Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кірме сөздер

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Доклад  •  2,098 Слов (9 Страниц)  •  584 Просмотры

Страница 1 из 9

Кірме сөздер

Адамдар қоғам болып өмір сүрген соң бір-бірімен етене

араласады. Дүниеде таза тіл деген ұғым жок. Өркениеті мықтап

дамыған, мәдениеті, әдебиеті қарыштап өскен қай елді алсақ та

олардың ұлттық тілдерінде кірме элемент ұшыраспай тұрмайды.

Тілдің сөздік құрамының толығуы тек сол тілдің ішкі мүм-

кіншіліктері арқылы ғана болып қоймайды. Сонымен қатар

өзінде жоқты өзгеден алуарқылы да толығады.

Қазіргі жаһандану заманында дүниежүзілік тілге айналып

тұрған ағылшын тілінің өзіндік төл сөзі бар болғаны 30 пайызды

құрайды екен. Қалған 70 пайыз кірме сөздер. Оның ішінде фран-

цуз, португал, италян, румын, латын, орыс, араб, т.б. халықтар-

дың сөздері бар. Орыс тіліне 10 000-нан (он мын) аса түркі сөз-

дері еніп кеткен. Ислам діні дәуірлеп тұрған заманда арабасөзде-

рі парсы тілінде 80 пайызға жеткен. Қазірдің өзінде парсы тілін-

де араб сөздері 60 пайызды құрайды. Демек, дүниежүзінде сөз

ауыспаған бірде-бір тілді таба алмайсыз. Сол сияқты қазақ тілін-

де де кірме сөздер едәуір дәрежеде кездеседі. Бірақ олардың

біраз бөлегін қай тілден енгенін ажырата алмаймыз. Мысалы,

заң, лагман, манты, жамбы сөздерінің қытай тілінен, матрос,

рейс, рейд сөздерінің голланд тілінен, ария, опера, бензин сөзде-

рінің италян тілінен, рельс, футбол, департамент сөздерінің

ағылшын тілінен, сәтен, драп, костюм, марш сөздерінің фран-

цуз тілінен, студент, республика, декан, цирк, ректорат, деле-

гат сөздерінің латын тілінен, эпос, олимпиада, гипс, диалект

сөздерінің грек тілінен, перде, қант, шекер, леген, базар, дүкен,

есеп-қисап сөздерінің араб-парсы тілдерінен енгендігін біле бер-

мейміз. Кірме сөздер жүйесі бөлек тілдерден де, жүйесі бір тіл-

ли ене береді. Мысалы. монғол тілінін казак тілімен жүйесі бір, ал орыс, араб-парсы тілдерінің жүйесі бөлек. Тіліміз-

ге басқа тілдерге қарағанда осы үш тілден көптеген сөздер ен-

ген. Бірақ сөз ауысу біржақты ғана болып қоймай, екі жақты да

болып отырған. Ғ Мұсабаев пікірінше, иран тілдеріне аң атау-

лары, кұс атауларының көпшілігі түркі тілдерінен енген. Араб-

парсы тілдеріндегі: ата, құрылтай, қарға, сұңқар, аю, арыстан,

қамшы, т.б. сөздер түркі тілінен ауысқан. Орыс тіліне де түркі-

лерден мыңдаған сөздер ауыскан: айран, очаг, тюбетейка, табун,

тамга сияқты сан алуан сөздер сіңіскен. Н. Дмитриевтің айтуын-

ша, түркі тілдерінің ықпалы славян тілдерінің грамматикасына,

фонетикасына, жалпы тілдік жүйесіне күшті ықпал еткен.

Осылардын әрқайсысына жеке-жеке тоқталалық.

Моңгол тілінен енген сөздер

Тілімізге моңғол тілінен Шыңғыс хан шапқыншылығына де-

йін де, кейін де сан алуан сөздер енген. Шапқыншылыққа дейін

енген сөздер тілімізге әбден сіңісіп, төл сөзімізге айналып кетті.

Оларды ажырату өте қиын.

Екі тілде де тең дәрежеде қолданылатын, ортақ сөздер көп.

Кайсысына кімнен ауысты деуге келмейді. Мысалы: малшы,

домбыра, жаспар, ала, тентек, құдағи, әбдіре, т.б.

Ш. Уәлиханов, Б.Я. Владимирцов, Г.Д. Санжеев сияқты

ғалымдар да түркі және моңғол тілдерін түптің түбінде бір негіз-

ді тіл деген пікірде. Тарихы біздін заманымыздан көп бұрын

Алтай дәуіріне барып тіреледі дегенді айтады.

Жалпы алғанда ғалымдар монғол сөзі, әлде қазақ сөзі екен-

дігін ажыратудың мынадай жолдарын ұсынады.

1. Егер даулы сөз моңғолдың көне жазбаларында ұшырап,

түркі жазбаларында ұшырамаса, сол тілдікі болып есептеледі.

2. Кірме сөз екінші тілге енгеннен кейін төл тілде бар ескі

сөзбен синонимдік қатар құрайды. Ал өз тілінде синонимдік катар жасай алмайды.

3. Даулы сөз қай елдің фразеологизмінде ұшырасса, сол ел-

дің төл сөзі болып есептеледі.

4. Сондай-ақ қай тілде көп мағыналы болса, сол тілдің сөзі

болып есептеледі.

5. Төл сөз қашанда жаңа сөз жасауға қабілетті болып келе-

ді. Демек қай тілдікі екенін сөз жасау қабілетіне қарай да

айқындауға болады.

136

Даулы сөзді анықтаудың бұдан да басқа да жолдары бар.

Мына сөздер: мал, сал (суға сал ағызу), бал (араның балы),

...

Скачать:   txt (30.5 Kb)   pdf (80.7 Kb)   docx (19.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club