Сәбит Мұқановтың « Ботакөз » романына ой-пікір
Автор: tanabekovva • Апрель 13, 2020 • Творческая работа • 768 Слов (4 Страниц) • 758 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Тапсырма
Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың « Ботакөз » романына ой-пікір.
Орындаған:Танабекова Ж.С
Тексерген:Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали
Алматы-2020
Сәбит Мұқановтың « Ботакөз » романы алғашында « Жұмбақ жалау » 1938 жылы басылып шыққан екен. Кейіннен автор көпшіліктің, оқырманның қалауымен өңдеуден өткізіп, толықтырылып « Ботакөз » деп өзгертілген. Оқырманның романның атын өзгертуін сұрау себебі, бастанаяқ айтылатын кейіпкер, бүкіл оқиғаны, сюжетті ұстап тұрған басты бейне — Ботагөз қазақ қызының бейнесі болғандықтан деп ойлаймын. Сәбит Мұқановтың бұл туындысы роман, повестердің ішінен ең жоғарғы бағаға ие болып, халықтың төл туындысына айналғанын атап айтпау мүмкін емес-ті. « Ботакөз » романы бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен орын алған, тіпті орыс тіліне аударылған. Кеңес Одағының көптеген халықтарының сүйіп оқитын шығармасына айналған.
Жалпы роман, композициялық құрылысы жағынан үлкен 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Тұңғиықта », екінші бөлімі « Таң атарда », үшінші бөлімі « Күн күлімдегенде » деп аталады. Бұл үш бөлімінде үлкен мәселелер қозғалады. « Тұңғиықта » бөлімінде ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын суреттеуге арналған болса, « Таң атарда » бөлімінде қазақ ауылындағы бай мен кедей арасындағы наразылықтың үдей түсуі, әсіресе 1916 жыл оқиғасына байланысты, патшаның маусым жарлығы салдарынан ұлт-азаттық қозғалысының тууы сөз болады, «Күн күлімдегенде» бөлімінде қазан төңкерісі кезеңін, онан соңғы азамат соғысы жылдарын қамтиды. Романда бас -аяғы он-он бес жылдың көлеміндегі оқиғалар орын алады. Патшалық Ресейдің сонау отарлық аймақтарындағы атқамінерлер мен феодалдар шенеуніктер оған қоса тіпті болыс, ауылнайлардың Қазақстан аймақтарындағы қарапайым кедей халықтарға зорлық-зомбылық көрсеткен. Қазақстан аймағында осындай қиын-қыстау кезінде патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы отқа май құйғандай , халықтың наразылығын одан әрі өрбіте түседі. Бұл жарлықта барлығымызға белгілі, қазақ және басқа шығыс халықтарынан майданға, қара жұмысқа адамдар алынатын болған. Жарлық бейбіт отырған елдің ашу-ызасына тиген. Роман осы оқиғаларға тиек етіп жазылған.
Романның атына лайық оның басты кейіпкері Ботакөз. Қазақ шығармашылығында бұрын соңды Ботакөздей қазақ қызының бейнесі болмағанды. Ботакөз -жаңа өмір үшін саналы күреске шығып, өмірдің ащы-тұщысын көріп, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, қазақ қызының бойынан табылатын сан алуан қасиетті толық көрсете білген кейіпкер.Ол тарихи кезеңнің қиын-қыстау жылдарында өсіп, ер жеткен, оқып білім алған ұнамды кейіпкерлердің бірі.Ботакөз ағасы Балтабектің қолында өскендіктен ақ пен қараның, әділет пен әділетсіздіктің қайсы екенін біліп өседі.Романда Ботакөзден бөлек, Асқар, Амантай, Кузнецов, Бүркітбай, Итбай, Кулаков, Мадияр сынды кейіпкерлердің характер қырларын, дүниетанымдық ізденістерін әрекеттік аяда мейлінше сенімді ашып көрсетуге жағдай тудырады. Шығармадағы кеңістік аумағы Итбай ауылы, Бурабай қаласы, Омбы, Петербург төңірегінде, одан кейін алтын өндіретін жердегі поселок, Ержан, Байтөбет ауылдары, Қызылжар, Минск, Н. Қалаларының, Меңіреу атты ну орманы болып табылады.
Жалпы, « Ботакөз » романы жоғарыда айтып өткенімдей, шытырман оқиғаға толы, бір бүтін көркем шығарма. Бұл жоғары дәрежеде жазылған романның көркемдігі жайлы айтатын дүние көп. Мәселен: сюжет, композиция, автордың тілі, шығармадағы оқиғалардың өрбуі, өсуі, аяқталу кезеңдері сияқты, сонымен қатар, кейіпкердің сырт суреті, ішкі мінез-құлқы сияқты мәселелерді айта аламыз. Романның фабуласы, сюжеті өте қиын деңгейде құрастырылған. Оқиғалардың бірінен кейін бірі өрбіп, өз шешімдерін тауып, заңды аяқталып жататыны ерекше назарға ие. «Ботагөз» романы көптеген шет тілдерге аударылған: Соның ішінде неміс, ағылшын, француз, поляк, чех тілдерінде басылып шықты. Ол халықтар Ботагөзді өз тілінде оқып, қазақ халқының күрес қарсаңындағы өмір-тұрмысымен танысты.
...