Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мартин Хайдеггер «О сущности истины» – «Ақиқаттың мәні туралы»

Автор:   •  Февраль 16, 2018  •  Эссе  •  666 Слов (3 Страниц)  •  2,122 Просмотры

Страница 1 из 3

Мартин Хайдеггер «О сущности истины» – «Ақиқаттың мәні туралы»

Философияның негізгі мақсаты ақиқатқа жету немесе дүниенің шынайы бейнесіне көз жеткізу, яғни дүниенің ақиқатын тану. Мысалы дінде де сол мәселе, бірақ діндегі ақиқат ол «құдай», ал ғылымдағы ақиқат ол дүниенің шынайы бейнесі немесе Ф. Энгельс айтқандай «сананың болмысқа сәйкестігі», мысалы адам бір зат туралы ойлайды және ойлаған кезде сол заттың шынайы болмысымен ойдың арасындағы сәйкестік, яғни оның ойы мен сол заттың шынайы болмысы. Мысалы алатын болсақ, химияда бір затқа тәжірибе жасап, тәжірибе нәтижесінде сол заттың шынайы бейнесін ашамыз, яғни ақиқатына көз жеткіземіз. Сол кезде ақиқатқа тәжірибе арқылы жетуге болады деген осыдан туады. Ал енді біз тәжірибе жасай алмайтын нәрселер бар: рух, жан, ақыл ой, сана, құдай. Бұларға біз тәжірибе жасай алмаймыз, бірақ бұларды бар деп қабылдаймыз. Оларды көре алмаймыз, бірақ оларға сенеміз, ұмтыламыз. Ал, ақиқат деген нәрсе, ол қарама-қайшылықта болатын нәрсе емес, қарама-қайшылықты нәрсе ол идеалды болмайды. Идеалдықта ол абсолютті, бір жақты нәрсе болуы керек, егер ол екінші жағынан терістеліп тұрса, онда ол ақиқатқа жатпайды. Мысалы, логиканың да негізгі мақсаты сол, кез келген нәрсені жалған деп немесе ақиқат деп бір жақтылыққа алып келу, яғни кез келген нәрсені, не оны ақиқат деп ақиқатқа шығарамыз, не жалған деп жалғаннын шығарамыз, яғни бір жақтылық. Егер оның жалған жағы болып тұрса, ол ақиқат бола алмайды және ақиқаттыққа жатпайды.

Ал ақиқатты абсолюттік ұғымның негізінде қарастыруға болады. Бірақ, ақиқат деген ұғым өте күрделі нәрсе деп ойлаймын. Мысалы шындық деген ұғым бар, ол өмірдің шындығы, яғни біздің өмір сүріп жүргеніміз ол шындық. Бірақ біздің қайдан пайда болғанымыз, қайда кететініміз ол ақиқат, яғни ақиқат деген нәрсе бәріміздің ұмтылатынымыз, әлі белгісіздікке негізделген нәрсе. Бәріміз де сол ақиқатқа ұмтыламыз.

Ал ақиқатқа жету дегеніміз дүниенің шынайы бейнесін көру. Ал дүние дегеніміз шексіз нәрсе, оның сыры ашылып бітпеген. Дүниені біз әлі зерттеп біткен жоқпыз, ақиқат деген нәрсе әлі ашылған жоқ. Бірақ дін жолындағы адам үшін ақиқат ол «құдай». Ол өз жүрегіміен ақиқатты тауып алды, яғни дін жолымен ақиқатты тауып оны «құдай» деп қабылдады.

Ал екінші бір адам бар, оған құдаймен ақиқатты тану жеткіліксіз, ол ғалым адам дүниенің шынайы бейнесін өзі түсіндіргісі келеді. Ол адам дүние қайдан пайда болды, қалай өмір сүріп тұр, негізінде не жатыр, құрылымы, мазмұны қандай деген сұрақтарға жауап іздеп ақиқатты ашқысы келеді.

Ал Мартин Хайдеггердің ойынша айтатын

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (43.4 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club