Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі қазақ қызының сымбаты
Автор: Ahberdieva Saltanat • Сентябрь 11, 2022 • Научная работа • 1,778 Слов (8 Страниц) • 998 Просмотры
Ғылыми жоба : Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі қазақ қызының сымбаты
Зерттеу жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда қыз балалардың тәрбиесінің деңгейі түсіп барады және жастар ұлттық рухани құндылығымызды ұмытып қалуы мүмкін. Қазақ жәдігерлерінің ұрпақтан –ұрпаққа жетуіне қыз балалардың тигізер септігі ерекше .Сондықтан Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі арқылы қыз баланың сыртты келбеті мен ішкі жан дүниесі әдемі үйлесе білу керектігін ашып көрсету.
Мақсаты:
- Мағжанның «Шолпы» өлеңіндегі қыздың сымбатын ашу;
- Көне әшекей бұйымдарды насихаттау;
- Қазіргі таңда қазақ қыздарының бойына ұлттық рухани құндылықтарымызды сіңірту;
Міндеті:
- Қазіргі қазақ қызы қандай болу керек? Сұрақ-жауап жүргізу
- Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
- Абай Құнанбайұлының «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңімен салыстыру.
- Көне бұйым шолпының қолдану ерекшелігін түсіндіру.
Зерттеу жобаның практикалық қолдану салалары: Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында, тарих, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу әдісі:
- Іздену
-Талдау
-Салыстыру
-Жинақтау
Болжам: Мағжан Жұмабаевтың “Шолпы” өлеңі арқылы әшекей бұйымдар мен қыздың бойындағы жақсы қасиеттерді насихаттасақ, қазіргі таңда бұрымды
да , ибалы қыздарымыздың көбеюіне жол ашар едік. Әшекей бұйымдарымызды жаңғыртып, заман талабына сай қолданар едік.
Нәтижесі мен қорытындысы:
- Қазақ қызына тән ерекшеліктерді тану.
- Шолпының сыңғырынан ақынның іңкәр сезімін түсіну.
- Шолпы тағудағы ерекшелікке аса назар аудару.
- Қазіргі қыз балалардың өсіп жетілуінде ішкі және сыртқы бітімнің үйлесімін білу.
- Өлеңде қазақ қызының бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпының дыбысына көңіл бөліп, ұлттық сананың тазалығын,сезімнің пәктігін,жүректің ақтығын көру.
І.Кіріспе
Төгілген шашы,
Қиылған қасы,
Керілген маңдайда.
Тістері меруерт,
Бейне қар – мамық ет,
Кез келсең мұндайға.
Жалындап күйіп,
Бір ғана сүйіп,
Өлсең де болмай ма?- деп Мағжан Бекенұлы қазақ қыздарына жоғары баға беріп, көптеген өлеңдер жазды. Ақынның өлеңдеріне арқау болған қазақ қызы мен қазіргі заман қыздарын салыстыруға келе ме? деген ой мені мазалады. Осы орайда мен бойжеткендер мен жасөспірімдер арасында сауалнама жүргіздім.
1 - сауал. ХХІ ғасырдағы қазақ қызын бұрынғы қазақы тәрбиемен тәрбиелеуге қалай қарайсыз, сіздің түсінігіңізде ХХІ ғасырдағы қазақ қызы қандай болуы керек?
2 - сауал. Бүгінгі қазақ қызы қалай киінуі керек деп ойлайсыз?
Жанерке, оқушы 15 жаста.
1. Мен үшін үлкендерше пайымдау қиын болар, сонда да өз пікірімді білдіріп көрейін. «Ана көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар» деп аталарымыз бекер айтпаған болар, сондықтан тәрбиелі болғанға не жетсін. Біздің кез келген білместігіміз анамызға сын, сол себепті де анама сөз келтіргім келмейді.
2. Қай елде болмасын жарасымды киіне білген жөн. Осы сәнде екен деп шектен шығудың керегі жоқ. Қазақ қызына ашық-шашық жүру мен әлеміш бояу жараса бермейді, тартымсыз көрінеді.
Салтанат, студент, 18 жаста.
1. Иә, менің ойымша қазақы тәрбие алу дұрыс. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтылмаса керек. Қыздарымыздың санасына кішкентай күнінен бастап рухани құндылықтарды сіңіргеніміз дұрыс. Қазір Европаға еліктеу кең етек алған заманда, жастардың соның ішінде ертеңгі ана болатын қыздарымыздың рухани жұтаңдануына жол бермеуіміз керек. Сондықтан да ХХІ ғасырдағы қазақ қызы жан-жақты білімді, тәрбиелі, иманды болғаны дұрыс.
2. Өз дене бітіміне сай, ыңғайлы, жарасымды киінгені жөн. Батыстың мәдениетіне еліктеп тым ашық, жұтаң киінуіне қарсымын.
Динара, жас маман 23 жаста
1. Қ.Мырзалиевтің «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» деген сөзі бар, осындай көңіліңе жақын қыз тәрбиелеп өсіру әрбір ата-ана, әулеттің ғана емес мемлекет пен қоғамның да міндеті. Біздің аналарымыз алған тәрбиені бүгінгі қыздардан іздеу орынсыз деп ойлаймын. Өйткені қазір шеше тәрбиесінен гөрі көше тәрбиесі басымырақ. Қазір аяқ бассаң болды кілең арзан сөзден құрылған мәнсіз, мағынасыз өлеңдер, дүңкілдеген әуен, оңай пайда табуға тырысқан, қиындықтан қашқан, кіндігін ашқан жастар. Десек те осындай жастарды жолға салу үшін бұрынғы қазақы тәрбие керек-ақ деп ойлаймын. Алайда жастарды кінәлауға да болмайды, себебі бүгінгі аналардың көбі жұмысбастылыққа салынып бала тәрбиесін ақсатып алған.
2. Қазір корей, түрік фильмдеріне еліктеп киіну жиі кездеседі. Парсылар қыздарын аяғын айқастырып отырғаны үлкен әбестік саналы, сол үшін оларды полицейлер дүрелейді екен деп естігенім бар еді, мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Әрине, бұлайша қатал жазалау дұрыс та болмас, дегенмен қыздарымыздың кіндігін ашып, қысқа киім киюдің ұят қана емес денсаулыққа зиянды екенін де ескергені дұрыс.
Осы сұрақ-жауаптардан кейін,қыздың әдемі,биязы,сыпайы,көркем,дені сау болуы оның алған тәрбиесіне байланысты екен деп түйдім.Ал тәрбиенің бір бұтағы– қазақ қызының киген киімдері мен әшекейінің құпиясында сақталыпты.Ұлттық киімдерін айқындай түсетін зергерлік әшекейлер қыздардың көркіне көрік қосқанын жақсы білеміз. Алайда зергерлік бұйымдардың әдеміліктен басқа да, сан алуан атқаратын қызметін біле бермейміз.
...