Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мағжан Жұмабаев

Автор:   •  Март 30, 2019  •  Реферат  •  2,409 Слов (10 Страниц)  •  1,982 Просмотры

Страница 1 из 10

                РЕФЕРАТ

        Пәні: Этнопедагогика

        Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

Орындаған: Дәуренбек Әнел        

Тексерген: Мукутова Жупар Калиевна        

Көкшетау 2019 ж

Жоспар:

Кіріспе

  1. Мағжан Жұмабаев - тарихи тұлғалардың жарқын жұлдызы.

Негізгі бөлімі

  1. Өміріне шолу.
  2. Мағжан лирикасы және поэзиясы.
  3. Оның еңбектері.

Қорытынды


«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі».

М. Əуезов

Мағжан Жұмабаев – Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның өлеңдері, әңгімелері халық үнін білдіретін және тарихтың көздері мен бұрылыс нүктелеріне сілтеме жасап, үлкен қайғылы сипатталады. Ол – қазақ поэзиясының шолпан жұлдызы. Мағжан артына өшпес рухани мол мұра, мәңгі өлмес ескерткіш қалдырып кеткен. Қаншама уақыт өтіп кетсе де оның есімін, шығармаларын атай алмай келген адам жоқ.

«Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің рөлі қандай болса, қазақ халқы үшін Мағжанның рөлі сондай» – деп әдебиеттанушы, шығыстанушы, Ұлттық археолог Әлкей Марғұлан өзінің айырымас досы туралы айтып кеткен.

Мағжан Жұмабаев  –  қазақ  халқының  тәуелсіздігі  үшін аянбай  тер  төккен  Алаштың  қайраткер  ұлдарының  бірі,  өткір жалынға  толы  өлеңдерімен  ұлттың  жанын тербеген.

Туған жері – бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы). 1893 жылы 25 маусымда Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан. Үлкен атасы Қажы аталған Жұмабай болса, өз әкесі Бекен (Бекмағанбет) де елге беделді, ауқатты, парасатты болыс болып ел сөзін ұстанған жан. Ақынның анасы Гүлсім де жаны таза, адамға мейірімді, қарапайым қазақ әйелі болыпты.

Мағжанның әкесі мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балаларының оқуына қамқорлық жасаған. Бұл жерде Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіт мұғалім болып істеген. Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашып, хат таныпты. Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысты.

1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Қолына түскен араб, фарси, түрік әдебиеттерін оқыды. Сол мезгілде Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Оқуға зерек білімге, білмекке ынталы Мағжан баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазады. Өзінің «Алтын хакім Абайға» өлеңінде Мағжан:

«Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес»

                                                        («Алтын хакім Абайға» 1909 ж)

– дей келіп, ай өтер, жыл өтер, дүние көшін тартып кете берер, ал ел-жұрттың көзін ашықан Абай қадірі артып, қасиеті халқың ұққан үстіне ұға түсіруі деп түйіндеуі – кемеңгер Абайдың қайталанбас талантына бас июі туралы жазады.

1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы білім беру дәрежесі Жоғары діни оқу орнымен пара-пар «Ғалия» медресесінде білім алды. Сонда жүріп әдебиетке деген құштарлық оянып, ақындық өнерге көзқарасы қалыптаса бастайды. Онда татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен дәріс алып, оның қамқорлығына түседі, белгілі қайраткер Сәлімгерей Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.

1912 жылы Ибрагимовтың көмегімен жас Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Мағжан шынайы ақыдықа алған білімінің аздық етерін сезіп, орысша үйренуге талаптанады. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горький, Гёте, тағы да басқа Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыз игілігіне айналдырған. Ибрагимовтың ақыл-кеңесімен Мағжан 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Омбыда өткен жылдары Мағжан «Бірлік» қоғамын құруға белсенді қатысып, «Балапан» журналын редакциялады.

...

Скачать:   txt (32.1 Kb)   pdf (134.8 Kb)   docx (22.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club