Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жыраулар поэзиясындағы ар-намыс, тектілік туралы ой-толғамдар

Автор:   •  Март 10, 2022  •  Реферат  •  1,476 Слов (6 Страниц)  •  603 Просмотры

Страница 1 из 6

                    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы ар-намыс, тектілік  туралы ой-толғамдар

Орындаған: Қанат Перизат

Тексерген: Дарибаев С. Д.

                                                  Алматы, 2021 ж.

Жыраулар поэзиясындағы ар-намыс, тектілік  туралы ой-толғамдар

     Жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын құндылығы аса биік шығармалар болып табылады. Жыраулар өз заманында хан кеңесшісі бола отырып, барша халықты жақсылыққа, бірлікке үндеп отырған. Қазірде бізге көптеген тарихи оқиғалар осы жыраулар шығармасынан белгілі болып отыр, себебі олар өз жырларында сол заманның әлеуметтік мәселелерді қозғап, оларды шешуге ұмтылған. Жырауларды халық қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп, істің немен тынатыны жайлы болжамдарын ортаға салып отырған.

     Жоғарыда айтып өткенімдей, жыраулар поэзиясында әлеуметтік, сонымен қатар тарихи да мәселелер көрініс тауып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда тарих сахнасына шыққандықтан көптеген жырлары тарихи оқиғаларға, елге күш беруге, ар-намыс мәселесіне келіп тірелген. Ар-намыс мәселесі жайлы сөз қозғар болсам, дәл осы тақырып Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді сынды атақты жырауларымыздың шығармаларында айқын көрініс тапқан. Асан қайғының:

          Ақың болса біреуде

          Айыбын тап та ала бер,

          Ерегесіп ұрыспа.

          Сенікі жөн болса да

          Атың шықпас дұрысқа,- деген өлең жолдарында адамның ары жайлы айтылғанын көре аламыз. Яғни, бұл үзіндіде жырау «ертеңгі өз беделіңе дақ келмеу үшін әркіммен бір жаға жыртыспа» деген ойды насихаттап тұр. Қазтуған жырау шығармаларында ар-намыс мәселесі былай көрініс тапқан:

          Азамат ердің баласы

          Жабыққанын білдірмес,

          Жамандар мазақ қылар деп.

     Осы жолдардың артында қандай үлкен философиялық мән жатыр десеңізші... Қазақтар ертеден намысшыл халық болғандығының жарқын көрінісі деп ойлаймын.

     Келесі Доспамбет жырау шығармаларына келер болсам, ол кісі өзі атақты батыр, қолбасшы болған соң жырларында қозғалып отырған мәселе төңірегінде былай деп сөз қозғаған:

          Екі арыстан жау шапса,

          Оқ қылқандай шаншылса,

          Қан жусандай егілсе,

          Аққан судай төгілсе,

          Бетегелі Сарыарқаның бойында

          Соғысып өлген өкінбес!

    Бұл жыр жаугершілік заманда қаншама жауынгерге рух берген, аса құнды жыр десек қателеспеспіз. Ар-намыспен қоса, туған жерге деген ыстық ықылас, махаббат бейнеленген осы жыр оқырманды париоттыққа, туған елге деген ыстық сезімді оятуға шақырады.

     Жиембет жырау өз шығармасындағы ар-намыс мәселесі басқаша бір қырынан көрініс тапқан:

          Қайрылып жатқан қылғуға

          Қылғаның жоқ ұнаған.

          Қайратым қанша қатса да,

          Мұныңа, ханым, шыдаман!

          Арқаға қарай көшермін,

          Алашыма ұран десермін,

          Ат құйрығын кесермін,

          Ат саурысын берермін,

          Алыста дәурен сүрермін,

          Қарамасаң, ханым, қарама,

          Сенсіз де күнімді көрермін!-деп Жиембет жырау ханға деген ашуын жеткізген. Осы үзіндіде Жиембет жыраудың өз ар-намысы жайлы сөз қозғалған. Яғни, ханның әділетсіз іс-әрекеттеріне шыдамай, мұндай ханның жанында дәулеті асып жүргеннен гөрі, алысқа жүріп кеткенді дұрыс көріп отырғандығын байқай аламыз.

...

Скачать:   txt (12.7 Kb)   pdf (122 Kb)   docx (57.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club