Жергілікті диалек сөздер мен жаргон сөздер
Автор: stamkulbatyrkhan • Октябрь 14, 2021 • Практическая работа • 848 Слов (4 Страниц) • 479 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Орындаған: Ілиясова Сымбат
Қф-204 топ студенті
Тексерген: Жусанбаева С
Алматы, 2021
Сабақ жоспары
Күні: 18.10.2021ж
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 8 cынып
Пән мұғалімі: Ілиясова Сымбат
Сабақтың тақырыбы: Жергілікті диалек сөздер мен жаргон сөздер
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларды әдемі сөйлеуге дағдыландыру, “паразит сөз” саналатын жаргон сөздерден арылуға көмектесу. Сонымен қатар, ой-өрісін дамыту.Оқушыларды тек сабақпен ғана байланыстырмай, өмірлік тәрбие беру,ана тілін құрметтеуге шақыру.
Сабақ көрнекілігі:слайд, диафильм сурет, сызбалар,кесте, сергіту видеолары.
Сабақ жабдағы: тақта, интербелсенді тақта, бор, плакаттар, фломастерлер,фотосуреті бар парақтар, газет-журналдар, түрлі түсті шляпалар.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру,топқа бөлу; сұрақ-жауап, ой туғызы, хабарлау,тексеру
Сабақ барысы (жүрісі, құрылымы).
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру, түгелдеу.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
в) Оқушыларды алты топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау әдісі.
а) Үй тапсырмасын жұптастырып тексерту. Яғни екі оқушы бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді. Дұрыс жауабын мұғалім айтып тұрады. Және бір-бірін “ 4” балдық жүйемен бағалайды.
б) Ширату кезеңі. Оқушылардан алдын ала дайындалған логикалық тест алу
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты алдын ала дайындалған слайдпен балаларға жан-жақты түсіндіру.Жаңа тақырып “қарама- қайшылық” әдісі бойынша түсіндіріледі. Яғни жергілікті диалек сөздер мен жаргон сөздердің қоғамға әсерін оқушының екі жақты ойлауына түрті болу.Пайдалы және зиян тұстарын саралай білуге дағдыландыру керек.
...