Сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет
Автор: Tagaeva_Arailym • Октябрь 8, 2022 • Эссе • 565 Слов (3 Страниц) • 684 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
СӨЖ
Эссе тақырыбы:«Сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет»
Орындаған:Тагаева Арайлым(Қазақ тілі мен әдебиеті 203 топ)
Қабылдаған: Сағындық Нұрлан Берікбайұлы
2022жыл
Сақ-ғұн дәуірдегі әдебиет б.з.б VІІ ғ мен б.з ІVғ аралығын қамтиды.Бұл заманнан бізге жеткен еңбектерге Алып Ер Тұңға,Мөде,жайлы дастандар,сақ патшайымдары Зарина сұлу,Тұмар патшайым,Ширақ батыр,Тарғытайдың 3 баласы туралы жеткен аңыздар жатады.Бұл заманғы әдебиеттерден хабар алу үшін біз гректердің еңбектеріне көп жүгінеміз.Бұл дәуірдегі әдебиеттен менің алған әсерім ерекше.Өйткені,біздің сонау әдебиетіміздің өзі сол түбі бір түркілермен байланысып отыр. Әдебиет тарихымыздың сонау ерте заманнан басталуы да әдебиетіміздің ең жарқын кездері деп көрсете аламыз.Алып Ер Тоңға дастанында көтерілетін мәселелер,айтылған дүниелер сол заманның жағдайын,елін,халқын көрсетіп тұр.Алып Ер Тоңға Афрасияб деп те аталады.Тарихта болған,елінің батыры әрі көсемі болған кісі. Өзінің еңсесі биік,елінің мақтанышы бола білген батыр,өзінің күшімен ғана емес,ақыл-парасаттылығымен де халқын мойындатқан көрінеді.Бірақ ол тарихта Қорқыт секілді өлімнен қашу үшін неше түрлі айла-әдістер жасайды,өте биік қылып қорған салады.дегенмен ешқайсысы көмектеспейді.Ажалы жетіп өлгенде халқы оған жоқтау шығарады.Алып Ер Тоңғаны жоқтау дейтін де батырдың бейнесі,елінің жағдайы,батырдың ерлігі бәрі суреттеледі.Біз бұдан байқайтын тағы бір нәрсе сол заманда-ақ жақсы кісілердің жақсылығын айтып,жоқтауы сол заманнан бастау алған көрінеді.Бұл еңбек бізге Махмұт Қашғаридің Түркі сөздерінің жинағы еңбегіне еніп,бізге жеткен әсерлі дастан болып табылады.
Келесі бізге жеткен осы дәуірге жететін дастанның бірі Тұмар патшайым.Бұл дастанда сақтардың қыздарына дейін қайратты,ержүрек болғандығын байқауға болады.Халқының жауынгер халық екенін Геродотта сипаттап кетеді.Тұмар патшайым мен Кирдің шайқасы жайлы суреттеледі.Тұмар патшайымның баласы 16 жасында ең алғаш парсыларға жорығында жеңгені үшін сол жерде тойлап қалып,Кирдің қолына түсірілуі,Кирдің баланы босатпай, Тұмар патшайымға жасаған қастандығы суреттеліп,Тұмар патшайымға баласының өлімі ауыр тиіп, одан кек алмақшы болғандығы көрсетіледі. «Аңсағаның қан еді іш енді соны» деп Кирдің басын алуы Томиристің батырлығын,сақ халқының қайтпайтындығын көрсетеді.
...