Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармаларындағы рухани таным
Автор: Karakoz19688 • Декабрь 15, 2023 • Статья • 790 Слов (4 Страниц) • 123 Просмотры
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Филология институты
6B01701- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Мадиева Таншолпан Мадиқызы
[pic 1]
Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармаларындағы рухани таным
Алматы 2023
Аннотация
Мақала абыз, суырып салма ақын, кезінде түркі әлеміне танымал болған қайраткер Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір жолы туралы қысқаша дерек бере отырып, ақын шығармашылығына терең зер салып, шығармаларындағы рухани танымды анықтауға арналады.Ақын шығармашылығы мәнді де мағыналы өлең-жырларға, термелерге өте бай. Олардың қай-қайсысын оқып қарасақ та өмір мәнін тереңінен түсіне аламыз. Осы мақала ақынның бар шығармаларындағы ұлттық танымды және рухани танымды ашып көрсетуге арналды.
Кіріспе
Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.
Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.
Биыл Майлықожа Сұлтанқожаұлының туғанына 188 жыл толды. Жас кезінен ескіше сауат ашып, тағдырдың тауқыметін тартып, талай қиыншылықтарды көрген абыз ғибартқа толы өлең-термелер жазып қалдырды. Олар өз өмірінде көріп, көңілмен түйіп, оңды-солды тануға септігін тигізетін мәнді де, мазмұнды өлең-термелер.
Ақын өмірінің солай болуы да заңды көрінеді. Себебі оның туып-өскен заманы, аласапыран кезең, жан-жақты езгіге түскен қарабайыр халық. Тілі, діні, ділі Һәм рухани танымы дүрбелеңге тап болған кез оның қалам алуына түрткі болған. Нәтижесінде біршама дүниелерді өлеңдер, толғаулар, арнаулар, көңіл айту мен жоқтаулар тудырды. Айтыстары мен қағысулары тағы бар. Тәрбиелік мәні терең термелері бір төбе.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы барынша өзінің шығармаларымен адамгершілікті, имандылықты, ділді нығайтуды, одан қалса ата-бабадан жалғасып келетін салт-дәстүрдің сақталуын дәріптеді. Ғасырлар бойы бірге жасасып келетін дін Ислам тақырыбында қисса-дастандарды ұсынды. Оның «Мұхаммед Пайғамбардың қиссасы», «Мұхаммед Салаллаһу Әлейһи уа-с-салам», «Әмір Әмзе», «Зарқұмның қиссасы», «Әбділда бала» қисса-дастандары араб әрпімен жазылған діни мазмұндағы жырлар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары негізінен ғибратқа толы. Тақырыптары түрлі саланы қамтығанымен сыни өлеңдері де жетерлік. Ал айтыстары мен термелері тәрбиелік мәнге ие.
Шындығында, ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулар шығармаларындағы руханияттың орны бөлек. Олар өз ой-түйіндерін барынша қазақтың болмысымен әрі ұлттық дәстүрмен біте қайнасып кеткен асыл қасиеттер негізінде жырға қосып, сол арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, тазалыққа, адалдық пен білімділікке шақырады. Ақын мұны былай жеткізеді:
Адал жүріп, анық бас,
Біреудің алма инесін.
Озбырлық қылып, зорлықшыл,
Кесірің жұртқа тимесін.
ХІХ ғасырдың өн бойында дүниеге келген шығармалар ұлттың болмысын, рухани танымын, салт-дәстүрін көбірек сөз етті. Тақырыптары да осы мазмұнда қазақы ұстанымдарды насихаттауды негізге алды. Сонымен қатар Ислам дінінің амалдарына да ерекше ден қойған қалам иелері де көп көрінді. Олар барынша қазақ болмысындағы руханиаттың орнын, дүниелік амалдардағы рөлін, танымдық сипатын ашуға тырысты. Мұндай шығармаларда қасиетті Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерін келтірді. Бұл мүмкін сол кезде қалыптасқан дағды болар, оларсыз шығарманың мәні болмайтындай көрінген шығар. Кезінде Абай Құнанбайұлының «Әуелі аят-хадіс сөздің басы, Қосарлы бәйітсамал келді арасы» дейтін өлең жолдары осыны аңғартса керек. Әрі қарай сөздің көркін келтіретіндей етіп «Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы», -деп келтіреді.
...