Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы туралы ой
Автор: Ажар Акжигитова • Февраль 14, 2022 • Эссе • 413 Слов (2 Страниц) • 518 Просмотры
Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы туралы ой
...Түсінбеймін...Қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?
(с) Әбдіжәміл Нұрпейісов, "Күйреу" романы.
Қазақ тағдыры. Қазақ жайы, қазақ өмірі. Сол баяғы қазақ қалпы. Азап пен ғажапты бірге көріп, әрбір күндеріне шүкіршілік етіп жүрген дана халық. Сол Дана халық небір әлдінің озбырлығы мен әлсіздің қорлығын көріп өскендігі де шындық. Қай жақтың қалтасы кең болса, сол жақтың өктемі басым болғаны. Міне, дәл осындай сәттерді, осы бір өзекті мәселені жыр қылған Сәбиттей ақын аға қаламынан "Сұлушаш" поэмасы дүниеге есігін ашты емес пе?!
Мен үшін бұл поэма барша қазақ қаламгерлерінің туындыларын біріктірген шығарма іспеттес. Талай дәуірден келе жатқан қазақ жазушыларының қазақтығын жинап бір ошаққа біріктіргендей, біте қайнатып, үлкен қазақ болмысын поэмаға дарытқандай. Жоқшылық пен тоқшылық арасындағы ірі айырмашылық осы тұста көрінеді. Әлеуметтік жағдайдың қос ғашықтың махаббатынан биік тұрғаны көңілге кірбің түсіреді. Байдың қызы және күң мен құлдың баласы. Ортада махаббат. Бірақ әке шеше разылығы жоқ. Не қылмақ? Асқар тау әкеден аттап өту дұрыс па әлде жазмышқа көну керек пе екен!? Маған осы поэмадағы Алтайдың намысшылдығы мен жігерлі, күштілігі ұнайды. Жігіттің ең қадірлі қасиеттерінің бірі осылар емес пе! Тағдырдың әділетсіздігіне наразылық танытып, махаббат жолында құрбан болуға дайын жандардың ерекшесі. Алтай мен Сұлушаш орындалмас армандарының жолында талай тар жол тайғақ кешіп, адал махаббаттарынан айырылмауға
...