Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кірме сөздер

Автор:   •  Апрель 4, 2020  •  Реферат  •  2,542 Слов (11 Страниц)  •  900 Просмотры

Страница 1 из 11

КІРМЕ СӨЗДЕР

Адамдар қоғам болып өмір сүрген соң бір-бірімен етене араласады. Дүниеде таза тіл деген ұғым жоқ. Өркениеті мықтап дамыған, мәдениеті, әдебиеті қарыштап өскен қай елді алсақ та  олардың ұлттық тілдерінде кірме элемент ұшыраспай тұрмайды.

Тілдің сөздік құрамының толығуы тек сол тілдің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана болып қоймайды.Сонымен қатар өзінде жоқты өзгеден алу арқылы да толығады.

Өздерін білесіндер  біздің түркі халықтарымен байланыс өте ерте кезден басталған. АО мен Киев Русінің (ұлыс) байланыстарын тарихтан білеміз. Половецтер (қыпшақ-оғыздар) әлсін-әлсін орыстардың княздіктеріне шабуыл жасап отырған. АО-ға орыстар түгелдей бағынған. Орыстар АО  салық төлеп отырған. Тіпті өз патшаларын сайлау үшін міндетті түрде АО мемлекеті хандарының  ррұқсатын алып отырған.

  Қазіргі жаһандану заманында дүниежүзілік тілге айналып тұрған ағылшын тілінің өзіндік төл сөзі бар болғаны 30 пайызды құрайды екен. Қалған 70 пайыз кірме сөздер. Оның ішінде француз, португал, италян, румын, латын, орыс, араб т.б. халықтардың  сөздері бар. Орыс тіліне 10 000 (он мың) аса түркі сөздері еніп кеткен. Ислам діні дәуірлеп тұрған заманда араб сөздері парсы тілінде 80 пайызға жеткен. Қазірдің өзінде парсы тілінде араб сөздері 60 пайызды құрайды. Демек,   дүниежүзінде сөз ауыспаған   бірде-бір тілді таба алмайсыз.  Сол сияқты қазақ тілінде де  кірме сөздер едәуір дәрежеде  кездеседі. Бірақ олардың біраз бөлегін қай тілден енгенін ажырата алмаймыз. Мысалға, заң, лағман, манты жамбы сөздерінің қытай тілінен, матрос, рейс, рейд сөздерінің голланд тілінен, ария, опера, бензин сөздерінің италян тілінен, рельс, футбол, департамент сөздерінің ағылшын тілінен, сәтен, драп, костюм, марш сөздерінің француз тілінен, студент, республика, декан, цирк, ректорат, делегат сөздерінің латын тілінен, эпос, олимпиада, гипс, диалект сөздерінің грек тілінен, перде, қант, шекер, леген, базар, дүкен, есеп-қисап сөздерінің араб-парсы тілдерінен енгендігін біле бермейміз. Кірме сөздер жүйесі бөлек тілдерден де,  жүйесі бір тілдерден де ене береді. Мысалға, моңғол тілінің қазақ тілімен жүйесі бір, ал орыс, араб-парсы тілдерінің  жүйесі бөлек.  Тілімізге басқа тілдерге қарағанда осы үш тілден көптеген сөздер енген. Бірақ сөз ауысу біржақты ғана болып қоймай, екі жақты да болып отырған. Ғ. Мұсабаев пікірінше, иран тілдеріне аң атаулары, құс атауларының көпшілігі түркі тілдерінен енген. Араб-парсы тілдеріндегі: ата, құрылтай,қарға, сұңқар, аю, арыстан, қамшы т.б. сөздердің түркі тілінен а уысқан. Орыс тіліне де түркілерден біраз сөздер ауысқан: айран, очаг, тюбетейка, табун, тамгасияқты біршама т.б. сөздер ауысқан. Н. Дмитриевтің айтуынша. Түркі тілдерінің ықпалы славян тілдерінің грамматикасын, фонетикасына, жалпы тілдік жүйесіне күшті ықпал еткен [о тюркских элементах русского словаря. Лексикографический сборник. 1958г. Стр. 3-33.]

 Сондықтан осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.

Моңғол тілінен енген сөздер.

Тілімізге моңғол тілінен Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін де, кейін де сан алуан сөздер енген. Шапқыншылыққа дейін енген сөздер тілімізге әбден сіңісіп, төл сөзімізге айналып кеткен. Оларды ажырату өте қиын.

Қалиев, Болғанбаев: Кірме сөздер негізінен ел билеу, әкімшілікке қатысты енген: ұлыс, нөкер,  жасақ, ноян, аймақ, жарлық қатонқарағай, зайсан, Қорғалжын т.б.

Екеуіне ортақ сөздер көп.Кайсысына кімнен ауысты дейтіндей ажыратуға келмейді.екі тілде де тең дәрежеде қолданылатын сөздер: малшы, домбыра, жаспар, ала, тентек, құдағи, әбдіре т.б.

Бұл туралы этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов, орыстың Владимирцов, Катанов, Санжеев сияқты ғалымдары да түптің түбінде бір негізді тіл деген пкірде.  Біздің заманымыздан көп бұрын Алтай дәуіріне барып тіреледі дейді.

Хасен Қожахметов те пікірін келтіру.

 Бірақ ғалымдар моңғол сөзі, әлде қазақ сөзі  екендігін ажыратудың  мынадай жолдарын ұсынады [].

  1. Егер даулы сөз  моңғолдың көне жазбаларында ұшырап, түркі жазбаларында ұшырамаса, сол тілдікі  болып есептеледі.
  2. Кірме сөз екінші тілге енгеннен кейін төл тілде бар ескі сөзбен синонимдік қатар құрайды. Ал өз тілінде синонимдік қатар жасай алмайды.
  3. Даулы сөз қай елдің фразеологизмінде ұшыраса сол елдің төл сөзі болып есептеледі.
  4. Сондай-ақ қай тілде көп мағыналы болса сол тілдің сөзі болып есептеледі.
  5. Төл сөз қашанда жаңа сөз жасауға қабілетті болып келеді. Демек қай тілдікі екенін  сөз жасау қабілетіне қарай да айқындауға болады.

Даулы сөзді анықтаудың бұдан да басқа да жолдары бар.

      Мына сөздер:,  мал, сал (суға сал ағызу), бал (араның балы), көк (заттың түсі), төл (малдың төлі), лай (батпақ), күрең (жылқының түсі), батыр, алып (ірі), бүлдірге (қамшының ілгіші) т.б.  моңғол тілінен ежелгі дәуірлерде енген   болып есептеледі.  

...

Скачать:   txt (31.7 Kb)   pdf (176 Kb)   docx (19.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club