Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттарын талдау

Автор:   •  Май 27, 2022  •  Контрольная работа  •  1,173 Слов (5 Страниц)  •  984 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»

                          [pic 1]

         

            СӨЖ-1

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттарын талдау

                                                         

                                                           

                                                     Мамандық: 6В01505-«Физика-информатика»  

                                                     Курс: 2

                                                     Орындаған:Әмзебек Сымбат Ғалымжанқызы

                                                     Қабылдаған:Икрамова Анар Шаншархановна                    

                                         

                                               

                                                 

                                                    2022 ж.

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттарын талдау

Қазақтың көрнекті лирик ақыны, аудармашы, әрі ұстаз-ғалымы Мағжан Жұмабаев көзі тірісінде оқытушы қызметінде жүріп, алғашқы педагогикалық оқулықтар жазып қалдырған. Солардың бірі де бірегейі, 1922 жылдың 22 қыркүйегінде жарық көрген, он бес бөлімнен тұратын «Педагогика» оқулығы. Бұл оқулықты жазуда Мағжан Жұмабаев орыс, батыс педагогтері еңбектерін зерттей отырып, оны ұлттық тәрбиемен ұштастырып жазған. Осы жөнінде ғалым өзі: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым…»-, дейді. Сондай-ақ, ол уақыт кезеңінде қазақша педагогикалық терминдер өте аз болғандықтан, М. Жұмабаев орысша терминдерді қазақ тіліне аударып, қолданысқа енгізген.

Мағжан Жұмабаев – өзінің кез келген замандастарының, ізбасарларының және ізашарларының арасында жан-жақтылығымен, терең ойлылығымен ерекшелене білген педагог.  

«Педагогика» ғылыми еңбегінде Мағжан Жұмабаев тәрбиенің негізгі төрт бағытын бөліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беріп өткен. Яғни, Жұмабаев бойынша :

1. Ақыл тәрбиесі,

2. Құлық тәрбиесі,

3. Сұлулық тәрбиесі,

4. Дене тәрбиесі,

-  педагогикадағы тәрбиенің негізгі бағыттары болып саналады.

Ақыл тәрбиесі балаға дұрыс берілсе, онда бала дұрыс ойлайтын, ақылмен шешетін, мәселе шешімін нақ табатын болса, Құлық тәрбиесінде жамандықтан қашып, жақсылықпен жолдас болуды жаны қалап тұратын болады. Сол секілді, Сұлулық тәрбиесін сіңірген бала әсем сөз, сиқырлы үн, көрнекі бейнелерден жан рақатын тауып, жан толқытар болса, Дене тәрбиесі ыстық пен ызғар, аштық, жалаңаштықта төзімді етеді. М. Жұмабаев осы төрт бағытты адам баласы өз бойына жиғанда ғана дұрыс тәрбие алып, шын адам болғаны деп санайды. Әрі «Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» ,- деп кеңес береді. Уақыт талабына сай тұлғаны құра отырып М.Жұмабаев білім берудің мақсатын айқындады. Білім беру бағыты бойынша авторлық бағдарлама туған халқының бай мұрасын мақсат тұтты. «Бағзы заманнан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi”», – деп жазды.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (109.4 Kb)   docx (37.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club