпбиіміз араб әріптерімен жазылды. Бірақ уақыт өте келе адамдар үшін ол өте тиімсіз болды деп ойлаймын. Сонда Ахмет Байтұрсынов атамыз латын әріптерін еңгізіп барлық әліппелерді латын пішініне ауыстырды. Бірақ ол да ұзаққа созылған емес.  Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында әліпби кириллицаға, яғни орыс әріптеріне көшіріліп, әлі күнге дейін қолданыста. Ол кезеңде қазақ елі Ресейдің қол астында болғандықтан осындай форматқа өзгертілді.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (63.2 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club