Кірме сөздер
Автор: Assyl9595 • Май 4, 2018 • Реферат • 1,698 Слов (7 Страниц) • 1,327 Просмотры
Ғалымдар қазақ тілінің сөздік құрамына күншығыс елдерінің тілдерінен ауысып келген сөздерді үш салаға бөліп қарайды:
а) Араб – Иран тілдерінен енген сөздер.
б) Моңғол тілдерінен енген сөздер
в) Моңғол және түрік тілдеріне ортақ сөздер.
Араб-иран тілдерінен қазақ тіліне ауысқан ортақ лексика я сол тілдердің тікелей қарым-қатынасының әсерінен немесе Орта Азия халықтарының, оның ішінде, әсіресе тәжік, өзбек тілдері арқылы ауысқан. Қазақ тіліне араб-иран сөздері, көбінесе орта ғасыр тұсында Орта Азия ғылымының, мәдениетінің көтерілуіне байланысты сол елдің атақты классиктерінің шығармалары арқылы енген ХI ғасырдағы Махмут Қашкари сөздігінде көне түрік сөздері қамтылған. Ол: «Сол себепті түрік тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді. Түрік, түркімен, оғыз, жігіл, яғма, қырқыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым» - дейді3. Сондай-ақ, көне түрік тілдеріне араб-иран сөздерінің енуіне, ескі араб жазуы да жағдай туғызған. Бұл кездерде қазақ даласында түркі тілдеріндегі түрлі тілдерді қолданған Ұйғыр тілдері 24 әріптен тұратын жазуды пайдаланған. Олардың өзара сөйлейтін тағы бір тілдік тәсілі де болған. Сахара, қыр халықтарынан шыққан жомұлдардың тілдері де өз алдына жеке тіл болған. Қай, ябақұ, татар, басмыл ұсақ тайпалардың да тілдері бар. Бірақ, олар түркі тілін ертеден білген. Бұлардың ішінде Қырқыз, қыпшақ, оғыз, тохсиф, чігіл, оғрақ, жарұқ тайпалары тек түрік тілімен ғана сөйлеген. Махмұт Қашқари: «Рұм өлкесінің жаңындағы бұлғар, суер, бажанақтардың тілдеріндегі сөздердің соңы ықшамдалған. Түрікшенің бір түрі» - дейді1. Олай болса, бұлғар (Болгар) тілі түрікше болып, содан бері орыс елдеріне түркі тілі барынша сіңіп, орыстанып кететіні заңдылық болса керек.
Ахмет Байтұрсынов: «Түркі жұртының 90 пайызы баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келді» - дегеніндей2 араб-парсы сөздері тілімізге дендеп еніп, әдет-ғұрып, салт-санамыздан берік орын алып, кейбірі төл сөз есебінде болып кетті. (Пайыз-деп жазып отырған-автор). М. Қашқари парсы тілінің енуіне қарсы болды3. Бірақ, заман ағымына байланысты араб - парсы тілі өзінің дегеніне жетті.
Кірме сөздерді Х. Досмұхаметов «жат сөздер» - деп атаған да мынандай сөздерден мысал келтірген: қала, молда, шілде, амал, айып, әділ, әлім, илаж, өмір, ар, құрбан, әкім, аспан, дұспан, заңғар, құн, береке, патса, дастарқан, сабын, бедек, Асан, Үсен, Сәмеке, Шайбақ, Сидақ, Мәмбет, Мәделі, әзіл, масқара, дәулет, апат, есеп, шынжыр, несібе, серт, әсет, ақырап, жеді, дүйсенбі4.
Сол сияқты Х.Досмұхамедұлы «Тілімізге жат сөздер екі жақтан кіріп жатыр. Бірі - араб сөзі, парсы сөздері, ордаға оқығандар арқылы» - деп, жат сөздердің көптен енуіне қарсы болды5. Сол сияқты қазақ тілінің сингармонизм заңына байланысты өзгерген сөздерді атап өтеді. Мысалы, Мәделі деген сөз Махмудали дегеннен, бейсенбі деген деген сөз пажшанбе дегеннен, Абдолла деген сөз Ғабдолла деген сөздерден шыққандығын көрсетеді6. Ал, «жапатармағай» деген сөз арабтың (жамхан - туран - мағжан бәрі бірге ұмытылу) деген мағынаны білдіреді де бірнеше жай сөздің бірігуінен жасалған қазақ сингармонизміне бейімделген сөз екендігін жазады7. Л.З.Рустемов араб - парсы сөздерінің қазақ тіліне ену кезендерін шартты түрде екіге бөледі. а) ХV ғасырға дейін ә) ХV ғасырдан бастап. Ұлы Октябрь Социалистік революциясына дейінгі кезең (79-80 беттер)8. Бұл орайда кітабында келтірген 10237 сөзі бар текстегі (мәтіндегі - автор) араб-парсы сөздерінің саны 1517. яғни 14,9 (пайыз-автор) екенін көрсетеді9. Араб-парсы сөздеріне қатысты Н.Оңдасыновтың «Арабша - қазақша сөздігін» де атап өткен орынды деп есептейміз. Осындай құнды еңбек тілдің тарихи кезеңін жүру барысында көрсететін бірден - бір дерек көзі болып табылады. Араб-парсы сөздерінің қазақ тілі заңдылығына бейімделіп, бейімделмей-ақ
...