Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы туған өлке табиғатының көрінісі

Автор:   •  Апрель 8, 2025  •  Творческая работа  •  1,291 Слов (6 Страниц)  •  171 Просмотры

Страница 1 из 6

Зерттеу жұмысы

Тақырыбы:

Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы туған өлке табиғатының көрінісі                                                            

   

  Әбіш Кекілбайұлы өз шығармаларында туған жерімізді, жер жәннаты - Маңғыстау өлкесін, жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын, жануарлар әлемін және тарихи айқастарда жердің бейнесін шебер тілмен суреттейді.

“Туған жерге барғанда”,“Жер-ананың мен сүйікті перзенті”,

“Жол жыры”, “Гүл дүкені”,“Туған жер”өлеңдерінде алтын бесігі – ауылын, оның күл-шаңын ерекше шеберлікпен суреттейді.

Өстім қырда, қиырда,

Естімей орман шуылын.

Жүзімді қақтап құйынға,

 Селеудің тыңдап суылын.

Теңізден шетпін бұрқақты,

Тәнімді толқын көмбеді.

Сусай қалсам, су тарттым

Шыңыраудан шөлдегі. (“Туған жер”, Ә. Кекілбайұлы «12 томдық шығармалар жинағы», 6-том, 52-бет)

“Жер-ананың мен сүйікті перзенті” өлеңінде:

Жер - ананың мен сүйікті перзенті,
Осалсың деп айта алады маған кім?!
Менің ізім - жердің бүкіл келбеті,
Ажарымын дүниенің, адамымын!

“Жол жыры” өлеңінде:

Ел аралап, жаз болса, бастан аяқ,
Кетемін, үй күшік боп отырамын ба,
Қалада, тыныш үйде, костюм аяп,
Былғамай туған жердің топырағына.

“Гүл дүкені” туындысында кең байтақ даланың гүлдерін суреттейді.

Қыз бен жігіт, сәби, жасы, кәрісі -                                                              

Бәрі осында ертелі - кеш келеді.
Қызыл, ағы, көгілдірі, сарысы -
Туған жердің гүлі неткен көп еді. ( Ә. Кекілбайұлы «12 томдық шығ. жинағы», 6-том,

50-бет)

Өлкеміздің мақтанышы, су маржаны –Каспий теңізін “Теңіз жағасындағы ой”, “Шағала”өлеңдерінде тамаша бейнелейді.

Мекен етіп көкшіл теңіз, көкшіл аспан ортасын,
Тұрмын басып құзар таудың қына басқан жартасын.
Төменде мың иретіліп бұрқыраса көк толқын,
Төбемде шың шуақтайды күнге тосып арқасын. ( Ә.Кекілбайұлы «12 томдық шығ. жинағы», 6-том, 14-бет)

Көк толқын көк айдында кілкіп, қалқып,
Қайықты мазалайды түртіп, тарпып.
Сүйкеніп жөңкіп кейін шегінеді
Жағаның жағасынан сілкіп, тартып. ( Ә.Кекілбайұлы «12 томдық шығ. жинағы», 6-том, 18-бет)

Өлкеміздің су қоймасы Ақжайық өзенін“Ақжайық”өлеңінде жырлаған.

Ақ жайық қырды шөп шөп сүйіп алып,

Жатады жабырқаңқы бұйығы ағып.

Айдыны жаутаңдайды, мөлтеңдейді

Көз жасын қара жердің құйып алып. ( Ә.Кекілбайұлы «12 томдық шығ. жинағы», 6-том,

5-бет)

Ал «Ақын» шығармасында тау, тас, бұлақ, құмды шебер суреттейді:

Көзім бар күнді құйып алатындай,

Сөзім бар өткен күшке өңгерілмей.

Нәп нәзік көбелектің қанатындай,

Қап қатты қаршығаның шеңгеліндей. ( Ә.Кекілбайұлы «12 томдық шығ. жинағы», 6-том, 17-бет)                                                              

Табиғаттың жылдың әр мезгілінде өзгеруін, жазғы таңның атқанын “Жазғы күн шапағын”

Жазғы күн шапағын
Өшірді. Түн келді.
Қап - қара шапанын,
Дүние бүркенді.
Алыстан жарқырап,
Көк айдын көлбейді.
Қорқақ ши қалтырап,
Қоға бас тербейді,

ал қыс келбетін “Қыстағы ой” туындысы арқылы тамаша жеткізеді:

Қабаған аяз сықылдап,
Бетімнен алып тістеді.
Дәурені өтіп жатыр бақ
Тұнжыратты қыс мені. ( Ә.Кекілбайұлы «12 томдық шығ. жинағы», 6-том, 13-бет)

 “Алматыда, күзгі күні, бульварда” өлеңінде алтын күздің көрінісін суреттейді:

Күз келіпті - ау... Маңай түгел сап - сары,
Жадап - жүдеп қалған екен бақ тағы.
Қоңыр қаздың қаңқылдаған дауысы
Қайта - қайта "қош сау бол" деп қақсады. ( Ә.Кекілбайұлы «12 томдық шығ. жинағы»,

6-том, 55-бет)

Табиғат құбылыстарын, ауа райының өзгеруін, қарт Алатауды “Аласарып, кетердей көп қой қауып” өлеңі арқылы жеткізеді:

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (120.2 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club