Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?

Автор:   •  Декабрь 29, 2020  •  Эссе  •  388 Слов (2 Страниц)  •  586 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?

С.Мұқанов-қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен қалған біртуар тұлға.Жазушының  көркемдік мұратымен бағаланған туындылардың бірегейі- Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Төлеген-Қыз Жібек шығармаларының желісін жалғастырған «Сұлушаш» поэмасы. Поэмадағы оқиға бірін -бірі сүйген екі ғашық Сұлушаш пен Алтайдың махаббатына құрылған

«Сұлушаш поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның қаһармандары – ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза жанды,ыстық қанды еңбек адамдары» деп М.Базарбаев айтқандай, шығарманың негізі халық аузында жүрген аңыз болғанымен, Сәбит Мұқанов бұл шығармаға өзіндік бір қолтаңбасын енгізіп, сәл өзгертіп, тек екі ғашықтың хикаясын ғана емес, бүкіл сол замандағы халықтың өмірін, әлеуметтік мәселелерді қоса білді. Бірақ поэманың басты кейіпкерлері- Сұлушаш пен Алтай еді. Сұлушаш- байдың қызы, ал Алтай- байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Ақылына көркі сай Сұлушаш қанша жерден байдың ерке қызы болса да, ғашығының кедейлігінен ұялмады. Оның бойынан қазақ қызына сай барлық қасиеттер бар және махаббат жолында кез келген нәрсені құрбан ете білетін ержүрек, намысты қыз еді.Ал Алтай кішкентай кезінен бай қолынан қорлық көрген, көзін ашқаннан білетіні жоқшылық пен кедей өмірінің тауқыметі еді, бойынан байлар әулетіне деген ыза мен кек байқалатын. Бұл сипаттауларға қарап тұрып-ақ екі ғашықтың қасиеттері бір-біріне қарама-қайшы келетінін көруге болады. Менің ойымша, егер екеуінің біреуі бұл махаббаттан бас тартса, шығармада сиппаталғандай берік те пәк махаббат құра алмас еді. Орман-тауды аралап, қарындары ашып жүргенде екеуі бір-біріне демеу беріп, сезімдері қуат берді деуге болады.Осы жолда олар ақтық демі қалғанша күреседі.                                                                                                        Қорытындылай келе, екі ғашықтың махаббатының діңгегі екеуінің жүректерінде алаулап жатқан ғашықтық сезім дер едім. Екеуі де бір-бірі үшін өздерін құрбан етуге дайын болып, аяғына дейін күресті. Бойындағы қасиеттер қаншалықты қарама-қарсы келсе де, бір-бірінің тілін таба білді. Сонымен қатар осындай берік махаббат хикаясы айтылғанда екі ғашықты бөліп жарып айту ақылға сыймайтындығы туралы айтқым келеді.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (59.4 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club