Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ислам дәуіріндегі әдебиет

Автор:   •  Март 29, 2019  •  Реферат  •  471 Слов (2 Страниц)  •  13,350 Просмотры

Страница 1 из 2

Ислам дәуіріндегі әдеби жәдігерлердегі нәпсі мен сабыр туралы тұжырымдар.

Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі(Х-ХІІ ғасырлар) ерекше орын алды. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин-ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф.Көпрүлузеде, Н.Банарлы және Г.Грюнебаум еді. Ал Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл түркі халықтарының Х-ХІІ  ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуір әдебиеті»деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым түсінікті қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлу үрдісінде зор білгірліктен нақтылай түскен сияқты. Ол қазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп, оны төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады: «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері щыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиетттің өзі екі дәуірге бөлінеді; 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар – діншіл деген мағынада, ділмар – тілшең деген мағынадағы сөздер»  (Әдебиет танытқыш. Шығармалары. 262-263. Алматы 1989)

Ислам дәуірі әдебиеті кезеңінде түркі қауымын айдай әлемге танытқан Әбу Насыр әл-Фарабидің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», Әбу Әли ибн Синаның «Даныш-намесі», Әбу Райханәл-Бирунидің «Хикметтері», Махмуд Қашқаридің «Түркі тілдерінің жинағы», Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнның мемлекетті басқару жайындағы атақты «Құтадғу біліг» дастаны, Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» , Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани хикметі», т.б тарих сахнасына шықты.  Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтитын

жоғарыда аталған шығармалар үкімет билігін жаңадан қолға алған, түркі тектес жергілікті халықтардан шыққан әкімдер үшін аса маңызды болып табылатын ең басты сауалдарға жауап берді.

А. Қыраубаева өзінің «Ежелгі Әдебиет» атты еңбегінде Исламдәуіріндегі әдебиетті Сыр бойы әдебиеті және Қарахан әдебиеті деп екіге бөліп Сыр бойы әдебиетіне Әбу Насыр әл-Фараби мен Ахмет Иассауидің еңбектеріне тоқталып өтеді. Ал Қарахан әдебиетінен Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашқариді әлемге танытқан шығармаларына шолу жасап өтеді.

Ислам дәуірі әдебиетін зерттеушілердің қатарына Н.Келімбетов, Х.Сүйіншалиев, А.Қыраубаева, М.Жолдасбеков  сынды ғалымадарды атап өтсек болады.

Ислам діні қазақ даласына мұсылмандық өркениет пен тың мәдениет алып келді. Ислам дінімен бірге түркі әдебиеті, соның ішінде қазақ әдебиеті де жаңа белестерге көтерілді. Мұны суреткер ғалым М.Әуезов те зерттеулерінде атап өтті. Ол «Қазақтың әдебиет жолы мен ақыл-білім өсу жолындағы ескі тарихын білемін деген кісі мұсылманшылықтың  қараңғы пердесі жауып тұрған мезгілге тіреледі. Мұсылманшылыққа ауысқан соң, қазақ биік белден асып кеткендей болды», - деп жазады. Мұнда ғалымның «мұсылманшылыққа ауысқан соң, қазақ биік белден асып кеткендей болды» деп,  ислам діні келген соң, қазақ әдебиетінің биік асулардан асып кеткенін астарлап болса да жеткізіп тұрғанын аңғару қиын емес.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (44.2 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club