Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

С.Батақұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі

Автор:   •  Июнь 4, 2019  •  Реферат  •  6,875 Слов (28 Страниц)  •  1,229 Просмотры

Страница 1 из 28

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................................3

1.1 С.Батақұлының өмірі мен өнеріне шолу.................................................................4

1.2 С.Батақұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі..........................................11

Қорытынды ....................................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................20

 

Кіріспе

        

        

        Курстық жұмыстың мақсаты: Ақын-әнші Сары Батақұлының өшпес өнерін қайта жаңғырту, өмір жолы жайлы деректерге үңіле отырып, зерттеулер жүргізу.

        Курстық жұмыстың міндеті: Сары Батақұлының әлі толық ашыла қоймаған өмірі жайлы деректер таба отырып, оның шығармаларындағы көркемдегіш құралдар: теңеу мен эпитеттердің, троп пен фигура түрлерінің көркем бейне, образ жасауда қолданылуынан нақты мысалдар келтіре отырып, ана тіліміздің сөздік қорының мол байлығын, бейнелілік, нақыштылық сипатын көрсету.

        

        Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінде ел есінен есімі ұмытылып жүрген Сары Батақұлының өнеріне зерттеу жасау және әдебиеттегі орнын қарастыру тақырыптың өзектілігін танытады.

1.1 Сары Батақұлының өмірі мен өнеріне шолу

        Ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге қайнасып, бүгінгі күнімізге дейін жетіп отырған асыл қазыналарымыздың бірі – дәстүрлі ән өнері. Қазақ халқы – табиғатынан ақын, әнші-жыршы халық. Сонау ескі замандардан бері ел тарихының көркем шежіресін ғасырдан-ғасырға жалғастырып, атадан балаға мұра қылып қалдырушылар – сөз зергерлері, ақын-жыршылар. Ұлтымыздың әдеби-мәдени өмірінде ақындардың атқарған рөлі айрықша болғаны мәлім. Олар – көркем өнердің сан қырлы қасиеттерін бір бойына сіңірген тұлғалар. Кезінде қазақ даласына мәлім болған ақиық ардагерлеріміз – әрі әнші, әрі жыршы, әрі орындаушы, синкреттік, яғни тұтастық өнердің иелері. Қазақ өнерінің сәні болған ардақты ақын-әншілеріміздің есімдері күні бүгінге дейін халықтың жадында мәңгі сақталып келеді. Кезінде жоқтаушысы болмай, есімдері ел есінен ұмытылып қалған әншілеріміз қаншама?

        ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Қазақстан мәдениеттің қайнаған бел ортасында еді. Қазақ өнерінің «алтын ғасыры» саналатын бұл кезеңдерде әншілік, ақындық дәстүрдің қалыптасуына сүбелі үлес қосқан, өнер саласында өзіндік орны бар, ХІХ ғасырдың күміс көмей, жез таңдай ақын-әншілерінің бірі - Сары Батақұлы жайында сөз қозғамақпыз.

        Сары 1863 жылдар шамасында осы кездегі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жетей-Ебестің тұсындағы Талдықұм деген жерде туды. Руы – Кіші жүз ішінде Тілеу, оның ішінде Алтон. Әкесі Батақ өз шаруасы өзіне жеткілікті адам болып,  балаларының қандай бағытта болса да, талаптарына қарсы болмай, болғанынша жағдай жасады. Батақтың үлкен әкесі Достан Көтібар, Арыстанмен бірігіп, Кіші жүзден үш мың кісі қол ертіп, Исатайдың көтерілісіне жәрдем берген кісі. Батақтан бес бала туады. Оның үлкені – Жолбарыс пысық, ел арасында еті тірілігімен аты шығады. Одан кішісі – Мұхаметияр асқан ақын, суырып салма ақын халыққа сол өнерімен қадірлі болады. Одан кейінгі Тілеулі деген би, сөзді үнемі тақпақтап, мақалдап айтады. Қайда дау, талас болса, сол арада Тілеулі жүреді. Ал Жәңкен дегені қарапайым шаруа, малдан басқа ешбір өнермен шұғылданбайды, әкесі Батаққа тартқан, жуас – қоңыр дейді. [1; 211]

        Ең кенжесі Сары жасынан ала – бөле көзге түседі. Өзі көркем, денесі әлпетті, алғыр, зейінді, әңгіме айтқан кісіден көзін алмай кейін соның айтқанының бәрін бұлжытпастай айтып береді. Дауысы аса күшті, біртүрлі зардың үні бардай ән салса безілдетіп жібереді. Біреулер, үлкен шешесі Сарының әнін тыңдағанда аздан соң құлағын басып: «Қарағым, қойшы, үнің қандай зарлы еді, нағашыңа тартпағай едің» дейді екен. Өйткені нағашылары өнерлі адамдар болып, өмірінде айналадан көп қорлық көрген адамдар болса керек. Сарының өскен ортасы басқа қазақтың мал баққан аулындай тек құйрық пен мүйіз санап өткендер емес, өнердің де базары болды. Аталары Мөңке би өз заманында аса тапқыр, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен адам болған. Кердері Әбәбәкір сияқты Мөңкенің жаңа заманның бірқатар көріністеріне «бәленің басы» деп қарауы да болған. Бірақ Мөңкеден басталған тапқыр сөз дәстүрі ол өреде үлкен орын алды. Алтон-Қызайда аты әйгілі әнші, жыршы, домбырашы, ақындар көп болды. Міне, соның әсерінен Сары да ерте сілкінді. Жоғарыда айтылғандай, Сары бала кезінде-ақ асқан музыкалық қабілетімен «әнші бала» атанды. Аталарының атын атай алмайтын келіншектер осылай ат қойса, ауылдың шалдары «Жас пері» деп атады. Сары жігіт бола бергенде, ол арада үлкен қоғамдық толқулар болды. Болыс, ауылнайлар елге қаталдықты күшейтіп, әділетсіздік молайды. Бірен-саран шындықты айтамын деген адамдар ағаш оққа байланды. Сары сияқты жасынан өнерге өңменін созған талаптыны ел арасындағы итіс-тартыс ру дауына араластырғысы келді. Оған көнбеген Сары ол заманның түсініксіз адамы болды. Бара-бара оның би, болыстардың қылықтарын әшкерелеген өлеңдері ақ патшаның жауының ісі болып көрінді. Оқу оқып, көзі ашылмаса да, ақылымен ақ-қараны айыра бастаған ойлы жігіт Сарыға қазақтың қызды мал орнына сатуы да оғаш болып көрінді. Бұл сияқты атаның салған «ақ жолына» қарсы шығу  Сарыны қаралайтын статьяларды толықтыра берді. Әсіресе Сарының соңғы кездегі бір ісі оның өмір-бойына соңынан қалмайтын бәленің басы болды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында, Жармоланың (Ырғыз) түрмесінде дәл осы себептен де ұзын бойлы, қапсағайлау келген, ірі мұрынды, атақты, аяғында биік былғары етігі бар Сары жігіт белбеуін домбыра етіп қаққан болып камераны басына көтеріп, шырқаған:

...

Скачать:   txt (63.4 Kb)   pdf (316.3 Kb)   docx (30.9 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club